Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет63/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Пайдаланылған әдебиеттер:

  1. Мұқанова Б, Ильясова Р.Этнопедагогика. – Астана: Фолиант, 2014 – 280 бет.

  2. Қалиева С., Молдабеков Ж., Иманбекова Б. – Астана: Фолиант, 2014 - 248 бет.

  3. Жүсіп Баласағұн «Құтты білік». – Алматы: «Жазушы», 1986 – 616 бет

III.ҚАЗІРГІ БІЛІМ БЕРУ МӘСЕЛЕЛЕРІ
III. Современные проблемы образования
III.Current problems of education


СЫН ӨНЕРІНІҢ ДАРАБОЗЫ
Сырайыл Ысқақұлы., Іле педагогикалық университетінің доценті, ф.ғ.к, Құлжа, ҚХР
Резюме
Автор статьи является гражданином Китая. По этническому происхождению –казах. В статье раскрывает ценные стороны казахской литературы, акцентируя внимание на воспитательных моментах
Summary
The author is a citizen of China. By ethnicity –Kazakh. The article reveals valuable aspects of Kazakh literature, focusing on the educational aspects
Әдебиет – ардың ісі )З. Қабдолов (.Демек, көркем әдебиетке жүктелер жүк айрықша. Әдебиет әрқайсы ұлттың болмысын, ар–намысын, рухани мәдени дәрежесін байқатар айнасы. Әдебиеттің осындай биікте көрінуіне бірден-бір жағдай жасап, жол нұсқайтын, арын арлап, жоғын жоқтап, қоғамдық сананың сын сарабынан өткізіп, таразылап отыратын- оның сыны. Нақтылай айтсақ, ұлттық әдебиет, оның ғылымы, оқырман қауым әдеби сынға дәуір талабы тұрғысынан белгілі бір дәрежеде өз аттарынан сөйлеуге өкілеттіктерін берген. Сондықтан да әдеби сынға қоғамдық өмірдің рухани әлемінде аса маңызды міндеттер жүктелген.
Сынның дәрежесі белгілі бір жақтан көркем әдебиеттің жай күйін аңғартады. Әдеби сын көркем әдебиетпен бірге пайда болып, дамиды. Дегенмен көркем әдебиетке қойылатын талаптар басқа да, сынға қойылатын талаптар басқа. Екеуінің алдына қойған мақсаты да екі түрлі. Көркем әдебиеттің басты мұраты өмір құбылыстарын көркемдік тұрғыдан игеру болып, суреткер бұл мақсатына бейнелеу тәсілдерінің түрлі формаларын пайдалану арқылы жетеді. Әдебиеттің негізгі объектісі – өмір, ал әдеби сынның негізгі мақсаты- бүгінгі күн әдебиетінде, әдеби өмірде болып жатқан жаңалықтарды, ондағы жетістіктер мен кемшіліктерді уақтылы ашып көрсету. Сондықтан да сынның тағдыры- қиын да, күрделі. Оның табиғатының күрделілігі әдеби, ғылыми, публисистикалық, жалпы әлеуметтік–мәдени сипаттарынан айқын көрінеді. Әдеби сынды көркем өнерге, әдебиет тану ғылымына, журналистикаға жатқызып жүрген түрлі пікірлердің болуы да оның осындай сан қырлы қасиеттерінен.
Әдебиеттану ғылымы – әдебиет теориясы, әдебиет тарихы және әдебиет сыны қатарлы үш саладан құралатыны әмбеге аян. Әдебиеттің көркемдік мәселелерін ғылми тұрғыдан саралап, танып ـ білуде оның теориясымен бірге сыны да маңызды қызмет атқаратыны да белгілі. Солай бола тұра бізде әдеби сынның теориялық мәселелері туралы еңбектер жоқтың қасы. Қазақ әдебиеттану ғылымында әдеби сынның ғылыми негіздері арнайы қарастырылмаған. Әдеби сынның да ғасырлар бойы даму барысында қалыптасқан Өзіндік құрылымы, даму заңдылықтары бар екені даусыз. Оларды жіті білмеу көркем әдебиетті дұрыс танып, түсінуде көптеген қиындықтарды туғызатыны хақ.
Қазақ әдеби сынының кенжелеп қалғаны жөнінде соңғы жылдары арнайы мамандар да, бұл қиын жанрдан жөнді хабары жоқтар да жиі–жиі айтып, жауыр болған тақырыпқа айналған жайы бар. Бұл бүгін ғана айтылып жүрген әңгіме емес, жазба әдебиеті пайда болғалы бері үздіксіз жалғасып келе жатқан, әлі де жалғаса беретін пікір-талас. Тіпті, дау десе де болады. Қазақ әдебиетінде де солай. Расымен әдебиеттің көркемдік мәселелерін ғылыми тұрғыдан саралап, тиянақты танып ـ білуде әдебиеттің теориясымен бірге оның сыны да аса маңызды. Солай бола тұра қазақ әдеби сынының теориялық мәселелері жайлы іргелі еңбек жоқтың қасы. Бұл саладан хабары бар, көзқарақты қауымның бірсыпырасы осылай дейді. Өкінішпен айтады.
Әдебиеттану ғылымының бір саласы ретінде сынның өз алдына оңаша отау тігіп, шаңырақ көтергеніне біраз болды. Үлкенді ـ кішілі зерттеу еңбектер, мақалалар жазылып, қанаты қатайып, бұтағын кеңге жая бастады дегенде бұл зерттеу нәтижелері көбінесе қазақ әдеби сынының тарихына қатысты меңзеп айтылған. Демек, әдеби сынның теориясына қатысты еңбектер жоқтың қасы дейтініміз сондықтан.
Қазақстанда 2001-жылы жарық көрген, сондай-ақ елімізде ұлттар баспасының 2016-жылғы жоспарына арнайы енгізіліп, таяу мезгілде баспадан шығу алдында тұрған, көрнекті әдебиеттанушы, сыншы-ғалым Дандай Ысқақұлының «сын өнері» (Алматы, «Қазақпарат» баспасы, 2001ж) атты еңбегі – біз сөз еткелі отырған сынның теориясы дейтін қиын да, күрделі салаға арналған тұңғыш теориялық еңбек.
Бұрынғы кеңестер одағы дәуіріндегі елдерде де сын теориясына арналған еңбектер жоқтың қасы екен. Сынның теориясы туралы тұрақты пікір әлі де қалыптасып болмаған. Қазақ әдебиеттану ғылымының үлкен бір саласы-әдеби көркем сынның Қазақстанда қалыптасуы туралы зерттеуші-ғалымдар ортасында әркелкі пікір бар. Кейбір зерттеушілер оның қалыптасуы 1920-1930ـ жылдардағы әдеби үрдіспен байланысты деп қарайды. Бұл кезеңде Ғ. Тоғжанов, М. Қайыпназаров, Ә. Қоңыратбаев, А. Әлібаев, Р. Уәлиахметов секілді бір топ жастар сын саласында еңбек еткен болса, бертін келе М. Қаратайев, Ә. Қоңыратбаев, Т. Нұртазин, С. Қирабаев, Н. Ғабдуллин, Ә. Байтанаев, Р. Бердібай, Т. Кәкішев, С. Әшімбаев, Б. Сарбалаев, Б. Майтанов, одан бері Т. Жұртбайев, Қ. Еркөбек, С. Жұмабеков, Т. Шапайев, т.б. ғалымдар әдеби сынның өсіп – өркендеуіне елеулі үлес қосыпты. Жалпы бұл салада қалам тартпаған ғалым – қаламгерлер сирек деп айтуға болады.
Десек те, бүгінде әдеби сын саласында маманданып, оның теориялық, методологиялық мәселелерін биік деңгейден зерттеп жүрген мамандар некен-саяқ. Мерзімді баспасөз бетінде жарық көріп жүрген шағын мақалаларды айтпасақ, эстетика заңдылықтарына табан тіреген әдеби көркем сынның озық үлгілері көп емес екен.
Қазақ әдебиетіндегі әдеби сынның жоғын жоқтап, шоғын үрлеп, қайта лаулатып жүрген бірден – бір ғалым – Дандай Ысқақұлы деп айтсақ қателеспейміз. Оның «Әдеби көркем сын» (1987), «Сын сонар» (1993), «Сын шын болсын» (1993), «Жанр» (1996), «Әдебиет өрнектері» (1996), «М. Әуезов. Талант пен тағдыр» (1997), «Сын жанрлары» (1999), «Сын өнері» (2001), «Сырбаз суреткер» (2002), «Қазақ елі, бір ауыз сөзым саған» (2004), «Әдебиет алыптары» (2004), «Сын талқы» (2005) қатарлы көлемді сыни кітаптары қазақ әдеби сынына қосылған сүбелі үлес деп қараймыз.
Шындығында да, әдеби сынның теориясы, әдеби сынның методологиясы деген тақырыптардың қазақ әдебиеттану ғылымында жолға қойылуы тікелей Дандай Ысқақұлының есімімен байланысты. Оның жуық арада еліміз оқырмандарымен жүздескелі отырған «Сын өнері» атты монографиалық зерттеу кітабы әдебиеттанудың мәселелеріне арналғанымен онда әдебиеттанудың алдағы даму арналарына жол салатын қаншама теориялық ойлар айтылады. Бұл еңбекте әдеби сынның теориялық мәселелері қазақ әдебиеттануында тұңғыш рет арнайы зерттеліп, жеке ғылым саласы ретінде негізі қаланады. Демек, сыншы ғалымдар мен сын сүйер қауымның ортасында Дандай Ысқақұлының аты ерекше аталарының бірқатар айтулы себептері бар. Ол әдеби сынның табиғатын танытып, принциптерін жүйелеп, түрлерін түстеуде алғашқыларының бірі болып қалам тартып, құнды еңбек жазды. яғни, әдеби сынның басты мұраты мен негізгі принциптерін, әдеби дамудағы орны мен үлесін, көркемдік ـ эстетикалық құндылықтарын, өзіндік сыр ـ сипаттарын кеңінен сөз етіп, әдеби сынның ғылыми негіздерін тұңғыш рет жүйелеп қарастырды. Көзі қарақты оқырман, бұл мәселелермен басқа ғалымдар айналыспады ма? деген заңды сұрақ қоюы мүмкін. Әрине, бұл саламен аса көрнекті әдебиеттануші ғалым Тұрсынбек Кәкішев те айналысқаны белгілі. Иә, бұл салаға Тұрсекең ұшан ـ теңіз еңбек сіңірді, өз алдына ғылыми мектеп қалыптастырды. Сол мектептің бүгінгі шоқтығы биігі, ұстаздың шәкіртінен сенімді серігіне айналған ғалым- Дандай Ысқақұлы. Тұрсынбек Какішұлы сынның тууы мен қалыптасу тарихын түгендеп берсе, Дандай Ысқақұлы өз зерттеулеріне әдеби сынның өркенді дамуын өзек етіп алып, оның табиғаты, әдіснамасы мен әдістері, әдеби көркемдік үрдістегі орны, атқаратын қызметі, принциптері, түрлері мен жанрлары сияқты ғылыми ـ теориялық мәселелерді тұңғыш рет зерттеу нысанасы етіп, жан ـ жақты сараптаудан өткізіп, ғылыми негіздегі тұжырымдамасын түзеді.
Сыншы еңбегі жауапкершілігі ауыр, алда разысы жоқ шығармашылық. Әсіресе, сын теориясы саласында тер төгушілер жұрттың аузында бола бермейді. Бұл жанрдың ауырлығы сол, сын теоретигі өзгелерден өресі биік, танымы жоғары болуға тиіс. Әне сондай биік талғам мен терең талдауларға негізделген, ізденіс іздері мол, дәйек ـ дерегі көп, құнарлы да құнды еңбектің бірі ғана емес бірегейі «Сын өнері» болмақ. Кейінгі әдебиеттанушылар мен сыншыларға бағыт ـ бағдар, теориялық тірек, таған болатын бұл еңбек Дандай Ысқақұлы ағамыздың сын саласын зерттеуге қосқан аса зор үлесі, тың табысы есептеледі.
«Сын өнерінде» ғалымның алға қойған мақсаты мен мұраты айқын. Ол-бүгінге дейінгі ғылыми ізденістерге сүйене отырып, әдеби сынның теориясын жасау. Зерттеу кітабі жеті тараудан, яғни сын мәселесін тарамдатып әкететін жеті бөліктен тұрады. Әр бөлік сынның белгілі сипатын ашып, теориялық тұрғыдан терең пайымдалып отырады. Мәселен, «Әдеби сынның табиғаты» атты алғашқы тарауда сынның әдеби, ғылыми, публисистикалық, әлеуметтік қырлары зерделенсе, екінші тарауында әдеби сынның әдіснамасы мен әдістері сараланады. «Сыншы дарыны-сирек дарын», «Әдеби сынның қызметі» деп аталатын үшінші және төртінші тарауларында «өмір ـ жазушы ـ шығарма ـ оқырман ـ өмір» тізбегінен тұратын әдеби ـ көркемдік үрдісте сыншы атқаратын зерттеушілік, бағалаушылық, ұйымдастырушылық, тәрбиелік, оқытушылық, насихатшылық қызметтеріне тән белгілері айқындалатын болса, бесінші тарауында әдеби сынның принциптері, яғни әдеби сынның идеялылығы, шыншылдығы, өмірмен байланыстылығы, халықтығы, ғылымилығы, тарихшылдығы, тиімділігі қатарлы мазмұндар сөз болады. «Әдеби сынның түрлері» атты алтыншы тарауында оның жазушы сыны, сыншы сыны, оқырман сыны, лингвистикалық, әлеуметтік, эстетикалық түрлері кеңінен қарастырылса, «Сын жанрлары» атты соңғы көлемді тарауында әдеби хабар, аннотация, рецензия, шығармашылық портрет, мақала, әдеби шолу, эссе сияқты жанрлар жайлы ғылыми тұрғыдан нақтыланған теориялық тұжырымдар жасалынады.
Монографиада әдеби сынның даму жолдары мен ғылыми қырларына, сын мен сыншының рөліне зор маңыз беріліп, сынның идеялық ـ көркемдік дәрежесіне, әдеби өмірдегі орны мен үлесіне, теориясы мен методологиялық мәселелеріне кең орын беріледі. Кітап авторы әдеби сынның даму жолдары жөнінде: «Әдеби сынның тарихына көз жібергенде, оның пайда болу, даму жолдарының әдебиеттің өсіп ـ өркендеу бағытымен сәйкес келіп отыратындығы байқалады. Әріге бармай ـ ақ, XIX ғасырдағы орыс әдебиетінде Пушкин, Гоголь, Толстой сияқты алыптардың кезінде әдеби сын шарықтап, шырқау биігіне көтерілді. XX ғасырдағы әдебиеттің сыны күні бүгінгі биігіне шықты. Қазақ әдебиетінде үстіміздегі ғасырлардың алғашықы кезеңінде Абайдың, Ахметтің, Мағжанның, Шәкәрімнің, Жүсіппектің т, б. Шығармаларының жарық көруі әдеби ـ сыншылдық ой ـ пікірлердің жаңаша қарқынмен дамуына түрткі болды. Әсіресе, Абайдың, Мағжанның шығармашылығы жайлы таластар шын мәніндегі профессионал сынның қалыптасып, өріс алуына ұйытқы жасады. Мысалы, кезінде М. Жұмабаевтың шығармашылық сипаты, бағыты төңірегінде түрлі даулар дуылдап тұрған кезде жазылған Ж. Аймауытовтың «Мағжанның ақындығы туралы» мақаласы қазақ әдеби сынының биік үлгісіне айналды. Әдебиетте түрлі ағымдар, бағыттар пайда болып, тарау ـ тарау жолдармен дамыған тұстарда оған шырылдап жүріп тура жолды көрсеткенде де- осы әдеби сын»,- деп жазады (13-бет). Ал, әдеби сынның ғылыми қырлары хақында: «...Әдебиеттің сыны мен ғылымының ұқсастық жақтары олардың зерттеу объектілерінің бірлігінен, әдресінен, оқырманға бағышталғандығынан, методологиялық негізі мен зерттеу әдістерінің ортақтығынан, ойлау ерекшелігі, жазу мәнері жағынан да көрінеді екен. Әдеби сынның ғылымилық сипаты әдебиеттану ғылымымен байланыстылығында ғана емес, бүкіл қоғамдық ғылымдармен қатыстылығынан да көрінеді. Әдеби шығарма қоғамдық өмірдің көркемдік көрінісі болса, сол өмір шындығының қалайша көркемдік сипатқа ие болғандығын анықтауға тек әдебиеттану ғылымныың шамасы келе бермеуі мүмкін. Әлеуметтік өмірдің сан ـ саласын түрлі қырларынан зерттейтін тіл білімі, тарих, этнография, философия, заң, экономика, психология, педагогика, этика, эстетика сияқты ғылым тарауларымен де әдеби сын тікелей байланысты болады»,- деп түйін түйеді (21-22 бет). Сондай ـ ақ сын мұраты туралы: «... Әдеби сын дегеніміз, көркем әдебиет оның ғылымы мен журналистиканың тоғысқан түйінінде пайда болып, күнделікті әдеби процесті зерттейтін, оның жетістіктері мен кемшіліктерін саралап баға беретін, оқырманның дұрыс түсінуіне көмектесетін, рухани әлем аясында қызмет атқаратын әдеби, ғылыми, публицистикалық, әлеуметтік сипатты шығармашылық түрі; қоғамдық сананың бір саласы; көркем әдебиет жайлы дәуір үні. Әдеби сынның басты мақсаты- әдеби протцесте болып жатқан жаңалықтарды дер кезінде бағалап оқырмандарға түсіндіріп отыру»,- деп байыпты байлам жасайды (31 ـ бет).
Міне бұл айтылған жайттар қазақ әдеби сынының даму бағыт ـ бағдарларын айқындайды. Әдеби сынның қозғаушы, әрі қуатты қару екенін кеңінен көрсетеді. Сынның міндеті қашан да дамудан, шындық шырағынан тұратынын жан ـ жақты ашады.
Сөз өнері ғылымында жанр мәселесі - аса күрделі мәселелердің бірі. Дандай Ысқақұлының қазақ әдеби сынындағы жанрлар жүйесін қазақ баспа сөзінің тәжірибелеріне сүйене отырып, типологиялық тұрғыдан қарастырып, зерделеуі осы жолда атқарған елеулі еңбегі деуге болады. Сыншы осы тақырыпта әңгіме қозғамас бұрын жалпы жанр мәселесінің жай- күйіне тоқтала кеткен. «Әлемдік әдебиет тану ғылымының тарихында жанр туралы түрлі кездерде айтылған пікірлерді Аристотелден бастап кездестіреміз. Бұларда жанр сипатын әр түрлі қырынан әңгімелеп, табиғатын аша түсушілік бар. Солай бола тұрса да «жанр дегеніміз не?», «оны жіктеудің шарттары» деген сияқты негізге, сауалға жауап іздегенде басы ашылмаған қиындықтар туындайды». «...Белгілі әдебиет теоретиктерінің өздері де жанр проблемасының аса күрделілігіне назар аударып отырған. Б. Томашевский жанрларға жіктеудің өте қиындығын, оны әдеби дамудың белгілі бір тарихи кезеңіне ғана қатысты қарастыру керек екендігін ескертеді. И.Тыниянов жанрдың барлық белгілерін жан- жақты қамтитын анықтама беру мүмкін емес дегенді айтады. Академик Д. С.Лихачев әдеби даму мен бірге жанрлардың да өзгеріп отыратындығын, сол себепті де алдымен жанрды емес, жанрды тудыратын принциптерді зерттеуді ұсынады.» «...Жанрдың әдебиеттегі жағдайы осылай болғанда, оның сынындағы күй бұдан да күрделілеу. Ол күрделірек әдеби сынның көркемдік, ғылыми, публицистикалық сипаттамасынан, қоғамдық- рухани өмірде атқаратын қызметтерінен тікелей туындайды. Әдеби сын жанрларын анықтау оның осындай сан сипаты табиғатына тікелей байланысты».
Сыншы ғалым Дандай Ысқақұлы сын жанрларының теориялық тұрғыдан арнаулы зерттеу обиектісі болмай келе жатқанын атай отырып, оны жіктеуде қалам тартқан зерттеушілер жайлы сөз ете келе өз ойын былайша жалғастырады: «Ал қазақ әдеби сынның жанрлық сипаттары XIX ғасырдың бірінші жартысында шыға бастаған «Айқап» журналы мен «Қазақ» газетінде айқын көрініс тапты. Онда әр мезгілде жарияланған мақалаларда жанрлық белгілер саралана түсті»- дей келе өз ойын сыншы былай толғайды: «қазақ топырағында көркем әдебиет жайлы ой- пікірлердің өмір сүретін, көрініс табатын орта- баспа сөздің дамуымен бірге сын жанрлары да қалыптасып, жетіле түсті. Қазір қазақ әдеби сынының барлық жанрлары дерлік қалыптасқан, жанрлық мол мүмкіндіктерді толық пайдалануға жағдайлары бар деуге болады. Әдеби сынның жанрлық жүйесін айқындау оның сан сипаты табиғатынан туындайды. Сол себепті де оған бір ғана әдеби, не публицистикалық принциппен, өлшеммен келуге болмайды, сынның жанрлаын анықтағанда, оның көркемдік сипаты әдеби пренсипті қажет етсе, публицистикалық табиғаты публицистикалық, ғылмилығы ғылми өлшемдерді қолдануға міндеттейді. Осы тұрғыдан сын жанрларын алдымен әдеби, публицистикалық, философиялық деп жіктеуге болады, сынның көркем жанрлары әдебиеттің тегі (рот), түрі (вид), жағынан эссе, пародия, эпиграмма, памфлет, т.б. болып бөлінеді. Сын жанрларының іштей шартты түрде қара сөзбен (рецензия, шолу, эссе, шығармашылық портрет, т.б.) және өлең сөзбен (эпиграмма, пародия) жазылған деп бөлуге болады. Публицистикалық жанрға әдеби хабар, аннотация, рецензия, мақала, шолу, шығармашылық портрет, әдеби фелъетон, әдеби очерк, әдеби есеп т.б. жатады. Бұларды тағы да хабар (әдеби хабар, аннотация), талдау (рецензия, мақала, шолу, шығармашылық портрет), әдеби публицистикалық (әдеби фелъетон, әдеби памфлет, әдеби очерк, т.б) жанрлары деп жіктеуге болады. Бүгінгі әдебиет жайлы жазылған көлемді ғылыми еңбекті «монография» деп атайды». Сын жанрларын шартты түрде осылай жіктеген Д. Ысқақұлы енді осылардың басқа жанрларды айқындайтын жалпы белгілері жайлы: «Әдеби сынның жанрларын ажыратуда оның қандай стилмен жазылғандығы, қандай көркемдік құралдарды, әдістерді пайдаланғандығы көмектеседі», –деп түйіндейді.
Жоғарғы пайымдаулардан сырт осы еңбектегі ғалымның мына бір пікіріне айрықша назар аудара кеткенді жөн санадық. «Әдебиет-өмір айнасы» десек, сын әдебиеттің айнасы. Әдебиеттің қандай күйде екенін оқырман оның сыны арқылы көре алады. Ал, әдеби сын дегеніміз қазіргі әдеби өмірде танымдық, тәрбиелік қызметтер атқаратын, ол туралы дәуір талабы тұрғысынан пікір білдіріп, жетістіктерін үгіттеп, насихаттап, кемшіліктеріне қарсы күресетін әдеби ـ ғылми ـ публицистикалық шығармашылықтың ерекше түрі». Бұл пікір ғалымның өзіндік көзқарасын айқындайды. Себебі, осы бір «Әдеби сын дегеніміз не?» деген мәселенің төңірегіндегі айтыс ـ тартыстар бағзыдан басталып, бүгінге дейін созылып келеді. Орыс әдебиетінің атасына саналар А.С.Пушкин «сын-өнер мен әдебиет туындыларындағы сұлулық пен кемшіліктерді ашып отыратын ғылым» десе, сынның пайғамбары іспетті Белински «күдігі көп, күмәні мол сынды» ғылымға жатқызуға қарсы шығады. Ал, орыстың кеше ғана дүниеден озған сын табиғатының білгірі А. Бочаров «сын-журналистика» деген кесімді пікір айтқан екен. Әдебиеттану саласындағы қазіргі қазақ білімпаздары (Тұрсінбек Кәкішев, Серік Қирабаев, Шерияздан Елеукенов, т.б.) «әдеби сын-көркем әдебиеттің бір саласы» деп біледі. Осылардың бәрін салғастыра қарастырған ғалым Дандай Ысқақұлының жоғарғы тұжырымы-сан түрлі көзқарастар қайшылығын салмақтай отырып, «тоқсан толғап, бір ойлап» шешімін тапқан түйінді пікір. Сондықтан да, осындай толғамды ой ـ пікірлермен ерекшеленетін «сын өнері» -әдбиеттану ғылымында сынның теориялық мәселелерін тұңғыш рет жан ـ жақты зерттеп, жүйелеген бірден ـ бір еңбек деген қортынды жасауға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   59   60   61   62   63   64   65   66   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет