Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет84/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Пайдаланған әдебиеттер тізімі:
1 Қазақстан Республикасының Призденті- Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына жолдауы:Нұрлы жол-болашаққа бастар жол». Астана,2014ж
2 Педагогикалық танымдық журнал «Өзін-өзі тану» — 2011. — №4. —8-9б;
3 Педагогикалық танымдық журнал «Өзін-өзі тану» —2011. — №5-6.— 29б
4 Әрінова Б.А Рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасының ҚР жалпы білім беру жүйесіне ендіруін құрлымдық-функцаналды талдау// Әл- Фараби ҚазҰУ Хабаршысы. «Педагогика ғылымдар» сериясы. — 2014. —№2(42) —12-18б.
5 Студенттердің тұлғалық дамуына ұмтылысын жүзеге асырудағы «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі // Молодой ученый. — 2015. — №8.2. — .36-38б.

БОЛАШАҚОҚЫТУШЫЛАРДЫҢКӘСІБИ-КОММУНИКАТИВТІК
ҚҰЗІРЕТТІЛІГІНҚАЛЫПТАСТЫРУМӘСЕЛЕЛЕРІ


Мусина Галима Садыковна.,М.Тынышбаев атындағы ҚазККА Алматы көлік колледжі бөлім меңгеушісі
Белегова А.А., Педагогика және психология мамандығының 1 курс докторанты.Абай ат.ҚазҰПУ
Резюме
В статье рассматриваются проблемы формирования профессиональной педагогов.
Summary
The article deals with the problems of formation of professional competence of teachers

ХХІ ғасырдың табалдырығында әлемдік бірлестіктерді интеграциялауда бірнеше қадамдар жасалды. Саяси, экономикалық, мәдени жуйенің өзгеруі әсерінен Қазақстанның экономика жағдайында демократикалық жолмен дамуы білім моделіне де келелі өзгертулер.


Президентінің « Қазақстан – 2030» стратегиялық бағдарламасында барлық Қазақстандықтардың өсіп-өркендеуі, қауіпсіздігі, әл-ауқатының артуы және елдің денсаулығын жақсарту міндеттерімен бірге жас ұрпаққа біліммен тәрбие беру мәселесі атап көрсетілген [1]. Осыған орай, тәуелсіз мемлекетімізде еңбекқор, кәсіби терең түсінетін, өзінің білімі мен іскерлігін жан-жақты қолдана білетін мамандар даярлау қажеттігі туады. Өйткені кез келген мемлекеттің жоғары мектебінің маңызды әлеуметтік қызметі болашақ маманның өз мүмкіндіктерін көрсете алуына жағдай туғызу болып табылады. Осы айтылған міндеттер - мамандар дайындайтын жоғары оқу орындарының алдында тұрған негізгі алғы шарттар. Сондықтан да, жоғары техникалық оқу орындарында болашақ маманның коммуникативтік құзыреттілігін қалыптастыру аса қажет.
«Коммуникавтивтік құзыреттілік» ұғымының маңызын ашу үшін алдымен, « кәсіби құзыреттілік», «құзыреттілік дегеніміз не?» сұрағына жауап іздеп көрелік және «коммуникавтивтілік» ұғымына түсіндірме беруге талпыныстар жасайық.
Кейбір сөздіктерде «құзыреттілікке» белгілі бір зат, құбылыс жөнінде пайымдауғаі салмамақтыда беделді пікір айтуға мүмкіндік беретін білімді игеру ретінде түсіндеме берілген. Мәселен, «Орысша-Қазақша сөздікте» былай деп түсінік берілген: «...хабардалық, терең және жете білушілік» [2]. Ал, қазір құзыреттілік дербес және жауаптылықпен әрекет етуге белгілі жұмысты орындауға қабілеттілік пен икемділікті меңгеруге жол ашатын психологиялық ахуал, психикалық сапалардың қосылымы ретінде белгіленіп жүр.
«Маманның кәсіби құзыреттілігі » антикалық заманда-ақ пайда болған. Платоның оқытуды жоғары деңгейде айқындауы, Аристотельдің жалпы кең білім беру мен кәсіпке үйретуді байланыстыру негізінде жоғары білімнің реалистік ұстанымын дамытуы, ХҮІІІ-ХІХ ғасырларда зайырлық кәсіби мектептерді жоғары оқу орындары ретінде қайьа құру, қазіргі көпсатылы жоғары білім берудің қалыптасуы сияқты тарихи ілгерілемелі өзгерістер кәсіби құзыретті, бәсекеге қабілетті маман даярлу мамандығы ізденістерінің дәлелі бола алады.
Маманның кәсіби құзыреттілігінің проблемасы - күрделі де көпқырлы. Бұл философияда, педагогикада, психологияда, әлеуметтануда, кәсіби білім беруде акмеологияда, андрогогикада, еңбек психологиясында, т.б. гуманитарлық ғылымдарда әр қырынан қарастырып жүр. Мәселе кешенді түрде зерттелуде. Кешенді зерттеу аталған ғылымдардың бұл проблеманы шешудегі зерттеуде мүмкіндігін шектеу емес, керісінше, сол салалардың нәти-желерін саралай пайдалана отырып, маманның кәсіби біліктілігі, оның маңызы, мазмұны, құрылымы, қалыптасуы мен дамуының, шарттылығы мен мүмкіндіктерінің тұтас сипатын педагогикалық, психологиялық, тұрғыдан ашу.
« Кәсіби құзыреттілік » ұғымына арнайы әдебиеттерде бірнеше рет түсініктеме берілген. Осы айғақтарға назар аудара отырып, алдымен, «кәсіби құзыреттілік » және кәсіби коммуникация »ұғымдарымен байланысына көз жүгіртеміз, осы ұғымның мәнін анықтауға тырысамыз.
«Құзыреттілік» ұғымына ғылыми психологиялық әдебиеттерде алғаш түсінік берген ғылымдардың бірі – неміс психологы Хабермес. Ол құзыреттілікті тілдік коммуникация теориясында әлеуметтік термин ретінде колданған.
Кейіннен «Құзыреттілік» ұғымы әлеуметтік психология саласындағы еңбектерде кездеседі. Онда мынадай түсінік берілген: «... өз ісін, қиын байланыстарда, құбылыстар мен процестерді, сонымен қатар мақсатқа жету үшін белгіленген тәсілдер мен құралдарды жетік меңгеру».
Әлеуметтік психолог Д.Брунер құзыреттілікті неғұрлым беделді маманға тиесілі қасиеттердің жиынтығы деп қарастырған. Бұл анықтамаға сүйенетін болсақ, құзыреттілік кәсіпқойлықтың атрибуны деп түсінуге болады.
Жалпы психологиялық зерттеулерде құзыреттілікке екі түрлі көзқарас туған: біріншісі, субьектінің кәсіби даму деңгейі ретінде; екіншісі, оның жалпы психикалық сипаттамасының элементі ретінде.
80-жылдары «құзыреттілік» ұғымы оқу процесін басқаруға қатысты еңбектерде пайда бола бастады. Бұл еңбектерде тек білімдердің жиынтығы ретінде ғана емес, сонымен қатар білімнің нақты құралының мүмкіндіктері ретінде көрініс тапқан. Яғни, құзыреттілік жеке тулғаның негізгі компоненттерінің бірі ретінде және адамның іс-әрекетінде кездесетін міндеттерді табысты шешуде жеке тұлғаның бойындағы қасиеттерінің жиынтығы ретінде қарастырылады ( М.Альберт, М.Мескон, А.М.Омаров және т.б) Э.Клэрстің пікірінше, «құзыреттлік» мүлде жоқ, ол тек нақты мамандықта кедеседі.
Жоғарыда айтылғандары қорытындылай келе, құзыреттілік жеке тұлғаның кәсіби іс-әрекетін игеру барысында пайда болатын жаңа бейнесі ретінде қарастырылады екен.
Құзыретті болу адамның жеке тұлға ретіндегі ахуалы, эмоциясының тұрақтылығы мен айнымалылығы, дененің саулығы, салауатты өмір сүруі.
Қазақстаның әлемдік білім кешеніне енуі, елімізде демократиялық қоғамның құрылуы, жоғары мектепте студенттерді жоғары сапалық деңгейде оқытуды, осы арқылы жаңа нарықтық жағдайларда болашақ мамандарды даярлауды талап етеді. Мәселен, Қазақстан Республикасы білім жүйесін 2015 жылға дейінгі дамыту тұжырұмдамасы [3] мен 2015-2010 жылдары білімді дамыту бағдарламасы жеке тұлға даярлауды күн тәртібіне қойып отыр [4]. Осыған орай, егеменді еліміздің білім беру жуйесінде әлемдік деңгейге жету үшін жасалып жатқан талпыныстар жағдайында оқытудың әр түрлі әдіс-тәсілдерін қолдана отырып, терң, білімді, ізденімпаз, барлық іс-әркетінде шығармашылық бағыт ұстанатын, өз болмысын таныта алатын жеке тұлғаны қалыптастыру маңызды міндет болып отыр.
Жеке тұлғаның құзыреттілігін қалыптастырудағы үлкен рөл еңбек, өз ара қарым-қатынастар, адамдардың әлеуметтік және саяси институттары сияқты әлеуметтік факторларға тиесілі. Бұл –диалектикалық тұтастықтың арасында жузеге асатын процесс.
Бүгінгі таңда «адам», «қалыптастыру», «жеке тұлға», «бағдарланған оқу» деген ұгымдарды көп естиміз.
Философтардың айтуынша, «Адам дегеніміз өмірлік қатынаста өзін еркін ұстайтын, әрекетшіл, басқа адаммен бірігіп әрекет ететін, биологиялық және әлеуметтік болмыс». Адам – дербес сананың иесі, сезімі, ойы бар ең күрделі құндылық. Күні бүгінге дейін педагогикада «Адам» ұғымы дара қолданылған жоқ, ол «жеке бас», «жеке тұлға», «индивид», «білім алушы» деген сияқты ұғымдар арқылы айтылып келді [1].
Жеке адам мәселелері жас ерекшелік физиология мен анатомиясы, әлеуметтану, педагогикалық психология, әлеуметтік психология тәрізді әрқилы ғылымдар арқылы зерттеледі. Ал қандайдағдарыс болмасын жеке адам белгілі бір ұлт өкілі болғандықтан, оның кейбір генетикалық, әлеуметтікн негіздерін халықтық педагогика мен ұлттық психология қарастырады.
Біз педагогикада да, психология да жеке адам мәселесін үш түрлі тұрғыдан қарастырмалы биологиялық, әлеуметтік , биоәлеуметтілік. Билогиялық бағыт жеке адамның бойындағы барлық өзгерістер негізін туа пайда болатын қажеттіліктермен, желігу және инстинктермен байланысатын. (З.Фрейд, Адлер, т.б). Ал, адам қандай да болмасын белгілі қоғамдық талаптарға, қажеттіліктер бағынуы қажет.
Біз жоғарыда анықтамаларға сүйене отырып, «құзыреттілік» және «коммуникативті құзыреттілік» ұғымдарына инвариантты анықтама ұсынамыз: «Техникалық жоғары оқу орнындағы болашақ маманның коммуникативті құзыреттілігі дегеніміз адамның рухани және материалдық, жеке қоғамдық қажеттіліктеріне жауап беретін кәсіби әрекетінде қарым-қатынас жасай алуы, этикалық нормаларды меңгеруі, оңай тіл табысуға икемділігі мен бәсекеге қабілеттілігі». Ал, құзыреттілік – кәсіби ойлау жоғары дәрежеде дамыған, кәсіби түйсігі шығармашылықпен қамтасқан, кәсіптік мәселелерді шешудегі дербестікке ие маманның тұлғалық қабілеті».


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   80   81   82   83   84   85   86   87   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет