Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет87/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Әдебиеттер тізімі:
1 Жүсіп Баласағұн. Құтты білік /Көне түркі тілінен аударған және алғы сөзі мен түсініктерін жазған А. Егеубаев.-А., 1986.154,156-б.
2 Н.Келімбетов. Ежелгі дәуір әдебиеті /-А,.1991.264-б.
3 М.Мағауин. Бес ғасыр жырлайды / А.,1984.1-том.
МЕКТЕП ЖАСЫНА ДЕЙІНГІ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ МЕН ТӘРБИЕЛЕУДІҢ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ


Мухтарова С.К. аға оқытушы ,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қ., Қазақстан
Темиртасова А.Т. аға оқытушы ,Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қ., Қазақстан
Жубайкулова Д.Ж. аға оқытушы, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті, Атырау қ., Қазақстан


Резюме
В этой статье рассматриваются особенности воспитания и обучения детей дошкольного возраста. А также, здесь определены педагого-психологические особенности детей дошкольного возраста и проблемы подготовки к школе.
Summary
In this article features of education and training of children of preschool age are considered. And also, pedagogo-psychological features of children of preschool age and a problem of preparation for school are defined here.

Қай заманда болмасын адамзат баласының алдында тұратын ұлы мақсат-мұраттарының ең негізгісі – өзінің өмірін, тәжірибесін жалғастыратын салауатты, саналы ұрпақ тәрбиелеу. Себебі, ұрпақ тәрбиесі келешегімізді берік ететін басты фактор болып саналады.


Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандартының жобасында: «Мектепке дейінгі білім беру – Қазақстан Республикасының жалпы білім беру жүйесінің құрылымдық бөлімі ретінде маңызды роль атқарады, себебі оның шегінде баланың табиғилық сапалары мен ерекшеліктері анықталып, олардың даму жағдайлары қамтамасыз етіледі...» деп көрсетілген [1].
Осыған байланысты, балалардың жарқын болашағы мен жай-жағдайының жарасымды болуы – ұлт болашағының гүлденуі десе де болады. Қоғам жағдайында болып отырған түбегейлі өзгерістер еліміздің білім беру саласындағы көптеген міндеттерін тарихи, мәдени, әлеуметтік тұрғыдан қайта қарауды қажет етеді. Әсіресе, тәрбие салаларында жүргізіліп жатқан реформалар мен ғаламдық талаптардың біртіндеп ене бастауы да жас ұрпақты өзгермелі қоғамға әлеуметтендірудегі уақыт талабымен бірге келген игілікті мақсат.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеу жүйесінің басты міндеті – бала тұлғасын жан-жақты дамыту және оны мектепке дайындау деп анықтап берді. Өмірдің оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруға жоғары талап қоюы – оқыту әдістерін өмір талабымен сәйкестендіретіндей неғұрлым жаңа психологиялық-педагогикалық тиімді әдістерді іздестіруге итермелейді.
Заманауи психологтар А.А.Венгер, С.П.Проскура және тағы басқалар интеллектің 80 пайызы 8 жасқа дейін қалыптасады деп санайды. Мұндай қағида мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеуді ұйымдастыруға жоғары талаптар қояды. Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері – педагогика мен заманауи білім берудің аса көкейтесті мәселелерінің бірі болып табылады [2].
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктерін Л.А.Венгер, А.В.Запорожец, Н.Н.Поддьяков ашып берді. Педагогикада бұл процестің негіздерін М.М.Безруких, С.П.Ефимова, В.И.Логинова, П.Г.Саморукова, Т. В.Тарунтаева және т.б. қарастырды. Н.И.Гуткинаның, Е.Е.Кравцованың, Н.В.Нижегородцеваның, В.Д.Шадриковтың, К.Н.Поливанованың, Н.Г.Салминованың және көптеген басқа да психологтардың зерттеулері мектеп жасына дейінгі балалардың мектепке дайын болуын қалыптастыру мәселесін кеңінен талдауға арналды[3].
Қазіргі таңда мектеп жасына дейінгі балаларды дамыту мен тәрбиелеудегі әлемдік озық тәжірибеге негізделіп жасалған баланың жеке ерекшеліктерін, қабілетін, дарынын ашуға және оны жан-жақты дамытуға баса назар аударып, жаңа заман баласын қалыптастырып, дамыту үшін, тұлғаның ішкі дүниесі мен оның қыр-сырын анықтап, мүмкіншіліктері мен қабілетінің дамуына жағдай туғызу қажет. Жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.
Осыған сәйкес, зерттеуіміздің мақсаты – қазіргі заман жағдайында мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктерін анықтауға бағытталды.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   83   84   85   86   87   88   89   90   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет