Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет85/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Пайдаланылған әдебиеттер
1 Казақстан Республикасы «Білім туралы» Заңы. – Астана, 1999. – 32 б. 7,8 бап.
2 Русско-казахский словарь /Под ред. Н.Т. Сауранбаева. – М., 1954. – 935 с.
3 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдалған.//Қазақстан мектебі. – Алматы, № 1 , 2004.
4 Қазақстан Республикасының 2015 жылға дейінгі білім беруді дамыту тұжырымдалған.//Қазақстан мектебі. – Алматы, № 1 , 2004.

БІЛІМГЕРЛЕРДІҢ КОММУНИКАТИВТІК ҚҰЗЫРЕТТІЛІГІН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗІ
Токкулинова Г. Қ. к.п.н., доцентҚазақтың спорт және туризм академиясы, Алматы қ., Қазақстан
Молбосынова Ж. М.аға оқытушы, магистрІ.Жансүгіров атындағы ЖМУ, Талдықорған қ., Қазақстан


Резюме
Были систематизированы методологические подходы развития коммуникативной компетентности как педагогической категории, на основе научного подхода рассмотрены аспекты понятия «компетентность» касаемые учебно-воспитательного процесса, результатов образования и развития личности.
Summary
The article deals with the methodological approach of developing communicative competence as pedagogical category on the basis of scientific approach. The definition of competence concerning with educational process and development of personality is analyzed in the article

Жаһандық ғаламданудың кеңеюі, ақпараттық технологиялардың өріс алуы, білім беру нәтижесіне халықаралық талаптардың күшеюіне байланысты Н.Назарбаев «Ұлтымыздың әлеуетін оятуға және оны жүзеге асыруға жағдай жасайтын интеллектуалды төңкеріс қажет», деп барлық білім беру жүйесінің қарқынды дамуына, ертеңгі болашағына тұғыр боларлық міндет жүктейді.
Бұл орайда, білімнің эволюциялық дамудағы ақпараттық қызметінен, адамды өмір бойы оқуға жетелеуші, дамытушы құралға айналуын, оқытудың белсенді формаларына көшуін, негізгі күтілтетін нәтиже ретінде құзыреттіліктің еңдірілуін басьтм бағыттар ретінде атап өтуге болады.
Қазақстандағы 2002, 2003 жылдары шетел университеттерінің серіктестігімен ұйымдастырылған «Образовательная политика: диалог с обществом» жоба негізіндегі тренингтер мен Казақстандағы Британдық Кеңес, Азиялық Даму банкі, ҚР Парламенті, Білім және ғылым министрлігі бірігіп өткізген («Стратегия развития сектора образования ТА3939-КА2», 2004ж.) семинарлар Қазақстандағы білім нәтижесіне деген көзқарастың күрт өзгеруіне әсерін тигізбей қойған жоқ. 2002-2004 жылдар Қазақстанның білім саясатындағы құзыреттілікке деген бетбұрыстармен ерекшеленеді.
Әлемдік отаңдық педагогикада біздің зерттеп отырған мәселе айналасындағы құзыреттілік ұғымының мазмұны бойынша жинақталған тәжірибе жеткілікті. Құзыреттілікқа «ұғым» ретінде жүргізілген зерттеулер оның категориялық сипатын ашудың әдіснамалық тұғырларын айқындауға мүмкіндік беріп отыр.
«Құзыреттілікті» күтілетін нәтиже ретінде қарастыру мәселелері білім сапасын басқару теориясы (Ж.А.Қараев, П.И.Третьяков, Т.И.Шамова т.б.) мен білім алушылардын оқу жегістіктерін бағалау жүйесі (Г.С.Ковалева т.б.) негізінде қарастырылған.
Білім беру мен қоғамның өзара детерминаттық жүйелі коммуникациялық білімді білімгерлердің мүмкіндігіне қарай оның өмірлік тәжірибесімен ұштастыруға, оған әлеуметтік мазмұн енгізуге, өркениет үлерістерінің дамуын сезіне білуіне байланысты екендігін анғартады. Бұл бағыттағы барлық серпілістердін құзыреттілікке бет бұруы біздің көтеріп отырған ғылыми-зерттеу жүмысымыздың көкейкестілігін айқындап отыр.
Құзыр, құзыреттілік терминдері педагогика теориясы мен практикасынан қандай да бір дәрежеде өз орнын таба білген түсініктерге айналып, ойын теориялық, әдіснамалық тұрғыдан жүйеленуіне, зерттелуіне деген қажеттіліктер туындап отыр. Аталмыш ұғымдардын тұлға, іс-әәрекет ұғымдарымен тікелей байланысының қандай да бір аспектілері психологиялық, педагогикалық, әлеуметтік-философиялық еңбектерде ашылғанымен ұғымның категориялық мәртебесі зерттеу пәні ретінде қарастырылмаған.
Құзыр, құзыреттілік ұғымдарының мазмұны педагогикалық еңбектерде қызмет тәсілдерін пайдаланудың дайындық бірлігі, тұлға қасиеті, білім беру үдерісінің соңғы нәтижесі (Н.В.Кузьмина т.б.) [1]; тұлғаның атқаратын қызметтері мен іс-әрекеттеріне байланысты білімдік деңгейдегі құзыр түрлері (А.К.Маркова т.б.) [2]; кәсіби біліміне сәйкес іс-әрекет теориясының негізінде кәсіби құзыреттілік феномені (В.А.Сластенин, О.С.Сәлімбаев және т.б.)тұрғысында ашылады[3,4].
Құзыреттіліктің педагогикалық категория ретінде дамуының шынайылығына көз жеткізу үшін жалпылогикалық әдістердің абстрактілеу әдісін пайдалана отырып, объектінің ғылыми негізін жалпы түсінік, термин, ұғым, категория тұрғысынан қарастырамыз. Ж.А.Қараев ғылыми білімнің белгілерін түсінік - термин - категория - заң - заңдылық- ұстанымдар құрайды, дейді.
Тұлғаның қалыптасуында негізгі факторлардың бірі – ол коммуникация. Коммуникация адамды толық түсінуге, оның рухани-адамгершілік қасиеттерін, дамуын, жетілуін және индивидуалды-психологиялық ерекшеліктерін білуге мүмкіндік туғызады. Тарихи қоғамдағы обьективті талаптар және қоғамның дамуындағы әлеуметтік заңдар тұлғаның қалыптасуын анықтайды.
«Коммуникация» – бірлескен іс-әрекеттегі қажеттіліктен туындаған адамдар арасында ақпарат алмасу, байланыс орнату және оны дамытудың күрделі, көп жоспарлы процесі. Коммуникация серіктердің өзара әрекет, қабылдау және түсінудің бірдей стратегиясын жасауы болып табылады. Сондықтан коммуникация – біріншіден, бірлескен іс-әрекеттегі қажеттіліктен пайда болатын адамдар арасында бірнеше жоспарлы байланыстарды орнату мен дамытудың күрделі процесі. Ол ақпарат алмасу, өзара әрекеттесудің бірыңғай стратегиясын өңдеу, серіктесті қабылдау және түсінуден тұрады. Ал, екіншіден, бірлескен іс-әрекет қажеттіліктерінен туындайтын күй және мінез-құлық пен серіктестің тұлғалық-мәндік құрылымдарына бағытталған екі немесе одан да көп субъектілердің өзара әрекеттерінің белгілік құралдарымен жүзеге асырылады. Мұнда ол заттық және эмоциялық аспектілерде өзара хабарлама алмасудан тұрады. Сондықтан коммуникацията адам өзінің жеке дара ерекшеліктерін меңгергендігі байқалады.
Белгілі кеңес психологы А.Н. Леонтьев психикалық дамуды зерттеу тұлғаның әртүрлі кезеңдерінде арқылы ең алдымен оның коммуникация ерекшеліктері туралы алынған түсініктері маңызды деп есептейді[5]. Ол тұлғаның қоғаммен коммуникация жүйесін толығымен айқындайтын және психикалық дамуда басты орын алатын іс-әрекеттерінің сәйкес түрлері және жетекші іс-әрекеті туралы пайымдаған.
Ал тұлғаның танымдық іс-әрекетін оның дамуының ең жоғарғы деңгейі- бірлескен мақсаттар мен іс-әрекет құралдары қалыптастырылған бірлескен-диалогтық танымдық іс-әрекет болып табылады. Танымдық іс-әрекеттің көрсеткіштері: ситуацияны /жағдайды/ талдауға даярлық; таңдаған мақсаттың сипаты; ішкі практикалық шешімнің танымдық тапсырмасын ажырата білу; танымдық шешімді сол мақсатқа қол жеткізуде қолдану практикалық мақсаттағы ситуацияны қолдану қабілеттілігі сол танымдық пен практикалық тапсырма байланысын орнату.
Танымдық тапсырманы шешудегі өзара әрекеттесу көрсеткіштері: серіктесінің әрекетімен мүдделену; өзінің жүру әрекетін серіктесінің қызығушылығымен түзету қабілеттілігі; құрбысының ұсынысын, шешімді қабыл алмау, қабылдау даярлығы; өзінің бағытын жалпы мақсатты әрекетін құрбысына түсіндіре білу қабілеттілігі; айтылғандарға, түсіндірулерге, құрбысының толықтыруларына тәуелді іс-әрекет нәтижесін түзетуге даярлығы.
Басқа адамдармен тікелей коммуникацияға /тұлғааралық/, коммуникацияны қажет ету – адамның негізгі әлеуметтік қажеттіліктерінің бірі. Басқа адамдармен коммуникация орната отырып, адам танымдық - жаңа әсерлер, жаңа ақпараттар қажеттілігін тудырады. Өзара үздіксіз байланысқан екі қажеттілік адамның алғашқы күндерінен оның психикалық дамуын анықтап, бірлескен іс-әрекетте коммуникация қажеттілігіне қызмет етеді.
Бірлескен іс-әрекет аймағында тұлғаның жеткен жетістіктері коммуникациясыз болуы мүмкін емес. Олай болса, коммуникация феномені қолданбалы аспектіде іс-әрекетті тиімді ұйымдастыру құралы болып табылады. Адамның кез келген іс-әрекетінде ақпаратты тасушы ретінде нақты жақтарын сипаттау мен олармен байланысты мүмкіндіктерін анықтау коммуникацияның барлық саласын ерекшелеумен сәйкес келеді. Басқа жағынан, адамның интегралды жеке даралық құрылымын қарастыру оның бірлескен іс-әрекетте коммуникация қабілетін нақтылауға мүмкіндік береді.
Бірлескен іс-әрекет үнемі сол қоғамдық мінез - құлықпен, яғни сол іс-әрекеттің дамуына нақты ықпал ететін реттеуші ретінде бірлесе жүзеге асады. Ал коммуникация – адамдар арасында байланыс құру мен дамытудың күрделі, көп жоспарлы процесі, оған ақпарат алмасу, өзара әрекеттің ортақ стратегиясын жасау, басқа адамды қабылдау мен түсіну енеді.
Адамдардың коммуникация процесінде, бірін-бірі қабылдауы мен түсінуі барысында, олардың өзіндік коммуникация қызметтерінің маңызы бар. коммуникация – белгілі бір өзара коммуникация қалыптастыру мақсатындағы мазмұнымен, идеялармен, қызығулармен, көзқарастармен, көңіл-күйлерімен және т.б. өзара әрекеттермен дамиды. коммуникация – бұл адамның басқа адамдармен өзара әсерлесуі және біріккен іс-әрекетте өзара коммуникацияының дамуы ретінде көрініс береді.
Белгілі кеңес психологы И.Д.Аңдреев коммуникацияның үш негізгі қызметін ерекше атайды. Атап айтсақ: ақпараттық, интерактивті және перцептивті. Ал К.А.Абульханова-Славская коммуникацияның үш қызметін анықтады: ақпараттық-коммуникативтік (ол ақпаратты қабылдау мен жеткізу процесін қамтиды), реттеуші-коммуникативтік, өзара бірлескен іс-әрекетті жүзеге асырудағы қимылды түзетуге байланысты және адамның эмоциялық саласына жататын аффективті-коммуникативтілік.
Осылайша, бірлескен іс-әрекеттегі коммуникацияның үш саласын анықтауға болады: жеке даралық (бірлескен іс-әрекет тапсырмасын шешуде нақты қимылдармен байланысқан инструменталды коммуникация түрінің таратылуы); бірлескен іс-әрекетте маңызды ақпаратты қабылдау және өңдеумен байланысты танымдық коммуникация, сонымен қатар, субъект-субъектілік коммуникацията эмоциялық аспектіні көрсететін тұлғааралық коммуникация. Мұнда тұлғааралық коммуникация – бұл объективті тіршілік ету, ұғыну дәрежесі әр түрлі адамдар арасындағы өзара байланыс. Бірлескен іс-әрекеттің ерекшелігі (инструменталды), тұлғааралық коммуникация кей жағдайда олардың эмоциялық мазмұндылығын ерекшелеп, экспрессивті деп аталады.
Кез келген іс-әрекет - үнемі тікелей немесе жанама түрдегі адамдардың өзара коммуникацияы, ал коммуникация процесі бірлескен іс-әрекет құралымен деттерминантталады.
Коммуникация - адамзат коммуникациясының күрделі түрі. Кез-келген коммуникация, адамдар арасындағы жай байланыс ғана емес, біріккен іс-әрекет процесінде адамдардың бірін-бірі қабылдауы және ақпарат алмасуы болып табылады. Тұлғаның жеке бас қасиеттері коммуникация процесінде дамиды. коммуникация оның танымдық іс-әрекетіне, психикалық процестерінің қалыптасуына ықпал етеді.
Тиімді ұйымдастырылған оқу-білім, еңбек, іс-әрекет жалпы айтқанда, психологиялық дамыту іс-шаралары тұлғаны қалыптастырып, оның өмірлік дұрыс бағыт таңдауына және сол мақсатта игілікті коммуникация жасауына мүмкіндік береді.
Психологиялық білімдер жүйесінде таным процестері мәселесі маңызды орын алады. Дәл осы процестерді зерттеу психологияның жалпы теорияларының дамуына ғана емес, сонымен қатар, оның объективті әдістерін жасауға да үлкен әсерін тигізді.
Таным процестері алғаш рет экспериментальді-психологиялық зерттеудің пәні болған кезде, зерттеушілер осы процестердің сипаттамаларын және заңдылықтарын «таза күйінде» айқындауды өздерінің басты міндеті ретінде қарастырды. Жасалып жатқан әдістер зерттеліп жатқан процестерді (сенсорлы, перцептивті, мнемикалық, ойлау) басқа психикалық құбылыстар жүйесінен, сонымен қатар, мінез-құлық, әрекет, коммуникациятан «бөлуге» бағытталған болатын, бұл - процесті өзінше индивидтің біршама шынайы қасиеттері ретінде қарастыру қажет. Тәжірибешілер зерттеліп жатқан процесті ештеңе де өзгерте алмас үшін сыналушыны қандай да болсын әсерлерден оңашалауға тырысты. Әдетте субъект объектімен бірде бірге болды: сезім мүшелеріне әсері тиісті сезінулерді тудыратын тітіркендіргішпен; ол (субъект) оны қабылдауға немесе есте сақтап қалуға қажет затпен; орындауға тиісті тапсырмамен және т.б.
Сыналушыға әсер ететін объектінің қандай да бір қасиеттері өлшелді және олармен байланысты таным процесінің жүру барысының ерекшеліктері тіркелді, яғни таным процестері «объект-субъект », ал нақтырақ айтсақ «әсер етуші объект – осы әсерлерді сезініп жатқан субъект» коммуникацияы тұрғысынан зерттелді.
Алайда, зерттеулерде жорамалданған көріністі бұрмалайтын көптеген объективті де, субъективті де факторлардың зерттеліп отырған процеске әсері үнемі байқалып отырды. Қандай да болсын, процесті таза күйінде бақылауға ешқашан мүмкіндік болмады. Тәжірибелерде, мысалға, перцептивті, мимикалық немесе басқа да таным процесінің динамикасы сыналушының мотивтерінің сипатына, ұсынылған міндетті түсінуге, оған деген оның коммуникацияына, инструкцияға, экспериментатордың тәжірибе жүргізу барысына саналы немесе санасыз әсеріне тәуелді екені анықталды. Бірақ бұл тәуелділіктер зерттеліп жатқан процеске қатысы сыртқы («кедергі», «шу» ретінде) болып есептелді.
Шынында да, мәселені шешудің бірінші құралы – оның практикалық іс-әрекеті. Бала мәселені шешу үстінде өзіне берілген затпен тікелей іс-әрекет жасайды. Мұның мәнісі шешілуге тиісті нәрсенің көрнекті түрде берілуінде және практикалық іс-әрекетінің қатысуымен шешілуінде ойлаудың осы сатысындағы маңызды ерекшеліктерінің бірі – сөздік өрнектер арқылы ойлау болып табылады, тіпті жас білімгердің ойы ең «ақылды» деген маймылдың ойлауынан түбегейлі айырмашылығы да осы арада. Сөз арқылы тәжірибенің жинақталуы білімгердің біртіндеп сөздік логикалық ойлауына мүмкіндіктер береді.
Білімгерлерге арналған психологиялық құралдың бірінде «Практикалық ойлаудан логикалық ойлаудың ерекшелігі мұнда адам қажетті байланыстарды ойша таразылап, өзіне берілген нақты міндетке бұрыннан білетін қолайлы ережелерді, әрекеттерді таңдап алуы және қолдануы қажет», - деп түйінделген. Логикалық ойлаудың ерекшелігі – қортындылардың қисындылығында, олардың шындыққа сай дәлелдерінде. Логикалық ойлауға түскен құбылыс көз жетерліктей етіп нақты түсіндіріледі, себептері мен салдары қатесіз анықталады. Ұғымдар арсындағы байланыстар мен коммуникациятар логикалық ойлау жолымен ашылады.
Сөздің сырын ұғына, түсіне келе білімгер жалпылау мен жинақтауды, салыстыру т.б. ой тәсілдері мен формаларын практикада қолдана алуға үйренеді. Ойлаудың жоғары сатысында ой процесінің қызметі күрделене түседі. Ойлау үстінде адам бұрын есте сақталған біліміне сүйенеді, оның эмоция, сезім әрекетінде белсенділік туады, қызығуы, темпераменті жанданады, бұлар адамның ойлау қызметіне өң беріп, мақсатты іске бағыттайды. Ойлау сөз арқылы жарыққа шығады. Адамның ойлау қызметі, қандай да формада орындалмасын, тіл қатысынсыз жүзеге аспайды. Адам өз ойы арқылы танылуы тиіс нысаннан тікелей байланысын үзіп, оның қасиеттері мен сипаттарын тілдік белгілермен өрнектеп, тыңдаушыға жеткізе алады. Сонымен, ғылыми психология сөз тек тілдесу қажетін орындап қана қоймай, негізгі ойлау құралы болады деп есептейді.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   81   82   83   84   85   86   87   88   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет