Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!



бет88/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

Зерттеу мақсатына байланысты, бірнеше зерттеу міндеттері анықталды:
- Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктерін айқындау;
- Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктерін айқындау;
- Мектепке даярлық – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері ретінде анықтау[4].
Бұл мақсат-міндеттердің тұтастықта іске асырылуы, ең алдымен, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеудің сапасын арттыруға тікелей байланысты болмақ.
Осыған орай, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктерін айқындау үшін оларды екі топқа бөлеміз, бірінші тобы – жалпы, ол адамның қалыптасуының келесі кезеңдерінде жалғасады. Екінші кезең бала дамуының мектепке дейінгі кезеңімен байланысты. Ерекшеліктердің бірінші тобы – мектеп жасына дейінгі баланың жағымды қасиеттерін, әдеттерін, білімі мен білігін тәрбиелеудің, үлкен адамдардың баланың айналасындағы өмірге, өзіне және басқа адамдарға қарым-қатынас жүйесін қалыптастырудың бағыттылығы.
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің педагогикалық ерекшеліктерін мынадай етіп жіктейміз:
- оқу-таным іс-әрекеті ойынмен тығыз байланысты;
- мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мектептегі сияқты сабақта емес, әртүрлі формада жүзеге асырылады (саяхаттарда, ойындарда, әртүрлі іс-әрекет барысында, күнделікті өмірде, күнделікті режимдік процестерде және т.с.с.);
- мектепке дейінгі мекемеде оқыту процесінде балалар ғылым негіздерін оқымайды, қоршаған орта жөнінде жүйеленген түсінік пен оқу туралы дағдылар алады (тәрбиешіні тыңдау, сұрақтарға жауап беру, сұрақ сұрай білу, нұсқау бойынша әрекет жасау, ересек мектеп жасында – оқу-танымдық міндеттерді қою және оларды шешу, оның жетістіктерін жоспарлау, өз нәтижелерін бағалау, оларды басқалармен салыстыру);
- оқыту іс-әрекеттің барлық формаларында және түрлерінде өзінің әлеуметтік тәжірибесін мақсатты түрде беретін үлкен адамдардың жетекшілігімен жүреді;
- мектепке дейінгі жаста балалар басты нәрсе мен қосалқы нәрсені ажыратуда қиындық көреді;
- оқыту процесінде балалардың заттар мен өзінің айналасын- да болып жатқан құбылыстардың қасиеттерін дұрыс қабылдауын қамтамасыз етудің қажеттілігі;
Мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің психологиялық ерекшеліктерін айқындауда бірқатар физиологиялық және психологиялық факторларға тәуелділігін, отбасында және мектепке дейінгі мекемеде тәрбие процесін құрғанда және ұйымдастырғанда оларды ескеру қажет:
- баланың тез шаршауы, жүйке жасаушаларының қажығандығы;
- зейіні мен қабылдауының тұрақсыздығы;
- мектепке дейінгі ересек жасқа қарай ұлғаятын психикалық процестердің еріктілік деңгейінің жоғары еместігі;
- сезімді ояту процестерінің тежеу процестерінен басым болуы;
- психиканың қатты иілгіштігі, балалардың жоғары эмоционалдығы, айналасындағыларды қабылдағыштығы;
- ойлау типінің көрнекі-бейнелі болуы;
- шапшаң меңгеру және сонымен бірге қалыптасқан білік, дағдылардың, тәртіп әдеттерінің берік еместігі;
- ұдайы жаңаны танып білуге және меңгеруге ұмтылу, білім құмарлық;
- тұлғаның сапаларын, қасиеттерін тәрбиелеудің сензитивтілігі, тәртіп және қарым-қатынас нормаларын бойына сіңіру, баланың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру;
- ойын мектеп жасына дейінгі бала іс-әрекетінің жетекші түрі болады, онда тұлғаның жаңадан пайда болған қасиеттері, білімі, сапасы, қарым-қатынасы, білігі, қабілеттері оңтайлы және табиғи түрде қалыптасады.
- мектеп жасына дейінгі балаларды оқытқанда оқуға ынталылық, үлкен адамдардың мақұлдауы мен тілектестігі, процестің жоғары эмоционалдық толыққандылығы, жағымды эмоционалдық ахуал сияқты факторлар ерекше маңызды;
- зейіннің еріксіздігі, оның тұрақсыздығы, мектеп жасына дейінгі балалардың жоғары эмоционалдық қабылдағыштығы, ес көлемінің аздығы, тез шаршағыштығы балаларды оқытудың өзіндік формаларын, әдістері мен құралдарын, уақытпен шектелген сабақтардың ұзақтығын анықтайды;
- психикалық процестердің даму деңгейі балалармен сабақтағы оқу тапсырмаларын құрудың бірқатар ерекшеліктерін анықтайды:
- кіші жаста оқу-танымдық тапсырмаларды педагог сатылап (қадамдап) балалардың орындай алуына қарай береді;
- сезімнің оянуының тежелуден артықшылығы тапсырмаларға қысқа, нақты нұсқаулар жасау, қарапайым тапсырмалардың санын арттыру қажет екендігін көрсетеді [5].
Мектепке даярлық – мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің ерекшеліктері ретінде анықтауда, олардың мына төмендегі жағдайларға бағытталғандығын білдік:
- баланың физикалық дамуына;
- интеллектуалдық аясының, танымдық процестердің ойлау амалдарына, сөз сөйлеуіне;
- тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік тәрбиесіне;
- үлкендермен және балалармен өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытуға;
- мектеп, оқудың оқу-танымдық және әлеуметтік мотивациясы, оқушының ішкі позициясы туралы білім қалыптастыруға;
- болашақ оқушының басты тұлғалық қасиеттерін дамытуға, ірілі-ұсақты моторикасының, графиктік дағдыларының, психикалық процестердің, емін-еркіндіктің, оқу мотивациясының, оқытылатындығының қалыптасқандығына;
- тәртібі мен ісінде еркіндікті дамытуға;
- оқу іс-әрекеті компоненттерінің қалыптасуына.
Балаларды мектепте оқуға дайындаудың міндеттері мен мазмұнын оның негізгі екі бағыты анықтайды: жалпы және арнайы дайындық. Мектепке арнайы дайындық – негізгі пәндер (математика, оқу, жазу, қоршаған әлем) бойынша бірінші сынып оқу материалы мазмұнын ойдағыдай меңгеруді қамтамасыз ететіндей баланың білім мен білікті меңгеруді жүзеге асыратын процесс. Жалпы дайындықтың мақсаты – баланы жан-жақты үйлесімді да- мыту. Бұл процестің нәтижесі жеке тұлғаның дене, мотивациялық, адамгершілік-еріктік, интеллектуалдық, коммуникативтік аясын қалыптастыру және баланың барлық іс-әрекет түрлерін дамыту болып табылады. Бұл екі бағыт бірлікте болуы қажет. Біртұтас дайындық процесін логикалық тұрғыдан екі бөлікке бөлу арқылы негіздеу оны жүзеге асырудың педагогикалық процестегі мақсаты мен уақытша шегінде ғана байланысты емес. Жалпы дайындық мектепке дейінгі балалық шақта барлық уақытта жүзеге асырылады. Барлық жас топтарында педагог тұлғаның әртүрлі жақтарын, бала іс-әрекетін дамытумен шұғылданады.
Жалпы дайындық туралы айтылған пікірлерді жинақтай келе, олардың мына төмендегі жағдайларға бағыттағандығын білдік:
- баланың физикалық дамуына;
- интеллектуалдық аясының, танымдық процестердің ойлау амалдарына, сөз сөйлеуіне;
- тұлғаның әлеуметтік-адамгершілік тәрбиесіне;
- үлкендермен және балалармен өзара қарым-қатынас дағдыларын дамытуға;
- мектеп, оқудың оқу-танымдық және әлеуметтік мотивациясы, оқушының ішкі позициясы туралы білім қалыптастыруға;
- болашақ оқушының басты тұлғалық қасиеттерін дамытуға, ірілі-ұсақты моторикасының, графиктік дағдыларының, психикалық процестердің, емін-еркіндіктің, оқу мотивациясының, оқытылатындығының қалыптасқандығына;
- тәртібі мен ісінде еркіндікті дамытуға;
- оқу іс-әрекеті компоненттерінің қалыптасуына.
Психологиялық дайын болу мыналарды қамтиды:
- оқуға ұмтылып, мектеп оқушысы болуды қалайтын мектепке мотивациялық дайын болу;
- танымдық іс-әрекетінің жоғары деңгейі мен ойлау амалдарының жеткілікті дамығандығы;
- таңбалық-символдық функциялары туралы түсінігінің болуы және орнын басуға қабілеттілігі;
- баланың оқу іс-әрекеті элементтерін меңгеруі;
- еріктік және әлеуметтік дамудың белгілі бір деңгейі;
- өз тәртібін еркін басқаруы;
- мұғалімдермен еркін қарым-қатынас түрін орнату, құрбыларымен арақатынасын ретке келтіру.
Мектепке психологиялық дайын болу – ғалымдардың жалпы дайын болу құрамына енгізген дайын болудың түрі. Мектепке психологиялық дайын болу проблемасын талқылай келе, Л.И.Божович оның екі аспектісін қарастырады: тұлғалық және интеллектуалдық дайын болу. Мұнда баланың психикалық дамуының мектепте оқудың жемісті болуына едәуір әсер ететін бірнеше параметрлері айқындалады:
- оқудың танымдық және әлеуметтік мотивтерін қамтитын баланың мотивациялық даму деңгейі;
- еркін жүріс-тұрысының жеткілікті дамуы;
- интеллектуалдық аясы дамуының белгілі бір деңгейі [6].
Сонымен, мектеп жасына дейінгі балаларды оқыту мен тәрбиелеудің мазмұны мен сапасын өзгертуге жағымды тенденцияларды күшейту және кеңейту мүмкіндігі болашақ мамандарға байланысты. Мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу – білім берудің алғашқы сатысы бола отырып, өзінің «балалық» ерекшелігі бар екендігін ескеру қажет. Жаңа заман баласы – бүгінгі қазақ қоғамының ұлттық қазынасы. Баланың қабілетін қаншалықты ерте ашып, дамытса, оның нәтижесі де соншалықты жемісті болмақ.
Әдебиеттер тізімі
1 Мектеп жасына дейінгі балалардың мемлекеттік міндетті білім беру стандарты. – Алматы, 2015.
2 Раисова Ж.Н. Мектепке дейінгі балалардың шығармашылық тұлғасын пәнаралық байланыс негізінде қалыптастыру. – Алматы, 2004. – 13-17б.
3 Аралбаева Қ. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана, 2008
4 Жұмабекова Ф. Мектепке дейінгі педагогика. – Астана, 2008
5 Нұржанова С. Жалпы және балалар психологиясы. Оқу құралы. – Астана: «Фолиант», 2010. -144б.
6 Баймұратова Б.Б., Сәтімбекова М.С., Жұмабекова Ф.Н. Балбөбек бағдарламасы. – Алматы, 2000



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   84   85   86   87   88   89   90   91   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет