Құрметті turksoy халықаралық Түркі Мәдениет ұйымының Бас хатшысы Дуйсен Қорабайұлы Қасеинов мырза!


БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРГЕ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ



бет89/109
Дата10.05.2023
өлшемі0,89 Mb.
#91606
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   109
Байланысты:
sciPaper105546

БОЛАШАҚ МҰҒАЛІМДЕРДІ ИННОВАЦИЯЛЫҚ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ІС-ӘРЕКЕТТЕРГЕ ДАЯРЛАУ МӘСЕЛЕЛЕРІ


Каженова Ж.С., информатика және ақпараттық технологиялар кафедрасының аға оқытушысы, Семей қаласының Шәкәрім атындағы мемлекеттікуниверситеті, Семей қ., Қазақстан
Резюме
В статье рассматриваются необходимые условия и последовательность подготовки будущего учителя к инновационной деятельности.
Summary
This article discusses the necessary conditions and the sequence of preparation of the future teacher to innovative activity.


Ұлт Жоспары – «100 нақты қадам» деген тақырыппен Елбасының халықтың назарына ұсынған жолдауында «76. ЭЫДҰ елдері стандарттары негізінде адамдық капитал сапасын арттыру. 12 –жылдық білім беруді кезеңдеп енгізу, оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту үшін мектептегі оқыту стандарттарын жаңарту. .» делінген. Осы ретте функционалдық сауаттылық ұғымына тоқталайық.
Жеке тұлғаның маңызды функционалдық қасиеттері жігерлілік, шығармашылықпен ойлана білу және стандартты емес шешімдер таба білу, өзінің кәсіби жолын таңдай білу, өмір бойы ізденуге, үйренуге дайын болу болып табылады. Осы функционалдық дағдылар мектеп жағдайында қалыптасады [1]. Бұл туралы Елбасының халыққа жолдауларында айтылып, осы тұрғыдан алғанда елімізде бірнеше стратегиялық жоспарлар жасалып, олардың бәрі сатылап жүзеге асырылуда. Бір сөзбен айтқанда, елімізде мектеп оқушыларының функционалдық сауаттылығын дамытуға бағытталған жағдайлар жасалуда.
Қазіргі жедел өзгеріп отыратын әлемде, функционалдық сауаттылық адамдардың әлеуметтік, мәдени, саяси және экономикалық іс-әрекеттерге белсенді қатысуына, сол сияқты өмір бойы оқып-үйренулеріне ықпал ететін базалық факторға айналуда.
Осы жерде функционалдық сауатылықты дамыту нәтижесі жастардың алынған білімді практикалық жағдайда тиімді қолдануға және әлеуметтік бейімделу үрдісінде сәтті пайдалануға мүмкіндік беретін білім алушылардың кілттік құзыреттілік жүйесін меңгеруі болып табылады. Кілттік құзіреттіліктер - бұл ЖМББС мен оқу бағдарламаларында білім алудың нәтижесі түрінде көрсетілген мектеп бітіруші тұлғасының сапасына қойылатын мемлекеттің талабы. Білім берудің нәтижесі ретінде кілттік және пәндік құзіреттіліктер нақты, өлшенетін, қол жетімді, шынайы және уақыт бойынша анықталған болуы керек.
Оқытудың формалары мен әдістерін жаңарту мақсатында:

  • Назарбаев зияткерлік мектептерінің инновациялық тәжірибесін еліміздің жалпы білім беретін мектептеріне трансляциялау және баланың оқуға қызығушылығын арттыратын заманауи білім беру технологияларын қолдану арқылы қамтамасыз етілуде.

  • Білім беру нәтижелері жетістіктерінің сәтті болуын, алынған білімді оқу және практикалық іс-әрекетте қолдана алуды қамтамасыз ететін логикалық, сын тұрғысынан және құрылымдық ойлау негіздерін қалыптастыру үшін оқытудың тиімді формалары мен әдістері енгізілуде.

  • Жоғарғы оқу орындарында, "Назарбаев зияткерлік мектептері" ААҚ педагогикалық шеберлік орталықтары, "Өрлеу" Ұлттық біліктілікті арттыру орталығының аймақтық біліктілікті арттыру орталықтарының педагогикалық кадрлардың біліктілігін арттыру және қайта даярлау бағдарламаларының мазмұны жаңартылып, жүзеге асырылуда.

Қазіргі кезде Қазақстан педагогикалық білім берудің дүниежүзілік тәжірибесін зерттеуде. Дүниежүзілік озық тәжірибеде мұғалімнің ізденуші-зерттеушілік іс-әрекетіне өте үлкен маңыз беріледі. Осыған байланысты мұғалімді инновациялық іс-әрекетке дайындау қазіргі кезде педагог кадрларды даярлайтын жоғарғы оқу орындарында қолға алынуда.
Инновациялық іс-әрекеттің құрылымындағы қажетті компонент - рефлексия болып табылады. Рефлексия - мұғалімнің өзінің санасы мен іс-әрекетін тануы және талдауы (өзінің ойына көзқарасы және оған баға беруі). Осыған байланысты келесі процесстер орын алады: өзін-өзі тану және өзгелерді тану, өзін-өзі бағалау және өзгелерді бағалау, өзін-өзі түсіну және өзгелерді түсіну.
"Инновация" сөзі латын тілінен аударғанда - жаңарту, өзгеріс, жаңаны енгізу дегенді білдіреді. Педагогикалық әдебиетте білім беру саласындағы екі типті инновациялық үрдіс ерекшеленіп көрсетіледі:
Инновацияның бірінші типі – қажеттіліктен тыс, өзбетімен болатын инновация. Осы текті инновация ғылыми негіздеменің толықтығымен үнемі байланысты болмайды, көбінесе олар эмпирикалық негізде, жағдаяттық талаптардың ықпалымен болады. Осы типті инновацияға новатор-мұғалімдердің, тәрбиешілердің іс-әрекеттерін жатқызуға болады.
Жаңалықты енгізудің екінші типі - саналы, мақсатты бағытталған, ғылыми негізделген пәнаралық іс-әрекеттің өнімі болып табылатын білім беру жүйесіндегі инновациялар [2].
Тарихи тұрғыдан алғанда барлық жаңа және белгісіздер адамдарда үрей мен қорқыныш ұялатқан. Сәйкесінше, теріс сезімдердің туындауынан, жеке және көпшілік сана стереотипінің болуынан, адамдардың өмір салтын, қызығушылықтары мен әдеттерін қозғайтын инновациялар адамдарға батады, олар ауырсынады. Бұл өмірлік қауіпсіздік, қорғалу, өз-өзіне сенімділік, жайлылық және т.б. талаптарын бұғаттаумен шарттасқан. Антиинновациялық бөгет – әлеуметтік және психологиялық әдебиеттерде дәстүрлі түрде қолданылатын ұғым. Психологиялық, жеке тұлғаның ішкі бөгеті мұғалімнің жеке қасиеттеріне де, ол енетін қоғамның әлеуметтік-психологиялық көріністеріне де байланысты. Инновациялық мінез-құлық – бейімделу емес, өзінің жеке қасиеттерін барынша дамыту.
Мұғалім мына ойды тереңдеп ұғынуы керек: егер кімде-кім өзінің құндылықтары мен идеалынан бас тартатын болса, ол өзінің моральдық және интеллектуалдық тұтастығын бұзады, бақытсыздықты сезінеді, еркіндігін жоғалтады. Бұл жердегі еркіндік дегеніміз өзін тұлға ретінде сыйлау дегенді меңзейді. Мұғалімге инновациялық іс-әрекетті жүзеге асыруға бөгет жасайтын психологиялық бөгеттерді, "комплекстерді" ұғыну, басынан кешіру және арылу пайдалы болмақ.
Педагогтың ішкі дүниесінің стандартталуы оның іс-әрекетінде нұсқаулық ережелердің көп орын алуымен түсіндіріледі. Санада педагогикалық іс-әрекеттің әртүрлі дайын үлгілері көптеп жиналады. Бұл өзінің шығармашылық деңгейін төмендете отырып, мұғалім педагогикалық қауымдастыққа еніп кетуіне әкеледі.
Мұғалімді инновациялық іс-әрекетке дайындаудың тізбектілігі
Бірінші кезең – мұғалімнің шығармашылық даралығын дамыту, студенттерде шығармашылық педагогикалық міндеттерді анықтау, құрастыру, талдау және шешу қабілеттерін қалыптастыру, сонымен қатар шығармашылық ізденістің жалпы технологиясын дамыту: алдында меңгерілген білім мен дағдыларды өзбетімен жаңа жағдайятқа аудару, таныс жағдаятта мәселені, нысанның жаңа функциясын көре білу, нысанның құрылымын анықтау, шешім альтернативаларын немесе оның тәсілдерін көре білу, алдыңғы меңгерілген іс-әрекет тәсілдерін жаңа туындаған мәселерге қолдана білу, сын тұрғысынан ойлауды дамыту.
Екінші кезең – ғылыми танымдық әдістемелер, педагогикалық зерттеулер негіздерін меңгеру, инновациялық педагогикаға кіріспе. Студенттер инновациялық педагогиканың туындауының әлеуметтік және ғылыми шарттарымен, оның негізгі ұғымдарымен танысады, әртүрлі инновациялық оқу орындарының типтерімен танысады, және т.б.
Үшінші кезең – инновациялық іс-әрекеттің технологиясын меңгеру. Қазіргі кездегі оқытуда қолданылатын жаңа технологияларды – интерактивті әдістерді меңгеру.
Төртінші кезең - инновациялық әдістерді педагогикалық үрдісте қолданып көрі үшін мектептерде практикалық жұмыстар жүргізу. Осы кезеңде мұғалімнің инновациялық қозқарасы қалыптасады [3].
Мұғалімдерді инновациялық педагогикалық іс-әрекетке дайындау мақсатында ЖОО профессор-оқытушы құрамы келесі біліктілікті арттыру курстарынан өтті:

  • «Назарбаев Зияткерлік мектептері» ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы Кембридж университетінің Білім беру факультетімен бірлесіп әзірлеген Қазақстан Республикасы педагого қызметкерлерінің біліктілігін арттырудың деңгейлі бағдарламасы негізінде дайындалған педагогика кадрлары даярлайтын жоғары оқу орындарының профессорлық-оқытушылық құрамы қатарынан тренерлерді оқыту бағдарламасы бойынша;

  • Қазақстан Республикасы білім және ғылым министрлігі «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығы» АҚ тарапынан жүргізілген курстар.

Кәсіптік-педагогикалық білім берудегі маңызды мәселе - өзінің кәсіби әрекетіне талдау жасай алатын мұғалімді дайындау, яғни үнемі өзінің педагогикалық іс-әрекетіне баға беріп, ондағы жетістіктері мен кемшіліктеріне рефлексия бере алатын мұғалім ғана оқу үрдісін белгілі мақсатқа бағыттай отырып, ұйымдастыра алады. Мұғалімдерге оқушының ақпаратты тек есте сақтап алуынан пайда жоқ екенін түсіну өте маңызды. Балалар оқу ақпаратына зейінін салып, оның мағынасы туралы ойланып, білімді жоспарлы түрде қолдануға үйренуі керек: осының бәрі мәселені шешудің іргелі компоненттері болып табылады. Осыған орай, болашақ мұғалімдерді даярлайтын жоғарғы оқу орындарының алдында тұрған міндет - үнемі оқу үрдісін тиімді ұйымдастыруға ұмтылатын мұғалімді даярлау. Бүгінгі таңда білімнің белгілі көлемін беру арқылы ғана оқушыларды қоғамға дайындау жеткіліксіз деген пікір қалыптасқан. Қазіргі қоғамда табысты адам болу үшін оқушыларды білім алудың белсенді формасына тарту керек. Олардың бойында таңдау жасау, ресурстарды тиімді пайдалану, теорияны практикамен ұштастыру және т.б. дағдыларды қалыптастыру маңызды болып табылады. Оқушылардың толыққанды танымдық іс-әрекеті ғана оларды жаңа ойларға, белсенді өмірлік ұстанымға, тапқырлыққа және өзінің білімін өзбетінше толықтыра алу дағдысына, толассыз ақпарат ағынында бағдарлана алуға икемдейді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   85   86   87   88   89   90   91   92   ...   109




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет