Роман және готика өнері


Тәрбиенің негізгі мақсаты



бет2/3
Дата29.10.2022
өлшемі10,58 Mb.
#46171
1   2   3
Тәрбиенің негізгі мақсаты
Адамгершілік, имандылық, ізгілік, елжандылық.
Ақыл-ой әрекетімен қатар іскерлікке машықтандыру.
Ұлттық сана сезімі, мәдениеті, парасаты, ар-ожданы мол адам тәрбиелеу.
Біртұтас әлем туралы ғылыми негізделген көзқарас қалыптастыру.
Тәрбие әдісі – қойылған мақсатқа жетудегі оқушылар ұжымы мен тәрбиешілер іс-әрекетінің күрделі жиынтығы.
Оның көмегімен, тәрбие үрдісінде оқушыны тұлға ретінде қалыптастыру мақсатты түрде іске асырылады.
Тəрбие əдістері – бұл тəрбие көздеген мақсатқа жетудің жолдары, тəсілдері.

Тәрбие әдісі - оқушылардың тұлғалық қасиеттерін қалыптастыруға бағытталған тәрбиешілер мен
тәрбиеленушілердің өзара
байланысты
педагогикалық
жұмыс тәсілдері.
Тәрбие тәсілі – тәрбие әдісінің құрамды бөлігі және жеке бөлшегі. Тәсіл білгілі бір жағдайда әдісті нақты қалай қолдануды қамтамасыз етеді. Мысалы: мақтау әдісінің түрлі тәсілдері бар: құптау, мақтау, алғыс, марапаттау, т.б.
Тәрбие үрдісінде сендіру әдісінің маңызы зор және ол төмендегідей тәсілдер арқылы іске асырылады; сендіру, көзін жеткізу, түсіндіру, әңгімелесу, баяндау, т.б.
Тәрбие тәсілдері: 1. Тәрбиенің мақсаттарын, міндеттерін, оларға жетудің жолдарын ұсыну. 2. Ақпараттық - ағартушылық. 3. Бағдарлау - іс-қызмет. 4. Қатынас. 5. Бағалау.
Тәрбие әдістерін жіктеуге байланысты қалыптасақан тәжірибе бойынша әдістерді негізінен үш топқа жіктейді Г.И.Щукинаның «Педагогика» оқулығында М,. 1977 ∕тәрбие әдістерін:
1. Жеке адамның санасын қалыптастыру;
2. Қоғамдық мінез-құлықты қалыптастыру, іс-әрекетті ұйымдастыру;
3. Мінез-құлық пен іс-әрекетті ынталандыру деп жіктесе,
В.А.Сластенин ∕ Педагогика М., 1988 ∕ оған қосымша мінез – құлықпен, іс-әрекетке бақылау, жасау, өзін – өзі бақылауды ұйымдастыру және өзіне-өзі тәрбие беру әдістерін қосады.
Ғалым – педагогтар Н.И.Болдырев, Н.Г.Гончарев,
Р.Р.Королев еңбектерінде тәрбие әдістерін сендіру,
жаттығу, мадақтау және жазалау деп қарастырады.
Осыған орай тәрбие әдістері төрт топқа ажыратылады:
Адамгершілік сананы қалыптастыратын әдістер.
Іс-әрекет және қоғамдық тәртіп тәжірибесін қалыптастыратын әдістер.
Тәртіпке, іс-әрекетке ынталандыратын әдістер.
Мінез-құлық пен іс-әрекетке бақылау жасау, өзін-өзі бақылау,
ұйымдастыру және өзіне-өзі баға беруді, ұйымдастыруды жүзеге асыру әдістері.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет