С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет231/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   396
Сабақтың  басы  балаларды  тікелей  ұйымдастыруды 

бағамдайды:  алдағы  қызметке  олардың  назарын  аударту, 




287 

 

қызығушылығын  ояту,  сәйкес  эмоционалды  күй  орнату,  оқу 



тапсырмасын  ашу.  Түсіндірме  іскерлік  түрде,  байыппен, 

жеткілікті  эмоционалды  болуы  тиіс.  Түсіндірме  және  әрекеттің 

тәсілдерін  көрсету  негізінде  балада  элементарлы  жоспар 

құрылады:    оған  қалай  өзіне  әрекет  ету  керек,  тапсырмаларды 

қандай кезекпен, қандай нәтижелерге ұмтылу. 

Сабақ барысы (процесс) – балалардың оқу тапсырмасымен 

берілген  білім  мен  машықтарды  игерудегі  өзіндік  ой  немесе 

практикалық  қызметі.  Сабақтың  бұл  этапында  оқыту  тәсілдері 

баланың 


дамуы 

деңгейіне, 

түсіну 

темптеріне, 

ойлау 

ерекшеліктеріне  сәйкес  индивидуалданады.  Барлық  балаларға 



тек  педагогтың  түсіндіруі  анық  емес  болып  оқу  тапсырмасын 

орындауда көбісі қателер жасағанда үндеуге болады. 

Тез  және  жеңіл  еске  сақтайтындарға,  талдау  жасай 

алатындарға, 

өз 

қызметтерін, 



нәтижелерін 

педагогтың 

нұсқауымен  салғастыра  алатындарға  минималды  көмек 

көрсетіледі.  Қиындық  туса,  ондай  балаға  кеңес,  еске  салу, 

жетекші  сұрақта  жеткілікті.  Педагог  әр  тәрбиеленушіге  өзі 

ойланып  қиын  жағдайдан  шығар  жолды  табу  үшін  ойлануға 

мүмкіндік  береді.кейбір  балаларға  кейде  қосымша  түсіндіру, 

көрсету,  педагогтың  тікелей  көмегі  қажет,  ал  кейбіреулеріне 

ауызша инструкцияда жеткілікті. Педагог әр баланың, оның алға 

жылжуын,  нені  үйренгенін  көрсететін  нәтижеге  жете  алғанын 

қалайды.  Нәтижеге  жету  –  сабақта  практикалық  және  оқыту 

қызметінің  қажетті  аяқталуы.  Бұл  баланың  ерігін  нығайтады, 

білім мен машық алуға қызығушылықті жоғарылатады. 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   227   228   229   230   231   232   233   234   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет