С. А. Козлова, Т. А. Куликова



Pdf көрінісі
бет27/396
Дата06.01.2022
өлшемі4,62 Mb.
#12664
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   396
Байланысты:
kulikova t mektepke deyingi pedagogika

педагогикалық 

училищелерде 

жүзеге 


асырылған.  Соңғы  он  жылдықтарды  барлық  жерлерде 

жоғарылатылған 

үлгідегі 

мекемелерді 

білдіретін 



педагогикалық  колледждер  құрылуда.  Олар  кадрларды 

ұзартып  даярлау  жеке  оқу  жоспарлары  бойынша  орта  кәсіптік 

білімнің  тереңдетілген  білім  беру  бағдарламалары  негізінде 

мамандарды 

дайындауды 

жүзеге 


асырады. 

Осылайша, 



педагогикалық  колледждер  білім  алушыларға  біліктіліктің 

жоғары  деңгейін  қамтамасыз  етуге  міндеттелген.  Орта 

кәсіптік  білімді  дамытудың  жаңа  алғышарттары  050144  – 

Мектепке дейінгі білім беру мамандығы бойынша орта кәсіптік 

білім берудің Федералдық мемлекеттік білім беру стандартында 

белгіленген (РФ Білім және ғылым министрлігінің 2009 жылғы 5 

қрашадағы № 530 бұйрығымен бекітілген). 

Педагогикалық  колледждер  жеке  білім  беру  мекемелері 

немесе  жоғары  оқу  орнының  (университеттің,  академияның, 

институттың) құрылымдық бөлімшесі ретінде қызмет етеді. 

Толық  емес  жоғары  педагогикалық  білімді  жоғары  оқу 

орнында,  егер  онда  кәсіби-педагогикалық  даярлықтың  тиісті 

бағдарламасы  жүзеге  асырылса  (18  айға  дейін),  алуға  болады. 

Оқу  бітіргеннен  кейін  студентке  жоғары  білімін  жалғастыру 

немесе толық емес жоғары білім туралы дипломды алу таңдауға 

беріледі. 

Жоғары  педагогикалық  білім  беру  университеттерде, 

академияларда,  институттарда  жүзеге  асырылады.  Жоғары 

педагогикалық  білімнің  бірнеше  сатысы  бар.  Әр  сатыны 

бііргеннен  кейін  белгілі  біліктілік  тағайындалады  (бакалавр, 



32

 

магистр). Орта педагогикалық білімі бар тұлғалар қысқартылған 



жеделдетілген  бағдарламалар  бойынша  жоғары  кәсіби  білімді 

алады.  


«Мектепке  дейінгі  білім  беру»  мамандығы  бойынша  орта 

кәсіптік  те,  және  жоғары  білім  беру  шеңберінде  болашақ 

мамандарды қызметтің мына түрлеріне даярлайды: 

баланың денсаулығын нығайту мен оның физикалық дамуына



бағытталған шараларды ұйымдастыру;

қызметтің  әр  түрін  және  балалармен  қатынас  жасауды



ұйымдастыру;

мектепке  дейінгі  білімнің  негізгі  жалпыға  білім  беретін



бағдарламалар бойынша сабақтарды ұйымдастыру;

ата-аналар  және  білім  беру  мекемелерінің  қызметкерлерімен



өзара әрекет ету;

білім беру үрдісін әдістемелік қамтамасыз ету.



Қызметтің  осы  түрлерінің  орындалуы  студенттің,  болашақ

педагогтің жалпы және кәсіби құзыреттіліктерді игергендігін 

талап  етеді,  олардың  тізбесі  Федералдық  мемлекеттік 

стандарттарда  (ЖКБ-нің  ФМБС-і  және  үшінші  буындағы  ОКБ-

нің ФМБС-і) қамтылған. 

Құзыреттілік білім алушының білім алу даярлығына алдын 

ала  қойылатын талап  ретінде  сипатталады, оның кәсіби рөлінің 

сипаты.  Ал  маманның  құзыреттілігі  осы  талапқа  сәйкес 

шамасына,  құзыреттілікті  игеру  дәрежесіне,  адамның  тұлғалық 

сипатына байланысты. 

Педагогикалық  білім  (жоғары  және  орта)  салыстырмалы 

түрде 

таяуда 


пайда 

бола 


бастаған 

мамандық 

пен 

мамандандыруға байланысты сараланады.  



Адамтану ғылымдарының (психология, педагогика, анатомия 

және  физиология,  биология,  этика,  эстетика  және  т.б.) 

қалыптасу  шамасына  қарай  адамның  жас  ерекшелігіне 

байланысты  дамудың  сипаты  жаңа  деректермен  байытылды 

және баю үстінде.  

Балалардың  жас  ерекшелігі,  психофизиологиялық  (ақыл-ой 

кемтарлығы, 

сөйлеудің 

бұзылуы), 

жеке 


дамуының 

ерекшеліктеріне байланысты, сонымен қатар, кейбір әлеуметтік 

факторларды  (жетім  балалар,  ата-анасының  қарауынсыз  қалған 

балалар;  мінез-құлқы  ауытқыған  балалар  және  т.б.)  ескере 

отырып, түрлі санаттағы балалардың тәрбиесі мен оқуына жеке-

дара қарау мүмкіндігі пайда болды. 




33

 

Бұл жағдай соңынан әр түрлі типтегі және үлгідегі білім беру 



мекемелерінде (жалпы немесе түзету түріндегі балалар бақшасы, 

бастауыш  мектеп,  музыка  мектебі  және  т.б.)  жұмыс  істеу  үшін 

педагогикалық  кадрларды  даярлауда  өзгерістерге  әкелді. 

Нәтижесінде, педагогикалық мамандықтың ішінде мамандықтар 

мен  мамандандырулар  қалыптаса  бастады,  олар  ескеріле 

отырып, кәсіби білім берудің мазмұны дифференциацияланады. 



Мамандық  –  тағайындалатын  біліктілікке  сәйкес  (мектепке 

дейінгі мекеменің тәрбиешісі, музыкалық жетекші, ән мұғалімі, 

бастауыш мектеп мұғалімі, биология мұғалімі және т.б.) белгілі 

кәсіби-педагогикалық  міндеттерді  шешуге  бағытталған  әрекет 

түрі. 

Мамандандыру  –белгілі  бағыты  бар  және  еңбектің  нақты 

объектісімен  (логопедиялық  тпотың  тәрбиешісі,  мектепке 

дейінгі мекеменің дене тәрбиесі бойынша инструктор, бейнелеу 

қызметі  студиясының  жетекшісі  және  т.б.)  байланысқан 

мамандық шеңберіндегі қызметтің ерекше түрі. 

Оқу  орнын  (орта  немесе  жоғары)  аяқтағаннан  кейін 

бітірушіге  маманның  кәсіби-педагогикалық  даярлығының 

деңгейі  мен  түрін  көрсететін  педагогикалық  біліктілік 

тағайындалады.  Тағайындалған  біліктілікке  сәйкес  педагог 

нақты  лауазымды  қызмет  етіп,  белгілі  деңгейдегі  кәсіби 

міндеттерді атқара алады. 

Педагогтің  одан  арғы  біліктілігін  көтеру  қажеттілігі  білім 

беру жүйесіндегі өзгерістерге (мектепке дейінгі мекеменің жаңа 

үлгілерін  жасаумен,  балалармен  білім  беру  жұмысының 

вариативтік  бағдарламаларының  пайда  болуымен  және  т.б.), 

сонымен  қатар,  лауазымдық  өсуге  (тәрбиешіні  әдіскердің, 

мектепке  дейінгі  мекеменің  меңгерушісі  қызметіне  ұсынады) 

байланысты туындайды.  

«Ресей  Федерациясындағы  білім  туралы»  заңда  педагогтің 

үш жылда бір реттен кем емес педагогикалық қызметінің бейіні 

бойынша қосымша кәсіби білім алу құқығы жазылған (47-б.). 



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   23   24   25   26   27   28   29   30   ...   396




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет