білім беру «жалпыға бірдей пайда әкелетін және адамның,
отбасының, қоғамның және мемлекеттің мүддесі үшін
жүзеге асырылатын тәрбие беру мен оқытудың бір мақсатқа
бағытталған үрдісі», сонымен қатар, адамның игеретін
білімінің,
дағдысы
мен
іскерліктерінің,
құнды
ұстанымдарының, қызмет ету тәжірибесінің, зияткерлік,
рухани-адамгершілік, шығармашылық, физикалық және
(немесе) кәсіби дамуының, оның білім алу қажеттілігі мен
мүдделерін қанағаттандыру жиынтығы ретінде анықталады.
Осындай анықтамада Л.С.Выготскийдің бала оқи және
тәрбиелене отырып дамиды деген тұжырымы жүзеге
асырылады. Осымен бірге білім берудің жақын педагогикалық
үрдістерінің, атап айтқанда, тәрбие берудің, оқытудың,
ағартудың бірлігі ретіндегі бірігу сипаты аталып өтіледі.
Достарыңызбен бөлісу: |