Мектепке дейінгі педагогика - өмірдің алғашқы
жылдарындағы балаларды тәрбиелеу, оқыту және білім беру
туралы ғылым(туғаннан бастапмектепке барғанға дейін).
Педагогикалық ғылымның маңызды саласы ретінде мектепке
дейінгі педагогиканың негізін салушы Я.А. Коменский болып
табылады. Оның «Ана мектебі» атты кітабында алғашқы рет
мектепке дейінгі тәрбиелеу жүйесі ұсынылды. Коменский
теориясындағы көптеген ережелер заманауи педагогика үшін де
өзектілігін жоймады.
Заманауи мектепке дейінгі педагогика біріншіден, тәрбиелеу
және
оқыту
үдерісін,
оның
мақсаттарын,
мазмұнын,
ұйымдастыру формаларын, әдістерін, іске асыру тәсілдері мен
құралдарын; екіншіден, осы үдерістің бала дамуына, оның тұлға
болып қалыптасуына әсерінзерделейді. Мектепке дейінгі
педагогика өздігінен қолданбалы функциямен де айналысады -
тәрбие мен оқытудың жаңа, неғұрлым жетілдірілген
бағдарламалары
мен
әдістерін
игерумен
айналысады.
Әлеуметтік ғылым бола отырып, ол жас ұрпаққа білім беру
саласында заманауи қоғамның талаптарымен тығыз байланысты.
Мектепке дейінгі педагогика біілім беру жүйесінің даму
үрдістері мен келешегін қарастырғандықтан, оның болжамдық
рөлі, сөзсіз, тәрбиені ұйымдастыруды болады. Ғылыми
болжамдардың негізінде тәрбиелеудің жаңа тұжырымдамалары
жасалады, білім беру стандарттары әзірленеді; отбасылық және
мектепке
дейінгі
мекемелер
жағдайында
балаларды
тәрбиелеудің теориялық негіздері мен технологиялары
зерттеледі, мектепке дейінгі мекемелердің әртүрлі типтері мен
түрлері бойынша оқу үдерісінің ерекшеліктері зерттеледі.
Достарыңызбен бөлісу: |