С. Б. Балшыкеев


Исламның тарихи кезеңдері



Pdf көрінісі
бет103/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

Исламның тарихи кезеңдері. 
Ислам тарихы он тӛрт ғасырды 
қамтиды. Осы уақыт аралығында адамзат ғарышқа ҧшты, материяның 
кӛптеген ғажайыптары ашылды, әлемдегі әлеуметтік-экономикалық және 
саяси жағдайлар ӛзгеріске ҧшырады. Мҧхаммедтің ізбасарларының аз 
тобынан шыққан ислам дҥниежҥзілік дін мәртебесіне дейін кӛтеріліп, 
әлемдік ӛркениеттің қҧбылысына айналды. Исламның тарихы қазіргі 
заманға дейін сақталған драматизмге толы. Мҧсылман әлемі – абстракция 
емес, ол ҧзақ даму нәтижесінде пайда болған геосаяси және рухани 
шындық.
Ерте ислам (VII-VIII ғғ.). 
Негізгі қайнар кӛзі Қҧран мен хадистер 
болып табылады – олар Мҧхаммедтің әр тҥрлі жағдайлардағы іс-әрекеттері, 
сонымен қатар, оның әр тҥрлі адамдармен әңгімелері туралы ақпараттар 
жазбаша тҥрде сақталған. Нәтижесінде, хадистер бірнеше жинақтарға 
жҥйелендірілген және «мҧсылман хикаясы» атты Суннаны қҧрады.
Зерттеушілердің пайымдауынша, исламның догматикасы мен діни 
салттарының қалыптасуына исламға дейінгі жергілікті ежелгі нанымдар, 
сонымен қатар, христиан діні, иудаизм мен зороастризм зор әсер етті.
Исламға дейінгі нанымдар мен салттардың ішінен 
исламдық 
жҥйеге келесі кезеңдер енгізілген: 
- полидемонизм, яғни, адамдардың іс-әрекеттеріне әсер ететін 
әзәзілдердің (жындардың) шынайы ӛмір сҥруі туралы тҥсінік; 
- Арабияның барлық тайпаларында қолданылған және қҧдайлардың 
мейірімділігіне бӛленуге арналған қҧрбандыққа шалулар; 
- қасиетті және басқа да киелі жерлерге қажылыққа бару; 
- ер адамның бірнеше әйел алуы кезіндегі кӛп некелілік; 
- ерлік пен батырлықты мадақтау. 
Ислам
 
дініне 
иудаизмнен 
кӛптеген компоненттер «тараған», оларды 
тҥгендеу мҥмкін емес. Олардың тек кейбіреуін қарастырайық: 
- жалғыз Қҧдайдан басқа ешкімге табынбау
- пҧтқа табынушылықпен кҥресу; 
- кӛне ӛсиет пайғамбарларының іс-әрекеттері туралы ілім; 
- дҥниені жарату, кҥнәнің кешірілуі, рҧқсат етілген және рҧқсат 
етілмеген тағам туралы ілім. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   99   100   101   102   103   104   105   106   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет