С. Б. Балшыкеев


Діннің Гносеологиялық тамырлары



Pdf көрінісі
бет19/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

Діннің
Гносеологиялық тамырлары. 
Әлеуметтік әлсіздік ӛздігінен 
діншілдіктің себебі бола алмайды. Ол сондай қалпына тек адамның ӛзін-ӛзі, 
қоғамдағы орнын тҥсіну нәтижесінде келеді. Сәбилерде діншілдік қасиет 
болмайды, оның қарапайым себебі олардың абстракциялау қабілеттері 
потенциалды тҥрде мҥмкіндіктер тҥрінде болатындығы саналады.
Тҥсініктер, талқылаулар және ойша пайымдаулар деңгейіндегі абстрактті 
ойлар білім мен тәжірибенің жинақталуына қарай бірітіндеп қалыптасады.
Сондықтан да, діннің гносеологиялық тамырлары жайында сӛз 
болғанда, адамның «басқа ақиқатты» қалыптасқан шындық негізінде 
қҧрастыру, қиялдау, ортақтандыру қабілеттерімен ерекшеленетін танымның 
деңгейі жӛнінде айтылады.
Ғылыми әдебиетте танымдық әрекет барысында қиялдар, жалғандар, 
бҧрмалаулар мен теріс тҥсіндірулер, мағынасыздықты туындататын ойды 
ақиқаттан ажырататын шынайы қауіптіліктер әрдайым анықталып отырды. 
Осыған қарамастан, кез-келген тҥсінікте нақтылы, сезіммен қабылданатын 
шынайылық элементі сақталады. Мысалы, діни 
«жұмақ»
тҥсінігі әр 
халықта ерекше мазмҧнға ие, себебі, ол жер беті тіршілік әрекетінің нақты 
жағдайларының әсер етуімен қалыптасты.
Осыған байланысты біреуді кімнің діні шынайы, кімдікі жалған 
екеніне сендіру ойға қонымсыз болып табылады. Басқасын тҥсіну 
маңыздырақ саналады: кез-келген дін – шынайы интеллектуалды 
ізденістердің кӛрсеткіші. Дамыған дін ілімі тек жетілген ойдың нәтижесі 
ретінде мҥмкін бола алады. Діни наным практикалық білімнің табиғи 


23 
жалғасы болып табылады. Ол ғылымның кӛптеген «қашан, қайда, неге, не 
себепті» деген сҧрақтарына жауап беруге қабілетсіз жерлерінде туындайды.
Діннің 
психологиялық 
тамырлары. 
Діннің 
психологиялық 
тамырлары діншілдікті ҧғыну және жҥзеге асыруға мҥмкіндік туғызатын 
жеке, топтық және қоғамдық сипаттағы жағдайлармен тҥсіндіріледі. Жеке 
деңгейдегі осындай жағдайларға қорқыныш, қайғы-қасірет, жалғыздық, 
зарығу, ҥміт ҥзу және т.б. жатады.
Қоғамдық-топтық деңгейдегі психологиялық тамырлары - қарым-
қатынас орнату мен аяныш сезім білдіру, топтық ҥрей мен ӛршуді, 
дәстҥрлер мен салттардың кҥші, иландыру, еліктеу, адамгершілік-
эмоциялық толығу, басқа да қабылдауға жатпайтын психологиялық 
процестердің қажеттілігі болып табылады.
Дінге бой ҧсыну себептерінің кӛп жылдық зерттеулері адамдардың 
Қҧдайға сыртқы жағдайлардың әсерінен, ӛмірінің мәнсіз болып, аса ауыр 
халге душар болған кезде ғана бой ҧсынуын мәлімдейді.
Осы айтылғандар материалдық және рухани ырыс-берекенің ӛздігінен 
діншілдікке жетуге кедергі жасайтынын білдірмейді: ақиқатты іздеудің ӛте 
ауыр жолдары, ӛмірдің мәні, ӛлім алдындағы ҥрей және т.б. туындауы 
барлық әлеуметтік топтарға тән қасиет және сондықтан да адамзат 
кӛпшілігінің діншіл болуы ҥйреншікті қҧбылыс болып табылады.
Әдебиет
1. Бойд Р.Т. Курганы, гробницы, сокровища. – М.,1991. 
2. Беннер Р. В поисках Бога. – М.,1991. 
3. Бутинова М.С. Как возникла религия. - М., 1977. 
4. Джусани А. Реальность, разум и религия. – М., 1986. 
5. Маклин Дж.С. и др. Очевидность сотворения мира. - М., 1991. 
6. Мень А. История религии в 7-и томах. - М., 1991, Т. 1. 
7. Сухов А.Д. Философия проблемы происхождения религии. - М., 1967. 
8. Философская энциклопедия в 5-и томах. - М., 1960-1970, Т. 1-5. 
9. Чертихин В.Е. У истоков религии. - М., 1977. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет