С. Б. Балшыкеев



Pdf көрінісі
бет25/117
Дата27.09.2023
өлшемі1,13 Mb.
#110776
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   117
Байланысты:
Balshikeev 1 (1)

Реттеуші функция. 
Дін - діндарлардың ӛзара және басқа да 
«әлемге» қатысты әрекеттерінің қатаң модельдерін тудыратын қуатты 
қҧралы болып табылады. «Ненің жақсы» және «ненің жаман» екені 
арасында нақты шекараны жҥргізуге шақыратын кеңестер мен тыйым 
салулардың жҥйесі қҧрылды.
Іс-әрекет діни нормаларының әрқашанда ӛзгерусіз қалмайтынын баса 
айтқан жӛн. Бҧл діннің қҧлдық және қҧл саудасына, тҥсік жасау және бала 
бітірмейтін шараларға, спирттік ішімдіктер мен кейбір тағамдарды 
тҧтынуға байланысты қатынасынан айқын кӛрінеді.
Кӛптеген діндерде әр тҥрлі әлеуметтік топтардың ӛмір салтының шегі 
ереже бҧзылған жағдайда жазаға бҧйырылатын әскери жарғылардың 
деңгейіне дейін жеткізілген.
Коммуникативті функция. «Коммуникация» 
термині бір нәрсенің 
басқа нәрсемен, әлдекімнің басқа біреумен байланысын білдіреді. Діннің 
коммуникативті функциясы жӛнінде айтылған жағдайда, дін ілімі мен 
ғибадат 
етуге 
негізделетін 
дінге 
сенушілердің 
байланыстары, 
қауымдастықтары туралы сӛз етіледі. Коммуникация оларға ӛзара 
ақпараттармен бӛлісуге және ӛзгерістегі жағдайда жылдам жауап беруге 
мҥмкіндік туғызады.
Бҧл функцияда қарым-қатынас орнату мен ӛзара қолдау кӛрсетудегі 
«әлеуметтік болмыс»
ретіндегі адамның қажеттіліктері бейнеленеді. 
Қазіргі таңдағы діннің коммуникативтік фунциясының артып келе 
жатқанын айтпай кетуге болмайды. Дінге сенушілер ғибадат ету 
ғимараттарында қарым-қатынас орнатудан басқа, баспа, радио, теледидар 
арқылы да табысуға зор мҥмкіндіктері бар, мҧндай мҥмкіншіліктер олардың 
ақпараттық хабардарлығын арттырады және тҧйықтық пен оқшаулық 
шекараларын бҧзады.
Тәрбиелік функция. 
Діннің осындай функцясын ешкім ешқашан 
талқыламаған. Әрбір дін ӛзінің әрекеттегі нормаларына, дәстҥрлеріне, 
қҧндылықтары мен мақсаттарына сәйкес, діни тҧлғаның қалыптасуы мен 
тҧрақтануына маңызды, кей кезде шешуші ықпалын тигізеді. Кӛптеген 
дінге терең табынушы адамдар тҧрақты діндері ҥшін ӛздерінің ата-


29 
аналарының, туған-туыстарының, рухани тәлімгерлері мен т.б. алдында 
міндетті.
Діннің тәрбиелік функциясының екі жағын қарастыру қажет: 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   117




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет