С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет111/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   162
1.  Васильев  Л.С.  История  Востока.  В  2  т.  Т.  1.—  М.:  Высшая 
школа, 1998.— 419—424 бб.
2. История Востока. В 6-и томах. Т. ІІІ.— М.: Восточная лите-
ратура РАН, 1996.
3. История стран Азии и Африки в средние века. В 2-х частях. 
4.2.— М, МГУ, 1987.— 175—177 бб.
4.  История  Востока.  Т.  3.  Восток  на  рубеже  средневековья  и 
нового времени ХVІ—ХVІІІ вв.— М., 1999.— 238—258 бб.
§ 27. ХVІ—ХVІІ ғасырдың бірінші 
жартысындағы Вьетнам
1. ХVІ ғасырдың басындағы Дайвъеттің экономикалық дамуы.
2. Орталықтандырылған монархияның əлсіреуі. Билікті 
    Мактардың басып алуы.
3. Феодалдық қырқысулар нəтижесінде елдің үшке бөлінуі.
4. Чинъдер мен Нгуендер арасындағы соғыстар.
5. ХVІ ғасырдың екінші жартысы — ХVІІ ғасырдың бірінші 
   жартысындағы Чинъдер мен Нгуендер иеліктеріндегі 
   феодалдық қатынастар.
6. Католик шіркеуінің өз үстемдігін орнату əрекеті.
7. Мəдениеттің дамуы.
XI ғасырдан бері Дайвьет деп аталып келе жатқан Вьетнам ХVІ 
ғасырға қарай Шығыс Үндіқытай мемлекеттерінің арасындағы эко-
номикасы жоғары дəрежеде дамыған мемлекеттердің бірі болды. 


280
281
Оның шаруашылығында егіншілік басым болды. Вьетнамдықтар 
негізінен күріш өсірумен айналысты. Сонымен қатар қолөнері де 
елеулі табыстарға жетті. Əсіресе фаянс бұйымдарын жасау кең өріс 
алды. Сыртқы сауда, əсіресе Жапониямен, солтүстік Кореямен сау-
да қатынасы нығая түсті.
Аграрлық реформаны (қауымдық институттарды нығайту, 
салық жүйесін тəртіпке келтіру) онан əрі жалғастыру — ауыл 
шаруашылығындағы өндіргіш күштердің дамуына, қолөнері мен 
сауданың өркендей түсуіне елеулі үлес қосты. Оқ дəрімен атылатын 
қару-жарақ əкеліне бастады.
ХVІ—ХVІІ ғғ. Вьетнамдағы ұсақ жеке меншік шаруашы-
лықтарының кеңінен қанат жаю кезеңі болды. Хо Кию Ли, Ле Тхай 
То жəне олардан кейінгі корольдер жүргізген реформалар біртіндеп 
өздерінің қызмет бабына қарай алған жерлерін мұрагерлікпен пай-
даланатын жеке меншігіне айналдыруға тырысқан саяси ықпалды 
шенеуніктер тобын қалыптастырды. Деревняда шаруалардың 
жіктелуі күшейіп, ауылдық қауымдардың жер иеліктерінің ыды-
рауы онан əрі жалғасты. Қауымның ішіндегі ат төбеліндей байлары 
помещиктерге, ал кедейлері — экономикалық тəуелді шаруаларға 
айнала бастады.
Ірі жер иеленуші шенеуніктер арасынан ішкі рынокта да, сыртқы 
рынокта да табысты іс жүргізуші ірі саудагерлер шыға бастады. 
Мемлекетке сіңірген еңбегі үшін феодалдар жаңа жерлер игеруге, 
оған кедей шаруаларды тартуға құқық алды. Қалыптаса бастаған 
ірі жер иеленушілік жердің ең жоғарғы иесі болып табылатын 
мемлекеттің аграрлық саясатына қарама-қарсы келді. Көп жерді 
жеке меншігіне айналдырып алған Чан, Нгуен, Чинь, Мак сияқты 
кейбір жоғары лауазымды отбасылары өз қолдарына зор билікті 
шоғырландырып алып, формальды түрде билік жүргізуші Ле 
əулетімен санасудан қалды.
Король Ле Тыонг Зык (1510—1516) күнара той-думан құрып, 
қаржыны желге шашып жатты. Мыңдаған адамдар өнімді еңбектен 
қол үзіп, «Жүз мұнара» сарайын жəне «Аспанның тоғыз қабаты» 
ғибадатханасын салумен айналысты. Билікке ұмтылған феодал-
дар қастандықтар мен сарай төңкерістерін ұйымдастырып жатты. 
1510 ж. тақ үшін күрес басталды. Оның барысында іс жүзіндегі 
өкімет билігі əскер қолбасшысының қолына көшті. Енді азаматтық 
билік пен əскери биліктегі шенеуніктер арасында күрес басталды. 
Провинциялардағы шенеуніктер халықты қолынан келгенінше 
тонады, халық кек алуды аңсады. Билік əскер басшыларына арқа 
сүйеді.
1516 ж. «шаруалар патшасы» атанған Чан Као деген ірі шенеунік 
басқарған Вьетнам тарихындағы ең ірі көтеріліс басталды. Чан 
Каомен бірге көтеріліске феодалдық Чиньдер үйінің қызметкері, 
тьямпалық Фан Ат та басшылық жасады. Көтерілісшілер астана 
Тханглаунгты басып алып, Чан Каоны император деп жарияла-
ды. Оған салтанатты түрде тəж кигізілді. Бірақ үкімет əскерімен 
кескілескен шайқастан кейін көтерілісшілер астананы тастап 
шығып, партизандық соғысқа көшті. Фан Ат қаза тапқан соң Чан 
Као басшылықты баласы Кунгке беріп, өзі монахтық жолға түсті. 
Көтеріліс таулы аудандарда 1524 жылға дейін созылып, ақыры əскер 
күшімен басылды.
1516 ж. Нгуен-хоанг-Зу деген сановник астана Тханглаунгты ба-
сып алып, жаңадан таққа отырған король Ле Тьеу Тонды (1516—1526) 
қуып жіберді. Бүлікшіге қарсы соғысты Шоннан провинциясының 
губернаторы Мак-данг-Зунг бастап, жеңіске жетті. Көрсеткен көмегі 
үшін ол корольден сый-құрметке ие болып, сарайдағы ең ықпалды 
адамға айналды.
1527  ж.  Мак-данг-Зунг  Ле  Шо  əулетін  тақтан  қуып,  өзін  ко-
роль деп жариялады да, қарсыластарын қатаң қуғынға ұшыратты. 
Дайвьеттің солтүстігіндегі Мактарға қарсы шыққан көптеген фео-
далдар мен шенеуніктер Қытайға қашып, зорлықпен билікті басып 
алушылармен күресу үшін күш жинай берді.
Елде  қалған  əскери  күштер  де  Мактар  əулетіне  бағынғысы 
келмеді. 1533 ж. Нгуендер əулетінен шыққан қолбасшы Нгуен Ким 
Ле үйінің бір мүшесін вуа деп жариялады да, Мактармен күрес бас-
тады. Сүйтіп, 1533—1592 жж. аралығы Вьетнам тарихында Сол-
түстік жəне Оңтүстік əулеттер билігінің кезеңі деген атпен белгілі.
1540 ж. Нгуен Ким Нгеан провинциясын толық басып алып, 
Мактарды Тханьхоадан ығыстырды, тіпті солтүстік Шоннам про-
винциясына аяқ басты. Нгуендердің күшеюін қуатты феодалдық  
топ  —  Чиньдер  өз  мүдделеріне  төнген  қауіп  деп санады. Чиньдер 
əулетінің негізгі тірегі батыстағы астана Тэйдо ауданындағы 
Нгеанда болатын. Ол жақта Ле əулетінің сарайы тығылып жүрген 
еді. «Заңды» түрдегі билік иесі Ленің атынан əрекет ете отырып, 
Чиньдер Нгуендер үйінің жаңа басшысы Нгуен Хоангты оңтүстіктегі 
Тхуанхоа провинциясының губернаторы болуға көндірді.
Сөйтіп, ХVІ ғасырдың ортасына қарай Дайвьетте күрделі саяси 
ахуал қалыптасты: ел өзара соғысушы үш ақсүйектер отбасыларының 
билігінде болды. Олардың екеуі — Чиньдер мен Нгуендер өздерінің 
сепаратистік пиғылдарын зорлықшыл Мактармен күрес ұранымен 
ақтап, формальды түрде Ле əулетін қолдап отырды.


282
283


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   107   108   109   110   111   112   113   114   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет