294
295
маистік монастырь — дацан ашылды. Алтын хан ірі монғол
феодалдарының ішінде ең бірінші болып ламаизм дініне кірді.
Сөйтіп Монғолиядағы шаманизмнің орнына ламаизмнің таралуына
жол салды, ХІV ғасырдың екінші жартысында ламаизм буддизм
дінінің бір тармағы болды. Ламаизмнің шығуы тибет монағы
Дзонхаваның /1357—1419/ атымен байланысты. Ол Будданың
“4 шындығын” уағыздады: өмір — азап, азап себебі — өмірге,
оның қуанышына құштарлық; азаптан құтылу жолы — өмірге
құштарлықтан бас тарту, адал, қарапайым өмір сүру. Пəктік, ең
жоғарғы сатыдағы адалдыққа жету əрине қиын, оған əрбір адам
жетуге тырысуы керек. Ол үшін адам өлтірмеу, өтірік айтпау, ұрлық
жасамау, арамдық ойламау керек. Əрі қарай монахқа, ламаға сену
керек. Əр адамның ламасы, монахы болуы керек. Ол — лама ұстаз,
дұрыс бағыт, жол сілтеуші.
Дзонхава буддалық жанның қайта оралуы, басқа адамға көшуі
туралы ілімді жақтады. Осы ілімнің негізінде ламалар адамдардың
өмірдегі қиыншылықтары мен сəтсіздіктері олардың өткен өмірін-
дегі арамдық, қулық-сұмдықтарының нəтижесі деп түсіндірді. Ал
қазіргі жолы болғыш, бай феодалдардың жандары бұрынғы өмірде
адал, пəк адамдардың денесінде болған. Яғни, қазір адал жүріп
тұрсаң, құдайға құлшылық қылып, арамдықтан аулақ болсаң, келесі
өмірде бай, бақытты адам боласың деген пікір уағыздалды.
Дзонхава қатаң тəртіпке, бір орталыққа бағынған шіркеу құрды.
Ламалардын бəрі бірдей сары түсті бас киім киетін болғандықтан
бұл ілім /Дзонхава ілімі/
сары бөріктілер ілімі деп те аталды.
ХVІ ғасырдың аяғында манчжурлар Қытайда ғана емес,
Монғолияда да өз биліктерін орнату үшін күресті. Манчжурларға
оңтүстік Монғолияда Шахар хандығы қатты қарсылық көрсетті.
Бұл хандықтың көсемі Даян ханның үлкен ұлының немересі
Лингдан хан еді. Ол бүкіл Монғолияны бір мемлекетке біріктіруге
тырысты. 1625 жылы манчжурлар жағына шыққан князьдықтарға
қарсы жазалаушы əскер жіберді. Бұл жорық сəтсіздікке ұшырап,
оңтүстік Монғолиядағы кейбір князьдықтар манчжурлар жағына
шығып кетті. Лингдан хан манчжурларға қарсы күресу үшін Миндік
императормен одақтасты. 1634 жылы Лингдан хан мен манчжурлар
арасында шешуші шайқас болды. Сатқындықтың салдарынан
Лингдан хан жеңіліп қалды. Шаһар хандығы талқандалғаннан кейін
1636 жылы оңтүстік Монғолия князьдарының съезінде Манчжур
императоры Абыхай Монғолия ханы деп жарияланды. Сөйтіп
Монғолияда манчжурлар билігі орнады. Ол билік 1911 жылға дейін
созылды.
Бірнеше жүз жылдарға созылған соғыстар мен өзара қырқысулар
Монғол мəдениетінің дамуына кедергі келтірді. Халықтың ауыр
тұрмыс жағдайы, жарқын болашақ туралы арманы оның ауыз
əдебиетінде көрініс тапты. Əсіресе халыққа зорлық-зомбылық
көрсетуші қанаушыларға қарсы күресуші əділетті де батыр Гесерхан
туралы аңыз кең танымал болды. Оның бізге жеткен жазбалары ХVІІ
ғасырдың басында өмірге келді. Сонымен қатар халық арасында
алғыс баталар мен тілектердің сан қилы түрлері кең тарады.
Бұл кездегі Монғолияның əдебиеті саласында маңызды
уақиғалар аз болды. ХVІ ғасырдың аяғында Убаши — қонтайшы
мен оның ойраттарға қарсы күресі туралы аңыз өмірге келді. ХVІІ
ғасырдың басында Цокто тайшының шығармалары жазылды. Оның
өлеңдерінің шумақтарын достары Урга маңындағы Төле өзенінің
жағасындағы жартастарға кашап жазған.
ХVІІ ғасырдың бірінші жартысында екі тарихи шығарма
өмірге келді. Оның біреуі “Алтын сырғалар” деп аталады. Авторы
— Лубсанданзан. Екіншісі — Саган Сэсеннің “Тарихы”. Бұл
шығармалардың авторлары бай феодалдар өкілдері. Олар алдымен
ламаизмнің діни ережелерін, буддалық коcмогония теориясын,
үнділік жəне тибеттік өкімет басшыларының тарихын баяндап,
сонан кейін ғана өз елінің тарихын баяндауға көшеді. Бұдан басқа
сол кездегі тарихи шығармалардан бізге лама шіркеуінің екі көрнекті
қайраткерлері — Нейджи — тойна мен Зая Пандиталардың өмірін
баяндайтын шығармалар да жетті.
ХVІІ ғасырдың ортасында ойраттардың өз жазулары пай-
да болды. Оның негізіне біраз түзетулер енгізілген ескі монғол
алфавиті алынды. Монғолияда ламаизмнің тарауына байланысты
тибет тілінен монғол тіліне аударылған буддалық əдебиеттер
жарық көрді. Ламаизммен бірге Монғолияға тибеттік сəулет өнері
тарады. Ол монастырлар салуда, Будда бейнесін жасауда көрініс
тапты. Бурхандарды /”қасиеттілер”/ жасауда ағаш пен металл
пайдаланылды; олар /бейнелер/ сондай-ақ маталарға да салынды.
Сөйтіп, қиын-қыстау кездерде де монғол мəдениеті өте баяу болса
да дамып, жетіле түсті.
Ə д е б и е т т е р:
Достарыңызбен бөлісу: