С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009



Pdf көрінісі
бет113/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   162
Мəдениет.  Бұдан  бірнеше  жүз  жыл  бұрынғыдай  Дайвьеттің        
мəдени өмірі конфуциандық пен буддизм идеологиясының 
ықпалымен дамып келе жатты. ХVІ ғасырдың аяғына дейін Дайвьетте 
ақсүйектер арасында мемлекеттік дін ретінде конфуциандық 
үстемдік құрды. Осы кезде буддизмнің қайта өрлеуі басталды. 
Барлық қалаларда, əсіресе астаналар Тханглаунг пен Фусуанда (Хуэ) 
ғибадатханалар мен пагодалар көптеп салына бастады. Олардың 
арасында құрылысы 1601 ж. аяқталған Фусуан маңындағы «Аспан 
феясы» таңғажайып сұлулығымен ерекшеленетін.
ХVІІ ғасырдағы сəулет өнерінің онан əрі дамып, жетілуінің, 
сондай-ақ буддизмнің қайта өрлеуінің куəсі — 1647 ж. Буттхапта 
салынып біткен биіктігі төрт қабатты үйге тең Баонгием деген атпен 
белгілі будданың аяғы. Сəулет өнерінің біздің заманымызға жет-
кен зəулім ескерткіштерінің бірі — ХVІІ ғасырдың ортасына қарай 
Тхайбинь провинциясында салынған Кэо ғибадатханалар кешені.
Мүсін өнері де жоғары дəрежеде дамып жетілді. Вьеттік шебер-
лер мың қолы, мың көзі бар будда құдайы Гуаньиньнің таңғажайып 
мүсінін ағаштан кесіп жасады. Ол Нинь-фук пагодасына қойылды. 
Вьеттің пластикалық өнерінің інжу-маржаны — «Қатты ағыс» 
каналының жағасына қойылған 18 мүсін. Оның əрқайсысы адамның 
əртүрлі жағдайдағы (қуаныш, реніш, ойға бату...) мінезін сипаттай-
ды.
Дəстүр бойынша Дайвьеттің мəдени орталықтары болып екі аста-
на: солтүстікте — Тханглаунг, оңтүстікте — Фусуан (Хуэ) қалалары 
саналды. Тханглаунгтегі Чиньдер сарайында оқымыстылар тобы өз 
елінің тарихын зерттеумен айналысты. Олар ХVІІ ғасырдың аяғына 
қарай «Дайвьет тарихы» деген жалпылама еңбегін жариялады.
Оңтүстік Дайвьетте Нгуендер өкіметі шенеуніктер дайын-
дауға ерекше назар аударды. Көптеген оқу орындары, оның ішінде 
Фусуан маңындағы Əдебиет ғибадатханасы (храм) ашылды. Хатьен 
қаласында будда дінінің алыптары бірінші əдеби бірлестік құрды. 
Ол «Хатьеннің он бейнесі» деген жинақ шығарды.
Əдебиет саласында ХV—ХVІІ ғасырларда ритмикалық проза 
кең тарады. Нгуен Бинь Кхиемнің (1491—1585) поэзиясы əлеуметтік 


290
291
теңдік  тақырыбын  дамыта  түсті.  Ханван  тілінде  жазылған  Нгуен 
Зының (ХVІ ғ.) «Таңғажайып оқиғалар əңгімелерінің жинағы» но-
велла жанрының жоғары дəрежеде жетілгендігін көрсетті. ХVІ 
ғасырдың екінші жартысында поэзияның философиялық лирикалық 
жанры пайда болды.
Дайвьеттік музыка, оның ішінде, əсіресе музыка өнерінің теория-
сы өркен жайды. ХVІ ғасырда екі музыкалық қоғам құрылды. Олар: 
теориялық «Бо данг ван» жəне вокалды-инструменттік «Боня няк» 
(кейін «Бо зяо фьюнг» деп аталған) ансамблі. Сарайда корольдің 
салтанатты мерекелеріне қызмет ететін «Дой ба лэнь» оркестрі 
құрылды.
Вьетнамдық туонг деп аталған классикалық театр халық 
мақтанышы болды. Оның репертуарында ұлттық тарихтың 
оқиғаларын баяндайтын қойылымдар жеткілікті орын алды. 
Туонгпен қатар кезбе театр да кеңінен тарап, өнер саласын дамытуға 
едəуір үлес қосты.
Ə д е б и е т т е р:
1. Васильев Л. С. История Востока: В 2 т., т. 1.— М.: Высш. шк., 
1998.— 409—413 бб.
2. История стран Азии и Африки в средние века. ч. 2.— М.: МГУ, 
1987.— 168—175 бб.
3. История Востока. т. ІІІ: Восток на рубеже средневековья и 
нового времени.— М., 1999.— 302—314 бб.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   109   110   111   112   113   114   115   116   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет