С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


Қолөнершілік жəне сауда-өсімқорлық ұйымдар



Pdf көрінісі
бет49/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162
Қолөнершілік жəне сауда-өсімқорлық ұйымдар. Құқысыз 
халықтың  құрамына  шаруалармен  қатар,  қолөнершілер  мен  сау-
дагерлер, өсімқорлар да кірді. Бірте-бірте қолөнершілер “дза” деп 
аталған бірлестіктер құрды. Олар XII ғасырдың басында Хэйан /
Киото/  жəне  Нара  сияқты  ірі  қалаларда  құрылды.  Дзалар  алды-
мен император сарайына қызмет етті, сонан кейін киотолық сарай 
ақсүйектері мен бай монастырлар үшін еңбек етті. Ол кезде дзалар 
əрі цех, əрі гильдия қызметін атқарды.
Өзара қырқысулар тоқтап, Минамото сегунаты орнаған соң XIII 
ғасырда дзалар бүкіл елде, Камакура, Осака қалаларында, барлық 
провинцияларда кең тарай бастады. Кейін, XIII ғасырдың аяғында 
даймелердің қамқорлығымен ірі феодалдық иеліктер де құрылды. 
Дегенмен, XII—XIV ғасырларда ең күшті жəне ең бай дзалар мо-
настырлар мен киотолық сарай ақсүйектерінің қамқорлығындағы 
дзалар болды. Дзалар өз қамқоршыларынан бұйым түрлерін 
шығаруға, оны сатуға құқ алып отырды. Қамқоршыларына дзалар 
өз бұйымдарынаң бір бөлігін салық ретінде төлеп отырды.


126
127
Астанада, провинцияларда тұрақты базарлар ашылды. Олардағы 
сауда мейрамдар кезінде қызу өткізіліп отырды. Алғаш сауда апта-
сына 1—2 рет өткізілсе, бірте-бірте күнде өткізілетін болып кетті. 
Саудагерлер гильдиясы накама деп аталды.
Азық-түлік дайындап, сататындардың да бірлестіктері құрылды. 
Олар феодалдар иеліктері мен монастырларда, Киото сарайында 
пайда болды. Олар балық, құс, мал етін сатып отырды. Сондай-ақ 
бірден көп мөлшерде сататын “тоя” деген саудагерлер шықты. Олар 
салықтан түскен азық-түлікті ірі тұтыну орталықтарына жеткізіп, 
алыпсатарларға өткізіп отырды. 
Бұл кезге /XIII ғ./ қарай өсімқорлық капиталы едəуір дамыды. Ол 
самурайлардың жер иеліктерін өз қолына алуға тырысты. Моңғол 
шапқыншылығына қарсы күрес жағдайында  сауда өсімқорлық 
капиталының жағдайы одан сайын нығая түсті. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   45   46   47   48   49   50   51   52   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет