С. Ə. Тортаев орта ғасырлардағы азия жəне африка тарихы алматы 2009


Моңғол шапқаншылығына қарсы қорғаныс. Өзара қыр-



Pdf көрінісі
бет50/162
Дата06.01.2022
өлшемі7,49 Mb.
#14221
түріОқулық
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   162
Моңғол шапқаншылығына қарсы қорғаныс. Өзара қыр-
қысудың басталуы. 1260—1285 жылдардағы моңғолдардың та-
рапынан төнген қауіп Жапонияны барлық күш-жігерін, назарын 
қорғанысты ұйымдастыруға бөлуге мəжбүр етті. Кюсю мен Хонсю 
аралдарының жағаларында ірі бекіністер салынды, самурайлар топ-
тары жинақталды.
Қытайды бағындыруды аяқтауға кірісіп жатқан Шыңғыс ханның 
немересі Құбылай Жапонияны да бағындыруға əрекет жасады. 
Құбылай 1266—1273 жж. Жапаонияға елші жіберіп, оның қарсылық 
көрсетпей-ақ бағынуын талап етті. Жапония сиккэні (өкімет басшы-
сы) Ходзё Токимунэ (1251—1284) Құбылайдың талабын орындаудан 
бас тартты, тіпті моңғол елшілерін өлтірткізді.
1274 ж. қараша айында Құбылай Жапонияға шабуыл бастады. Ол 
15 мыңдық моңғол-қытай əскерімен қоса 8 мың нашар қаруланған 
кəріс əскерін аттандырды. Бұл əскер Цусима мен Ики аралдарын ба-
сып алды. Бірақ жапон əскері мен халқының ерлікпен шайқасуының 
нəтижесінде моңғолдар жағы 13,5 мың  адамынан айырылып, 
қалғаны Кореяға қайтты.
1275 ж. Ходзё Токимунэ Жапонияның Ұлы ханға тəуелділігін мой-
ындауын талап етіп келген Құбылайдың елшілерін өлтіруге бұйрық 
берді. 1279 ж. Қытайды толық бағындырып, Құбылай Жапонияға 
қарсы 1000 кемеден, 100000 əскерден тұратын екі флот  жіберді. Бір 
флот Кореядан, екінші флот Оңтүстік Қытайдан шықты.
Екі флот Кюсю аралының жағасында кездесуі тиіс болатын. Бірақ 
оңтүстік Қытайдан шыққан флот белгіленген мерзімде жете алмай, 
кешігіп калды. Ол келгенше жапондықтар əлсіздеу Шығыс флотты 
талқандап үлгерді. Басты күш келіп жеткенде Жапонияны басып 
өткен жойқын дауыл моңғол флотының көп бөлігін суға батырып, 
қалғанын бытыратып жіберді. Оның қалған-құтқаны ғана Қытайға 
қайтып оралды. Енді үшінші жорыққа қауырт дайындық басталды. 
Бірақ моңғол феодалдарының өздерінің арасындағы айтыс-тарты-
стар мен Үнді-Қытайдағы сəтсіздіктер Құбылайдың Жапонияға жаңа 
жорықтан бас тартуына себеп болды. Сөйтіп, моңғолдардың теңізде 
соғыс жүргізе алмауы ғана жапондықтарды құтқарып қалды. Бірақ 
1281 жылғы жорықтан кейін де моңғол шапқын-шылығы тоқтаған 
жоқ.
Моңғол шапқыншылығына қарсы қорғаныс ұйымдастыру 
шаруалардың тұрмыс жағдайын төмендетіп жіберді. Самурайлардың 
да жағдайы нашарлады. Моңғолдардан қорғануды ұйымдастыру ба-
рысында барлық қаражат пен қару-жарақтың, əскердің оңтүстікте 
шоғырлануы сондағы феодалдардың /даймелердің/ күшеюіне əсер 
етті. Оңтүстікте ірі порттар пайда болды. Күшейіп алған оңтүстік 
феодалдары Ходзё үйінің жеке билігіне қарсы шыға бастады.
1333 ж. Оңтүстік-батыс даймелері Канто ауданының ірі жер 
иесі Асикагамен бірлесіп, Ходзё үйіне қарсы күрес бастады. Олар 
Камакураны басып алып, өртеді.1334ж. қаңтарда билік осы дайме-
лер қолдаған император Годайгоға көшті. Бірақ көп ұзамай оңтүстік-
батыс даймелерінен бөлінген Асикага үйі императорға қарсы шықты. 
Бұл үйдің басшысы Такаудзи 1336 ж. ақпанда Киотоны басып алып, 
император Годайго Ямато провинциясына қашқан соң, таққа өз ада-
мын отырғызды. Такаудзидің өзі сегун атағын иемденді /1335 ж./ 
Сөйтіп, 1335 жылдан бастап Жапонияның екі астанасы, екі импера-
торы болды. Бұл қос өкімет билігі 1392 жылға дейін созылды. Бұл 
жылы  елдегі  барлық  билікті  Асикага  үйінен  шыққан  жаңа  сёгун-
дер басып алды. Бұл əулет билік құрған 1336—1568 жж. Муромати 
сёгунаты деп те аталады — Такаудзи Асикага 1336 жылы 11 ақпан 
күнін мемлекеттің құрылған күні деп жариялады. Содан бері ол күн 
Кигэнсэцу мейрамы деп тойланып келеді.
XV—XVI ғасырларда Жапония қалалары, қолөнері мен саудасы 
дамып,  жетіле түсті. Елдің экономикасындағы сауда — өсімқорлық 
капиталының салмағы ұлғая түсті. Сауда саласында əсіресе тоя-
лар күшейе түсті. Олар барлық күріш өнімдерін сатып алып, жүк 
тасымалдарын ұйымдастырды, жол бойында мейманханалар сал-
ды. Оларға Киотодағы үкімет басында отырған Асикага əулетінің 
сёгундері жəне жергілікті феодалдар өз иеліктерінен салық жинау-
ды тапсырды. Тоялар өсімқорлық əрекеттерін дамытып, шаруаларды 


128
129
қарыздан-қарызға ұшыратып  отырды. Тоялар арасынан күріштен 
арақ жасап сатушы іскерлер шыға бастады. Бұл іскерлер сонымен 
қатар феодалдар үшін алым-салық жинауды да жалғастыра берді.
Асикага үкіметі шырмауына тек шаруаларды ғана емес, 
сондай-ақ үстем тап өкілдерін де түсірген өсімқорлармен күрес 
жүргізді. Сёгундер бірнеше рет феодалдар мен самурайлардың бұл 
өсімқорларға барлық қарыздарын жою əрекетін жасады. Тек Есимас 
сегунның билігі кезінде бір айдың ішінде тоғыз рет осындай əрекет 
жасалған көрінеді. Бірақ сауда — өсімқорлық капиталының маңызы 
күннен-күнге арта түсті.
XIV—XV ғасырларда Жапонияда үлкен рөл атқарған сыртқы 
сауда айтарлықтай дамыды. Олардың кемелері Қытай мен Корея, 
Вьетнам, Сиам мен Камбоджа жағалауларын аралап жүрді. Олар 
көбінесе тонаушылықпен айналысып, кейде сауда да жасайтын. 
XV ғасырда Қытай үкіметі бұл қарақшылармен нағыз соғыс та 
жүргізді.
Жапония үкіметінің, феодалдарының атынан Қытаймен жүр-
гізілген ресми сауда ерекше орын алды. Ол сауда Жапон үкіметінің 
Қытай сарайына жіберіп отыратын елшілігі арқылы жасалатын. 
Бұл елшілікпен бірге тауарлармен лық толтырылған 10—15 кеме 
жіберілетін. Сегун бұл сауданы реттеуді будда монастырларына тап-
сырып отырды. Оларға Қытаймен сауда жасау лицензиясын сатып 
тұрды. Кейін мұндай лицензияны кейбір феодалдар да сатып алды. 
Бірақ сауданы негізінен көпестер жүргізді. Олар монастырларға, се-
гунге, феодалдарға тапқан табысының біраз процентін /бөлшегін/ 
беріп отырды.
Жапония Қытайға көбінесе онда жоғары бағаланатын қылыштар  
сататын. Сонан кейін мыс, күкірт, алтын, күміс, желдеткіш апара-
тын. Ал Қытайдан негізінен мақта, жібек, мыс монеталар əкелінді. 
Сауда едəуір табыс көзі болды. Жапония желпуіштері Қытайда 10 
есе артық бағамен сатылатын. Мыс пен алтын үшін қытайлықтар 
5 есе артық төледі. Ал Қытай мақтасы Жапонияда 2—3 есе қымбат 
сатылды. Қытай жібегінің сапасы жапон жібегінің сапасынан 
əлдеқайда жоғары болды, ол Жапонияда қымбат сатылатын.
Саудаға сегунмен қатар барлық оңтүстік феодалдары араласуға 
тырысты. Сауда егіншіліктен гөрі жеңіл табыс келтіретін. Сол 
себепті қолөнері қолдаушылыққа ие болып отырды. Қолөнершілерге 
жеңілдіктер жасалатын, көпестер де құрметке ие болып отыратын. 
Сауда, қолөнері басым қалалар тез дамыды. Жапонияның батысында 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   46   47   48   49   50   51   52   53   ...   162




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет