130
131
Феодалдардың əскерлері шаруалар жерлерін таптап кетіп отырды.
Бұл қиыншылықтарға өсімқорлар қанауы қосылып отырды. Шаруа
шаруашылығы зор күйзеліске ұшырап отырды. Деревняларда ба-
лаларды өлтіру орын алды. Балалар мен əйелдерді сату,
қыздарды
жезөкшелер үйіне, балаларды монастырларға өткізу кең өріс алды.
Мұның бəрі шаруалар наразылығын күшейтті. XV—XVI
ғасырларда шаруалар көтерілісі жиі болып тұрды. Олар кейде үлкен
соғысқа да айналып отырды. Көтерілісшілер негізінен қарыздарды
жоюды талап етіп, өсімқорларға қарсы күш қолданды. 1428 жылғы
Киото мен Нарадағы көтерілістер талабы сондай болды. Кейде
көтерілісшілер тікелей феодалдарға да қарсы шығып отырды. 1428
жылғы Харима, Исэ, Тамба, Игадағы көтерілістер «самурайлар жой-
ылсын» ұранымен өтті.
Шаруалар қозғалысына кедей қала қолөнершілері де қо-
сылып отырды. Тіпті көтерілісті кейде
кедейленген самурайлар
ұйымдастырды. Мысалы, 1441 жылғы көтерілісті қаңғыбас самурай-
лар —
рониндер ұйымдастырды. Көтерілісшілер храмдарға басып
кіріп, сонда бекінді. Жолдарды жауып, Киотоға азық-түлік əкелуге
мүмкіндік бермеді. Көтерілісшілер кейде
өздеріне қарсы жіберілген
отрядтарды да талқандап, жеңіске жететін. Мысалы, Ямасиродағы
/Киото маңында/ көтеріліс
жеңіске жетіп, көтерілісшілер 7 жылға
жуық өз биліктерін орнатты. Олар өз əскерін құрып, өзара соғысатын
феодалдарды қуып шықты. Халық жиналысы провинцияларды өз
заңдарына сүйене отырып басқарды: салық мөлшерін анықтады,
монастырларға салықты ұлғайтты. Халық жиналысы 36 адамнан
тұратын басқарма сайлады.
XVI ғасырда шаруалар қозғалысы бəсеңдеді. Ол қала кедейлерінің
көтерілістеріне ұласып, немесе діни қозғалысқа айналып
кетіп
отырды. XV ғасырдың аяғында, XVI ғасырда діни секталардың
басшылығымен бірнеше діни қозғалыстар болды. Олар елдің едəуір
бөлігін қамтыды. 1532 ж. Киотода кедейленген самурайлар көтерілісі
болды. Оның негізгі күші — қала кедейлері еді.
Шаруалар мен қала кедейлерінің көтерілістері феодалдық
қатынастарды əлсіретті, феодалдық құрылыстың ыдырай бас-
тауының басты себептерінің бірі болды. XVI ғасырдың ортасына
қарай Жапония іс жүзінде дербес князьдықтарға бөлінді. Олардың
басшыларын еуропалықтар корольдер деп атады. Киотодағы се-
гун үкіметі елдегі маңызын жоғалтты.
Феодалдардың өзара
қырқысулары тоқтамады. Елде шаруалар қозғалысы күшейді. Осы
жағдайлар ел басшыларының бірігуге ұмтылысын тудырды.
Достарыңызбен бөлісу: