С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «ж» тармақшасы)



бет10/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   231
ж) адамдар тобы, алдын ала сөз байласу арқылы адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «ж» тармақшасы). Адамдар тобы, алдын ала келіскен адамдар тобы немесе ұйымдасқан топ деген түсінікті айқындау үшін қылмысқа қатысудың аталған нысандарына түсінік берілген ҚК-31-бабын қарау керек. Егер адам өлтіруге екі немесе одан көп орындаушы күні бұрын уәделеспей бірлесіп қатысқан болса, адамдар тобы жасаған адам өлтіру болып танылады. Мұндайды қасақана адам өлтіруге бағытталған және жәбірленушіні өмірінен айыру процесіне тікелей қатысқан, бірлесе әрекет жасаған адамдар тобы деп тану керек. Бұл жағдайда тұлғаны кісі өлтіруді орындаушы деп тану үшін өлімнің барлық адамдар тобы бірлесіп келтірген жарақаттан немесе солардың ішіндегі біреуінің тікелей келтірген жарақатынан болғандығы маңызды емес.
Ең бастысы, барлық қылмысқа қатысушылардың күні бұрын уәделеспесе де ашықтан-ашық өзара күш біріктірумен қасақана адам өлтіруге бағытталған әрекет жасағандығын айқындау қажет. Егер адам өлтіру жөнінде орындаушылар бірлесіп қылмыс жасау туралы алдын ала сөз байласқан болса, алдын ала сөз байласу бойынша адамдар тобының адам өлтіргені белгілі. Егер адам өлтіруді бір немесе бірнеше адам өлтіру үшін күні бұрын біріккен адамдардың тұрақты тобы жасаса, ол ұйымдасқан топ жасаған адам өлтіру деп танылады. Адам өлтіруді орындаушылар бірлесіп адам өлтіру туралы алдын ала келісіп қана қоймай, сонымен бірге бір немесе бірнеше қылмысты жасау үшін алдын ала бірлесетін тұрақты адамдар тобын ойластырған болса, ұйымдасқан топтың адам өлтіруі орын алады.
з) пайда табу мақсатымен немесе жалданып, сол сияқты қарақшылықпен, қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 3-тармағының «з» тармақшасы). Бұл тармақ бойынша кінәлы немесе басқа адамдар үшін материалдық пайда алу немесе материалдық шығындардан құтылу мақсатында жасалған қасақана адам өлтіруді саралайды.
Материалдық пайда: ол ақша, мүлік немесе мүлікке, тұрғын үй алаңына, үшінші адамнан сыйақы алуға құқықты алу түрінде болуы мүмкін.
Материалдық шығыннан құтылу, қарызды өтеуден, мүлікті қайтарудан, көрсетілген қызметке ақы төлеуден, алимент төлеуден т.б. босану мақсатымен адам өлтіруде пайдакүнемдік мақсатты білдіреді.
Адам өлтірудің осы түрінің мазмұнына пайда табу мақсатымен қарақшылықпен қорқытып алу немесе бандитизммен ұштасқан жағдайларда жатады.
Қасақана адам өлтіру қарақшылық, шабуыл жасау, қорқытып алу немесе бандитизм кезінде жасалған болса, істелген әрекет аталған қылмыстардың жиынтығы бойынша саралануға жатады. Іс-әрекетті пайда табу мақсатында жасалған адам өлтіру ретінде саралау үшін кінәлының мұндай ойы адам өлтіргенге дейін болғандығын айқындау қажет. Егер бұл жағдай болмаса, (мысалы, адам өмірінен айырылғаннан кейін оның мүлкін иемдену) пайда табу мақсаты болмаған адам өлтіру құрамы мен ұрлық құрамын құрайды.
Жәбірленушіні қарақшылықпен шабуыл, қорқытып алу немесе бандитизм жасалғаннан кейін өмірінен айыру аталған қылмысты жасыру мақсатында істелуі де мүмкін. Пайда табу мақсатымен адам өлтірген жағдайда кінәлының материалдық пайда алу немесе материалдық шығыннан құтылу негізінің болғандығын айқындау қажет. Егер бұл белгі айқындалмаса, онда өлтіруді пайда табу мақсатында деп саралауға болмайды. Жалдану бойынша адам өлтіру, негізінде, белгілі бір төленетін ақыға жәбірленушіні «алып тастауды» қалаған адамның шақырған «жалданған» адамды жүзеге асырғандықтан, пайда табу мақсатында адам өлтірудің бір түрі болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет