С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім



бет8/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   231
в) дәрменсіз жағдайда екендігі айыпкерге белгілі адамды, сонымен бірдей адамды ұрлаумен не адамды кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру (ҚК-тің 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы).
Жас шамасының өте кішілігіне немесе кәрілігіне, дене мүшелерінің кемістігіне, аурулығына, соның ішінде жүйке ауруына шалдығу, ақыл-есінен уақытша айрылу немесе ақыл есінің әлсіреумен байланысты болған, оның дене мүшелерінің немесе психикалық жай-күйінің салдарынан кінәлыға қарсылық көрсете алмаған немесе оны өмірінен айыруға жасаған әрекетінің сипатын түсінбеу жағдайын жәбірленуші адамның дәрменсіздік жай-күй деп түсіну керек. Мұндай жай-күй алкогольден, сол сияқты есірткіден мас болудың және жүйкеге қатты әсер ететін дәрілік препараттарды немесе улы заттарды қабылдаудан болуы мүмкін. Саралау үшін жәбірленушіні мұндай жағдайға кімнің душар еткендігінің, бұған қандай себеп болғандығының ешбір мәні жоқ.
Адамды ұрлаумен не кепілге алумен ұштасқан адам өлтіру ұрлау не кепілге алу процесінде жәбірленушіні өмірінен айырған немесе аталған қылмысты жасыру мақсатында адам өлтіру болған кезде орын алады.
Адамды ұрлау және кепілге алу қасақана өлтірумен ұштасқан жағдайда, не адам өлтіру осы істеген қылмыстарды жасыру әдісі болса мұндай әрекеттер дербес қылмыс құрамын құрайтындықтан, кінәлының әрекеттері қылмыстың жиынтығы бойынша сараланады (ҚК-тің 125, 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы, 234, 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы).
г) жүкті екендігі кінәлыға белгілі әйелді өлтіру (ҚК-тің 96-бабының 2-тармағының «г» тармақшасы) Адам өлтірудің бұл түрі жәбірленушінің айрықша жағдайына орай көтеріңкі қоғамдық қауіптілікпен сипатталады.
Осы құрамның болуы үшін ең алдымен екі міндетті белгінің болуы шарт. Жәбірленуші кез келген ұзақтықтағы жүктілік жағдайында болуы және ол туралы айыпкердіңғ білуі керек. «Белгілі» деген термин айыпкер жәбірленушінің жүкті екендігінен хабардар болғандығын білдіреді. Бұл жағдайда осы жайдың толық растығына оның күмәнінің болған-болмағандығы маңызды емес, ең бастысы ол жәбірленушінің жүкті екендігі туралы жәбірленушінің өзінен немесе бұл туралы басқалар арқылы хабардар болады.
Бұл жерде оның жүктілік мерзімі, ұрықтың өміршең еместігі, әйелдің жүкті екендігі жөнінде тиісті емдеу мекемелерінде есепте тұрған-тұрмағандығының оған қатысы жоқ. Егер айыпкер жүктілік жөнінде қателесіп, жүкті емес әйелді жүкті әйел әйел екен деп өлтірсе, онда оның әрекеті қылмыстық ниеттің бағытына қарай осы тұрғыдағы қылмысқа оқталғандық ретінде сараланады (ҚК-тің 24-бабы,, 3-тармағы, 96-бабы, 2-тармағының «в» тармақшасы).


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет