С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын



бет200/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   231
Бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын
өтеуден жалтару (359-бап)

Қазақстан Республикасының Қылмыстық-атқару кодексінде бас бостандығынан айырылуға сотталғандарды ерекше жағдайларға (жақын туысының қаза табуы немесе ауыр науқасқа душар болуы, сотталған адамға немесе оның отбасына ауыр табиғи апат салдарынан елеулі материалдық зардап, басқадай ауыр оқиғалар болуына) байланысты қысқа мерзімге түзеу мекемелерінен шығуға рұқсат етілуі мүмкін. Бірақ осындай қысқа мерзімге заңды рұқсат алғандар, жазасын одан әрі өтеуден бұлтару мақсатымен бас бостандығынан айыру мекемесіне келмей қоюы да мүмкін. Қылмыстың объектісі- бас бостандығынан айыру жазасын атқаратын түзеу мекемелерінің бірқалыпты қызметі. Қылмыс объективтік жағынан бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзімге шығуға рұқсат етілген сотталған адамның шығу мерзімі біткеннен кейін, сол сияқты айдауылсыз құқығын пайдаланушы, не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өтеуден жалтару мақсатында жасаған түзеу мекемесіне қайтып оралмауы арқылы сипатталады. Көрсетілген қылмыс екі нысанда жүзеге асырылады. Бірінші-бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзімге шығаруға рұқсат етілген сотталған адамның шығу мерзімі біткеннен кейін түзеу мекемесіне белгіленген уақытта себепсізден себепсіз қайтып оралмауы (Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару кодексінің 93-бабы). Белгіленген мерзімнен кешігіп оралу қылмыс емес-тәртіптік теріс қылық ретінде қаралады. Екіншісі-айдауылсыз құқығын пайдаланылатын не қадағалауда жүрген сотталған адамның бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі істеуден жалтару мақсатымен түзеу мекемесіне қайта оралмауы.


Қазақстан Республикасы Қылмыстық атқару кодексінің 91-бабына сәйкес бас бостандығынан айыруды түзеу және тәрбиелеу колонияларында өтеуші, сондай-ақ тергеушілік оқшаулау мен түрмелерде шаруашылық қызметін көрсету жөніндегі жұмысқа қалдырылған, өзін жақсы жағынан көрсеткен сотталғандар: олардың орындайтын жұмысының сипатына қарап, күзетілетін аумақтан тыс жерде айдауылсыз немесе қасына кісі қосып ертпей жүруге рұқсат етілген адамдар деп танылады. Мұндай сотталғандар бөлек тұрған жайларда орналасады. Оларға түзеу мекемесінің шегінен тысқары, бірақ жергілікті атқарушы органдардың келісімімен түзеу мекемесінің әкімшілігі белгілеген шекте жатақханаларда тұруға рұқсат етілуі мүмкін. Қадағалауда жүрген адамдарға бас бостандығынан айыруға сотталып жазасын қоныс колонияларында өтейтіндер жатады. Қазақстан Республикасы қылмыстық атқару кодексінің 125-бабына сәйкес мұндай адамдарға қоныс колониясының шегінен тысқары жұмысының сипатына байланысты жерлерде қадағалаусыз жүруге рұқсат етілуі мүмкін. Осы көрсетілген-айдауылсыз құқығын пайдаланатындардың немесе қадағалауда жүрген сотталған адамдардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын одан әрі өтеуден жалтару мақсатымен себепсіз түзеу мекемесіне қайтып оралмауы қылмыс болып табылады. Қылмыс құрамы формальдық және ол заңда көрсетілген адамдардың бас бостандығынан айыру түріндегі жазасын өтеуден жалтарған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс әрекетсіздік арқылы жүзеге асырылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі.. қылмыстың субъектісі-арнаулы 16 жасқа толған бас бостандығынан айыру орнынан қысқа мерзімге шығуға рұқсат алған сотталған адам; немесе айдауылсыз құқығын пайдаланушы не қадағалауда жүрген сотталған адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   196   197   198   199   200   201   202   203   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет