С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап)



бет21/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   231
Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтіру (104-бап)
Қылмыстық кодекстің 104-бабында көрсетілген қылмыстың денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіруден өзгешілігі келтірілген зиянның дәрежесінде. Ауыр иянға қарағанда орташа ауырлықтағы зиян келтіру мынандай өзіндік белгілермен:

  1. адамның өміріне қауіптіліктің болмауына;

  2. Кодекстің 103-бабында көрсетілген зардаптарға әкеп соқпауынан;

  3. денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуына;

  4. Жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін айтарлықтай тұрақты жоғалтуға әкеліп соғумен сипатталады. 3 аптадан (21 күннен әрі) артық уақытқа уақытша еңбек қабілетін жоғалту денсаулықтың ұзақ уақытқа бұзылуы, ал жалпы еңбек қабілетінің кемінде үштен бірін (10-нан 30-пайызға дейін) жоғалту тұрақты жоғалту деп танылады.

Денсаулыққа қасақана орташа ауырлықтағы зиян келтірудің ауырлататын түрлері ҚК 103-бабында көзделген осындай белгілермен бірдей, сондықтан да оларды қайталап талдап жатудың қажеті жоқ.
Субъективтік жағынан көрсетілген қылмыс тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың субъектісі 104-баптың 1-тармағы бойынша 14-ке толған адам болады.
Денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіру (105-бап)

Қылмыстық кодекс денсаулықтың қысқа уақыттық бұзылуына немесе жалпы еңбек қабілетін айтарлықтай емес тұрақты жоғалтуға әкеп соққан денсаулыққа қасақана жеңіл зиян келтіргені үшін жауаптылық белгіленген. Ұзақтығы 6 күннен 21 күнге дейінгі уақыт аралығындағы денсаулыққа келтірілген зиян денсаулықтың қысқа уақытқа бұзылуы, ол жалпы еңбек қабілетінің 10-пайыз дейінгісін жоғалту айтарлықтай емес тұрақты жоғалту деп танылады. Осы көрсетілген белгілердің әрқайсысы аяқталған жеке қылмыс құрамдары болып танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған кез келген есі дұрыс адам.




Ұрып-соғу (106-бап)

Жәбірленушіні тән ауруын келтіре отырып денеге дақ түсіру, тырнау, денесін қанталату, денсаулыққа жеңіл зиян келтіруге жатпайтын басқадай зақым келтіру ұрып-соғу деп танылады. Жәбірленушіні араға шақтыру, оған ине тығу, қолын бұрап ауырту, бір мәрте болса да теуіп жіберу, өзге де күш қолдану әрекеттері жатады. Ұрып-соғудың белгісі 6 күнге дейін кетуге тиіс, орын алған жарақаттың белгісі көрсетілген уақытта кетпесе, онда іс-әрекет Қылиыстық Кодекстің 105-бабымен саралануы тиіс.


Ұрып-соғу белгілерін анықтау сот, тергеу органдарының құзыреті болып табылады, ал егер ұрып-соғу жарақат келтірумен ұштасса, онда оның дәрежесін сот-медициналық сарапшысы анықтайды. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен істеледі.
Қылмыстың субъектісі жалпы-16-ға толған адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет