С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім



бет22/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   231
Азаптау (107-бап)

Объективтік жағынан алғанда қылмыс азаптау арқылы-ұдайы, ұрып-соғу немесе өзге күш қолдану әрекеттері жолымен жүзеге асырылады.


Ұдайы ұрып-соғуға жыл ішінде кемінде үш реттен артық сабау жатады. Тән зардабын шектіруге-адамды астан, жылудан, сусыннан айыру немесе оны өте ыстық, не болмаса суық жерге жауып қою, шулы, ауасы ластанған жерде ұстау т.с.с. жатады. Психикалық зардап шектіруге ұрып-соғу мен бірге адамды қорлау, оған бұзақылық әрекеттер жасау, әр түрлі жолмен қорқыту, сайқымазақ етулер жатады. Күш қолдану арқылы зардап шектіруге үнемі өткір немесе қатты затпен, құралмен денені ауырту, күйдіретін, қыздыратын немесе басқа нәрселермен денені болмашы жарақаттау т.с.с. әрекеттер жатады.
Қылмыс күш қолдану немесе психикалық зардап шеккізу әркеттері басталған сәттен бастап аяқталған деп табылады. Қылмыс субъектісі-16-ға толған адам.
ҚК 107-бабының 2-тармағында азаптаудың ауырлататын түрлері:
а) кәмелетке толмаған немесе кінәлыға дәрменсіз күйде екендігі белгілі, не кінәлыға материалдық немесе өзге тәуелділіктегі адамға, сонымен бірдей ұрланған не кепіл ретінде қолға түсірген адамға қатысты;
б) екі немесе одан да көп адамға қатысты;
в) кінәлыға жүктілік жағдайында екендігі белгілі әйелге қатысты;
г) азаптан;
д) жалдау бойынша;
е) әлеуметтік, ұлттық нәсілдік, діни өшпенділік немесе дұшпандық тұрғысында жасалған әрекет үшін жауаптылық көзделген.


Денсаулыққа жан күйзелісі (аффект) жағдайында зиян келтіру (108-бап)

Қылмыстық кодексте денсаулыққа кенеттен пайда болған жан күйзелісі жағдайында жасалған, жәбірленушінің тарапынан зорлық жасауға, қорлауға немесе ауыр тіл тигізуге, не жәбірленушінің құқыққа қарсы немесе моральға жат әрекеттеріне (әрекетсіздігіне) байланысты, сонымен бірге жәбірленушінің ұдайы құқыққа қарсы немесе моральға жат мінез-құлқына байланысты туындаған ұзаққа созылған психикалық бұзылу жағдайында қасақана ауыр және орташа ауырлықтағы зиян келтіру үшін жауаптылық көзделген.


Қылмыс объективтік жағынан аффекті жағдайында, жәбірленушіге қасақана ауыр немесе орташа ауырлықтағы зиян келтіру арқылы сипатталады.
Субъективтік жағынан бұл қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) жүзеге асырылады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   18   19   20   21   22   23   24   25   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет