С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап)



бет24/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   231
Ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету (113-бап)

Соңғы жылдары медицина ғылымының елеулі жетістіктерінің бұл түрі адамның органдарын немесе тінін басқа адамның өмірін сақтап қалу немесе қалпына келтіру үшін ауыстырып салуға қол жеткізу болып табылады. Медицинадағы бұл жетістік ауыстырып салу не өзгедей пайдалану үшін адамдардың органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету сипаты криминалдық жағдайлардың көрініс алуына әкеліп соқты. Осыған орай жаңа Қылмыстық кодексте осы тұрғыдағы қылмыспен күрес жүргізетін арнаулы норма-113-бап пайда болды. Бұрынғы Қылмыстық кодексте мұндай норма болмаған еді.


Қылмыстың объектісі-адамдардың өмірі немесе денсаулығы.
Объективтік жағынан қылмыс күш көрсете отырып немесе күш көрсетемін деп қорқыта отырып ауыстырып салу, пайдалану үшін басқа адамның органдарын немесе тінін алуға мәжбүр ету арқылы жүзеге асырылады. Адам органдарын немесе тінін алу тек қана донордың келісімі бойынша жүзеге асырылады, адам органдарын немесе тінін ауыстырып салу арнаулы заңмен реттеледі. Егер адам органдарын немесе тінін донордың келісімінсіз оны мәжбүрлеу арқылы алуға қол жеткізсе, онда мұндай әрекет қылмыс деп танылады.
Мәжбүрлеу дегеніміз-донорға күш қолдану немесе күш қолданамын деп қорқыту арқылы оны еріксіз органдарын немесае тінін беруге көндіру болып табылады. Мәжбүрлеудің заңда екі түрлі тәсілі көрсетілген күш көрсету және күш көрсетемін деп қорқыту. Күш көрсетуге жәбірленушіні ұрып-соғу (106-бап); оның денсаулығына қасақана жеңіл немесе орташа ауырлықтағы зиян келтірулер (104, 105-баптар) жатады. Күш көрсетемін деп қорқытуға кез келген дәрежеде денсаулыққа зиян келтіремін немесе қол-аяғыңды байлап медицина мекемесіне операция жасауға апарамын, бас бостандығы еркінен айырамын т.с.с. деген қорқытулар жатады. Қылмыс құрамы формальдық және ол жәбірленушіден донор болуына келісім алғанына немесе алмағанына қарамастан мәжбүрлеу әрекеттерін жасаған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстың ниеті әр түрлі болуы мүмкін ауру адамға жәрдем көрсету; бастығының алдында жақсы көріну; пайдакүнемдік немесе атаққұмарлық ж.т.б. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   20   21   22   23   24   25   26   27   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет