С. Т. Иксатова қылмыстық ҚҰҚЫҚ ерекше бөлім


Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап)



бет23/231
Дата19.11.2022
өлшемі1,81 Mb.
#51184
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   231
Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (109-бап)

Қылмыс объективтік жағынан алғанда денсаулыққа қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады.


Қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде зиян келтірудің түсінігіне, қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасаған кісі өлтіруді талдағанда тоқталғанбыз. Қылмыс субъективтік жағынан тікелей немесе жанама қасақаналықпен келеді. Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.


Қылмыс жасаған адамды ұстау кезінде денсаулыққа ауыр зиян келтіру (110-бап)

Қылмыс объективтік жағынан қылмыс жасаған адамды ұстау үшін қажетті шараларды асыра қолдану кезінде денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтіру арқылы сипатталады. Субъективтік жағынан қылмыс қасақаналықпен (тікелей немесе жанама) істеледі. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған кез келген адам.


Денсаулыққа абайсызда зиян келтіру (111-бап)

Денсаулыққа абайсыздықпен жеңіл жарақат келтіргені үшін қылмыстық жауаптылық белгіленбеген. Көрсетілген қылмыс субъективтік жағынан абайсыздықпен (менмендік немесе немқұрайдылық) істеледі.


Қылмыстың субъектісі 16-ға толған адам.


Қорқыту (112-бап)

Қылмыстың тікелей объектісі адамдардың өмірі мен денсаулығы.


Қылмыс объективтік жағынан өлтіремін немесе денсаулыққа ауыр зиян келтіремін деп, сол сияқты адамның жеке басына өзге ауыр күш көрсетемін не мүлікті өртеп құртамын деп жарылыс жасау немесе өзге жалпы қауіпті тәсілмен қорқыту, бұл қорқытудың іске асатындығына қауіптенудің жеткілікті негіздері бар екендігін арқылы сипатталады.
Заңда қорқытудың нақты түрлері-(өлтіру, денсаулыққа ауыр зиян келтіру, адамның жеке басына күш көрсету, мүлікті өртеу, жарылыс жасау, жалпыға қауіпті тәсілді қолдану) нақты көрсетілген.
Қорқытуды білдіру тәсілі сан алуан (ауызша, жазбаша, белгі беру немесе үшінші бір адам арқылы сәлем айту, белгілі бір нақты әрекеттер жасау) болуы керек. Қылмыс формальдық құрамға жатады және ондай қорқытулар жәбірленушіге мәлім болған уақыттан бастап аяқталған деп танылады. Егер өлтіремін деген қорқыту қару-жарақ сатып алумен ұштасса, онда кінәлының әрекеті кісі өлтіруге даярланғандық болып табылады. Субъективтік жағынан қылмыс тікелей қасақаналықпен істеледі. Қылмыстық ниет әр түрлі болуы мүмкін, ол жаза тағайындалғанда есепке алынады. Қылмыстың субъектісі-16-ға толған адам.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   231




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет