Сабақ және оның құрылымы


Базалық оқу пәндері мен көркем еңбектің сабақтастығы



бет9/74
Дата29.12.2023
өлшемі0,73 Mb.
#144805
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74
Базалық оқу пәндері мен көркем еңбектің сабақтастығы
Базалық жалпы білім беру курстары - оқушылардың оқытудың барлық бейіндерінде міндетті болып табылатын курстар. Жоғары сынып оқшыларының әрқайсысының минималды жалпы білім алу деңгейін қамтамасыз ететін базалық жалпы білім курстардың құрамы – жалпы білім берудің мақсатын, міндеттерін, функцияларын жарқын көрсете алуы тиіс. Атап өтетін мәселе, бейіндік оқыту жобасында жоғарыда көрсетілмеген кейбір пәндердің де (информатика, жағрафия, өнер т.б.)базалық минималдық деңгейде оқытылу мүмкіндігі жоққа шығарылмайды. Бұл пәндер барлық бейіндерге міндетті болып саналмайды, дегенмен, олардың әрқайсысы қандай да бір бейінге ондағы мамандандыру ерекшелігіне орай білім мазмұнына кіруі мүмкін. Мысалы, базалық деңгейдегі география курсы әлеуметтік-экономикалық бейін мазмұнында қарастырылған, ал бейіндік деңгейде – жаратылыстану бейініндегі нұсқалардың бірінде берілген. «Көркем еңбек» пәні елестету мен бақылау қабілетін, кеңістіктік және және көру елесі қабілетін қамтамасыз ететін, әртүрлі шығармашылық әрекет барысында, көркем-технологиялық білімдерді, қабілеттер және дағдыларды қалыптастыруға бағытталған.Түрлі материалдармен жұмыс істеу оқушылардың технологиялық ойлауын, көркем-эстетикалық талғамын, шығармашылық, есте сақтау қабілеттерін, кеңістіктік қиялын, фантазиясы мен қол моторикасын дамытуға, көзбен нақты мөлшерлеу қабілетін жетілдіруге мүмкіндік береді.
«Көркем еңбек» пәні оқу бағдарламасының мақсаты-жеке тұлғаның қалыптасуы және өз ойын білдіруінің негізі ретінде, рухани-адамгершілік мәдениетін дамыту, шығармашылық, кеңістіктік - образдық ойлауын, көркем-технологиялық білімнің негізін қалыптастыру. Сондықтан да мектептің алдында тұрған негізгі міндеттердің бірі-әр адамның табиғи бейімділіктері мен құндылық бағдарларын ескере отырып, өзін-өзі жетілдіруге, өзін-өзі дамытуға, өзін-өзі өзектендіруге мүмкіндігі бар шығармашыл тұлғаны қалыптастыру. Көркем еңбек пәнінің мазмұнына халықтың қолөнері, ою-өрнек түрлері, дизайн, витраж, мозайка құрастыру сияқты қызықты тақырыптар беріледі.Көркем еңбекте шығармашылық жұмыстарды орындау барысында қазақтың ұлттық мәдениет элементтерін пайдаланады. Қолөнердің түрлерін жасау оқушының эстетикалық талғамын, іскерлігін, еңбекқорлығын жетілдіреді.Қолөнер бұйымдарын оқушыларға жасату әсемдікке, сұлулыққа тәрбиелеуге мүмкіндік береді.
Еңбек әрекеті арқылы қоғамға қажетті қолөнер бұйымдарының сан алуан түрлерін өз қолдарымен дайындап, оны өмір қажеттілігіне қолдануға мүмкіндік береді, ол біріншіден жеке тұлғаның шығармашылық идеясын дамытады, екіншіден жеке кәсіпкерлікті дамытуға ықпал жасайды.
Көркем еңбек пәні қолдың моторикасын жақсартады. Сонымен қатар психологиялық процестері, атап айтсақ, түйсік, қиял, елестету т.б. дамыйды. Оқушы белгілі бір заттың бейнесін салу үшін, ойша өзі образ жасайды, соны қағаз бетіне түсіредіҚорыта айтқанда, жаңартылған білім мазмұнында бұл интеграциялық пән ретінде, оқушылардың шығармашылық, креативтілік, жаңаша ойлау, жоспарлау, жобалау т.б. мүмкіндіктерін ашуға көмектеседі.
Бейнелеу өнері сабағында оқулықпен жұмыс
Бейнелеу өнері сабағында ұсынылған оқулықтар
оқушының көркемдік және эстетикалық дамуы жеке тұлғаны әлеуметтендірудің маңызды шарты ретінде, оның адамзат мәдениеті әлеміне ену тәсілі ретінде және сонымен бірге өзін-өзі тану және өзінің ерекше тұлғасын бекіту тәсілі ретінде қалыптасуына зор үлес қосады. Көркемдік даму оқушының жеке көркемдік шығармашылығы процесінде практикалық белсенділік түрінде жүзеге асырылады. Көркемдік білім берудің мақсаттары-баланың эмоционалды-адамгершілік әлеуетін дамыту, оның жан дүниесін адамзаттың рухани-адамгершілік ізденісінің формасы ретінде көркем мәдениетке тарту арқылы дамыту. Оқушыларының оқулықпен жұмыс істеу дағдыларын қалыптастыруда қосымша әдебиеттерге үлкен мән беріледі. Мұғалім оқушыларға графика, түстану, композиция және т.б. туралы танымал және көркем әдебиеттерді оқуды ұсынады. Олардың назарын ғылыми-көпшілік журналдарға аударады. Ғылыми-көпшілік әдебиеттер негізінде оқушыдар баяндамалар жасайды. Осылайша, олар қосымша әдебиеттерден және Интернеттен білім алуды өз бетінше үйренеді.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   74




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет