Келмейді қайта айналып сұрауменен» деген өлең жолдарының мағынасын түсіндір.
Əннің шумағы мен қайырмасының орындауында қандай ерекшеліктер бар? Оқушылар əннің қайырма- сын орындайды.
Р.Стамғазиев https://www.youtub e.com/watch?v=9qR
z0X4m-zY
4-тапсырма.Орындау.
Он саусақ (əн қайырмасы) Біржан салдың əні Он саусағым бір баспай Жүрмін қалай жер баспай? Жиын тойдың ішінде
Əн саламын осылай, Ай, ги-ги-гай, ги-ги-гай.
Қайырма əуендері қайталамалы, тез жатталады. Оқушыларға əн қайырмасын бірте-бірте тездете орындап, ұрмалы музыкалық аспаптармен сүйемел- деу тапсырылады. Əнді топпен де, жеке де орындауға болады.
5-тапсырма.Зерттеу.
(МК, Ұ) Бұл тапсырмадағы зерттеу жұмыстары ноталық сауаттылықпен байланысты. Оқушылар оқулықта көрсетілгендей Біржанның «Он саусақ» əнінің қайырмасын нотаға қарап орындайды. Əннің өлшемін анықтап, ноталар ұзақтығын ажыратады. Сонымен бірге 2/4 өлшеміне дирижёрлеп, əнді орындауы керек.
Сабақтың соңы
6-тапсырма.Таныстыру жəне бағалау.
(МК, Ұ) Сыныптастарымен бірге өз орындауларын таныстырып, бағалайды.
Сабақ соңында Біржан шығармашылығының негізінде қазақ мəдениетіндегі суырыпсалма өнері жөнінде қорытынды жасайды.