Сабақ жоспары Ұзақмерзімді жоспар бөлімі



бет121/177
Дата12.02.2023
өлшемі0,81 Mb.
#67322
түріСабақ
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   177
Байланысты:
Музыка 3 сынып ҚМЖ

3-тапсырма. Тыңдау жəне талдау.
(Ұ) Оқушылар Біржан салдың «Он саусақ» əнін əнші Р. Стамғазиевтың орындауында тыңдайды. Əн төгіліп, асқақ орындалады. Оқушылар əн сипатына талдама жасайды.
Əннің сөзі мен орындалуына назарыңды аудар.

  • «Гүлденген бəйшешектей қайран жастық,

Келмейді қайта айналып сұрауменен» деген өлең жолдарының мағынасын түсіндір.

  • Əннің шумағы мен қайырмасының орындауында қандай ерекшеліктер бар? Оқушылар əннің қайырма- сын орындайды.

Р.Стамғазиев https://www.youtub e.com/watch?v=9qR


z0X4m-zY

4-тапсырма. Орындау.
Он саусақ
(əн қайырмасы)
Біржан салдың əні
Он саусағым бір баспай Жүрмін қалай жер баспай? Жиын тойдың ішінде
Əн саламын осылай, Ай, ги-ги-гай, ги-ги-гай.
Қайырма əуендері қайталамалы, тез жатталады. Оқушыларға əн қайырмасын бірте-бірте тездете орындап, ұрмалы музыкалық аспаптармен сүйемел- деу тапсырылады. Əнді топпен де, жеке де орындауға болады.
5-тапсырма. Зерттеу.
(МК, Ұ) Бұл тапсырмадағы зерттеу жұмыстары ноталық сауаттылықпен байланысты. Оқушылар оқулықта көрсетілгендей Біржанның «Он саусақ» əнінің қайырмасын нотаға қарап орындайды. Əннің өлшемін анықтап, ноталар ұзақтығын ажыратады. Сонымен бірге 2/4 өлшеміне дирижёрлеп, əнді орындауы керек.

Сабақтың соңы

6-тапсырма. Таныстыру жəне бағалау.
(МК, Ұ) Сыныптастарымен бірге өз орындауларын таныстырып, бағалайды.
Сабақ соңында Біржан шығармашылығының негізінде қазақ мəдениетіндегі суырыпсалма өнері жөнінде қорытынды жасайды.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   117   118   119   120   121   122   123   124   ...   177




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет