М. Оқушыларды оқулықтағы «Табиғат əуені» сөзжұмбақ ойынының шартымен таныстырады.
Шарты. Оқушылар сөзжұмбақта «табиғат» сөзін құрастыратын «жанды табиғатқа» қатысты сөздерді алады. Ал «жансыз табиғатқа» қатысты сөздер
«енəуі » деген сөзді құрайды. Ұсынылған сөздерден керектілерді тауып, сөзжұмбақты сыныппен бірге шешеді. Таңдаған сөздеріне өз түсініктерін айтып беруді талап етеді.
М. Келесі тапсырмада балаларды ойын арқылы табиғат пен музыканың байланысын табуды ұйғарады.
(МК,Т) 3-тапсырма.Зерттеу. Ақпарат іздеу. Ойын. Табиғат пен музыка (ойын)
Шарты. Мұғалім оқушыларды келесі атаулар бойынша үш топқа бөліп, ойын талабымен таныстырады: «Жанды табиғат өкілдері», «Жансыз табиғат өкілдері», «Музыканттар».
Бірінші топ: «Жансыз табиғат (мысалы: су, ауа, күн) жоғалып кетсе, адам баласы, жан-жануарлар, өсімдіктер өмір сүре ала ма?» деген сұраққа ақпарат іздейді жəне мысалдар келтіріп, жауаптарын дəлелдейді. Екінші топ жанды жəне жансыз табиғаттың байланысын, ақпарат пен мысалдар келтіріп көрсетеді. Үшінші – «Музыканттар» тобы табиғаттың композиторлар шығармашылығына беретін əсерін жəне музыка мен табиғаттың байланысына түсінік беруі тиіс.
Үш топтың орындайтын соңғы тапсырмасы – табиғат пен музыканың бір-бірімен байланысын мысалдар келтіріп, дəлелдеп түсіндіру.
М. Сабақтың осы бөлімін қорыту мақсатында музыка сауаттылыққа байланысты оқушылар назарын оқулықта берілген келесі түсініктерге аударады жəне бірге талқылайды.