Дәріс - 8
Тақырыбы: Көркем еңбек (Сәндік-қолданбалы өнер). Дизайн
Мақсаты: Көркем еңбектідан қағаздан түрлі бұйымдар жасауға үйрету, дизайын туралы ұғымдарын кеңейту
Жоспар:
Сәндік-қолданбалы өнер туралы түсінік
Ермексаз, сазбалшықпен жұмыс жасау әдістемесі
Дизайн негіздері
Бастауыш сыныптарда өтілетін көркем еңбекті сабағының сәндік-қолданбалы өнер бөліміне 58 сағат көлемінде сабақтар өткізу жоспарланған. Ол сағаттар 1-2 сыныптарда 12 сағттан, 3- сыныпта 18 сағаттан, 4 сыныпта 16 сағат бөлінген. Бастауыш сынптарда оқушылар қазақ халқының қолданбалы өнер түрлерімен танысып, ол жұмыстарды дайындау тәсілдері туралы кеңірек мағлуматтар аладаы.
1 сыныпта текемет, кілем, сырмақ сияқты төсеніштік тұтыну бұйымдарымен бірге, аяққап, кесе қап, қоржын, т.б. тұрмыстық тұтыну бұйымдары туралы, сондай-ақ зергерлік бұйымдардың түрлерімен құрақ құрау өнерімен таныстырылады. Олардың ою-өрнектен бастырмалап орындау, текемет-сырмақтардың қағаздан дайындалған кішігірім үлгілерін дайындап әшекейлеу жұмыстары жоспарланған. Бұл жұмыстармен бірге ағаштан дайындалатын үй жиһаздары сандық, жүкаяқ, кебеже сияқты бұйымдармен бірге тоқу өнеріне еңбекті ұлттық ою-өрнектерді қию оларды бастырмалап орындау тәсілімен танысса, 2 сыныпта қошқар мүйіз оюы үлгісімен орындалған композициялы жұмыс түрлерімен танысады. Мата бетіне ою үлгілерін кестелеп тігу, матадан түскиіз үлгілерін, сырмақ үлгілерін дайындау тәсілдерімен, қамшы өру, құс қанаты ою элементтерінен ою-өрнек құрастыру тәсілдерін үйренеді.
Практикалық жұмыстарда 1 сыныптан бастап ең қарапайым жұмыс түрлерінен дайындалатын тапсырмалар бірте-бірте күрделеніліп беріліп, оларды оларды дайындау жолдары үйретіледі. Тапсырмаларды дұрыс орындап шығу үшін, оқушылар сабақты түсініп, қызығуы үшін, сабаққа ынтасын арттыруы үшін ойын ретінде күйтабақ, күй таспаларын қолдану арқылы бала эмоциясын көтеру жұмыстары қарастырылған жөн.
Қазақ халқының ұлттық қолөнерінің барлығы ою-өрнектермен байланысты болып келеді. Ою-өрнексіз орындалған қолөнер бұйымдарының онша әсем, көрнекті болмайтыны белгілі. Сондықтан оқушылар қазақ халқының ою-өрнектерінің түпкі төркіні қошқар мүйіз, болса, кейін келе бұл оюдың өрбуі, үйлесімділігі, орналасуы мән мағынасы туралы мағлұматтар берілуі тиіс.
Ою-өрнек жөнінде тарихи деректерге сүйенсек, ертеде адамдар өз ойын, тасқа, сүйекке, ағашқа ойып қашап түсіріп отырған. Ою деген сөзбен өрнек сөзінің мағынасы бір. Ол бір нәрсенің бетін оя отырып бедер түсіру деген мағынаны білдіреді. Әрбір оюдың өзіндік мағынасы бар.Сонымен қатар ою-өрнектің басты белгілеріне қарай лента, гүлді және торлы өрнектер болып бөлінсе, бейнелеу белгілеріне қарай геометриялық, көкөністік, пішіндік, ғарыштық, зооморфтық, қиял-ғажайып өрнектері болып жіктеледі екен.
Мүсіндеу арқылы заттың көлемі , шамаластығы, түсі, бұйым бөлшектерінің пішіндері және қиыстырма т.б. туралы түсініктер, мағлұматтар алуға да болады. Ал мүсіндеу өнеріне қажетті материалдар мен құралдар мыналар: ермексаз, сазбалшық, мүсіндеуге арналған тұғыр тақтайша (40Х40см) пышық және сазбалшықтың түрлері.
Бірақ әдетте мамандар ақ және сұр түсті сазбалшықты қолданады, ал мектеп жағдайында оқушыларға барлық түрдегі сазбалшықтар жарай береді (сары қызыл т.б.)
Мұндай сазбалшықтар барлық жерде кездеседі. Сазбалшықты сабаққа дайындауға оныңбұрынғыдан келе жатқан халықтық әдісі пайдаланылады. Жаңбырдан кейін кейбір жерлерге шалшық су тұрып қалады, сол жерден ылайы -сазбалшық болып табылады. Оны шелекке күрекпен салып үстіне толтырып су құямыз да біраз араластырамыз. Содан кейін сазбалшықтың үстіндегі суды төгеміз. Шелектегі сазбалшықтың түп жағынан шамамен 3-4 сантиметрдей алып тастаймыз. Міне осындағы ортасындағы сазбалшықты сақтау үшін шелектің түбіне аздап су құйып, оның үстін кеуіп кетпеу үшін целлофанмен жауып қоямыз.
Енді ермексаз бен сазбалшықты салыстырып көрейік.
Достарыңызбен бөлісу: |