36-сурет. Жануар бауырының клеткаларындағы митоз (аксолотль бауырының шеткі
аймағы). Бояуы: Teмipлi гематоксилин, х 400. 1-бөлінбеген клеткалар; 2-профаза (тығыз
тармақталған кезеңі); 3-профаза (борпылдақ шумақталған кезең); 4-метафаза
(диастер); 5-анафаза (И..В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
2-ші
тапсырма: Өсімдік клеткасындағы митоз. Пияздың тамыры.
Микроскоптың кіші көрінісінен препаратты қарап тамырдың үш зонасын ажыратыңыздар:
1) бұл зона оймақша жұқа
қабырғалы клеткалардан тұрады; 2) клетка бөліну зонасы-
меристема; 3) ұзару зонасы тік бұрышты клеткалардан тұрады. Үлкен ұлғайтқышқа
ауыстырып интерфазалық және митоздың барлық фазасындағы
клеткаларды көруге
болады. Интерфазадағы клетканың суретін салып, белгілеңіздер: 1) клетка қабықшасы; 2)
цитоплазма; 3) ядро; 4) ядрошық; 5) хроматин (37-сурет).
37-сурет.
Клетканың 6өлінуі, митоз. Бояуы: темірлі-гематоксилин х 400.
І-(1)- интерфаза; ІІ-ІІІ-ІҮ(2) -профаза; Ү-ҮІ(3) – метафаза (монастер); ҮІІ- анафаза
(диастер) 4 – бөліну жіпшесі; ҮІІІ-телофаза.