5-ші тапсырма: Микросуреттерді қарап хромосомалардың құрылысын
анықтап, суретін салу.
Бақылау сұрақтары:
1. Хромосома дегеніміз не?
2. Хромосоманың ішкі және сыртқы құрылысын атаңыз.
3. Хромосомаларда гетерохроматинді, эухроматинді бөлімдері қандай роль атқарады?
4. ДНҚ қүрылысын жазыңыз?
5. Центромераның орналасуына байланысты хромосомаларды қанша типке бөледі?
6. Хромосоманың
формасы адамда, бактерияларда, қосмекенділерде, жеміс
шыбынында қандай болады?
7. Кариотип дегеніміз не?
8. Хромосоманың атқаратын қызметіне байланысты түрлері қандай?
9. Хромосомалардың атқаратын қызметі қандай?
10.Хромосомалардың екі еселенуі қай кезде жүреді?
№ 14 зертханалық сабақ
Тақырыбы: Клеткалық цикл және клетканың бөліну жолдары
Мақсаты: 1.Клеткалық цикл кезеңдерін түсініп алу
2. Митоз және амитозды ажырата білу
1-ші тапсырма: Жануар клеткасындағы митоз. Аксолотльдің қара бауыры.
Микроскоптың кіші көрінісіне қойып, бауырдың шеткі зонасын тауып алып, үлкен
ұлғайтқышқа ауыстырып, митоздың төрт фазасын тауып, суретін салып белгілеңіздер (36-
сурет).
36-сурет. Жануар бауырының клеткаларындағы митоз (аксолотль бауырының шеткі
аймағы). Бояуы: Teмipлi гематоксилин, х 400. 1-бөлінбеген клеткалар; 2-профаза (тығыз
тармақталған кезеңі); 3-профаза (борпылдақ шумақталған кезең); 4-метафаза
(диастер); 5-анафаза (И..В.Алмазов, Л.С.Сутулов бойынша).
2-ші
тапсырма: Өсімдік клеткасындағы митоз. Пияздың тамыры.
Микроскоптың кіші көрінісінен препаратты қарап тамырдың үш зонасын ажыратыңыздар:
1) бұл зона оймақша жұқа қабырғалы клеткалардан тұрады; 2) клетка бөліну зонасы-
меристема; 3) ұзару зонасы тік бұрышты клеткалардан тұрады. Үлкен ұлғайтқышқа
ауыстырып интерфазалық және митоздың барлық фазасындағы клеткаларды көруге
болады. Интерфазадағы клетканың суретін салып, белгілеңіздер: 1) клетка қабықшасы; 2)
цитоплазма; 3) ядро; 4) ядрошық; 5) хроматин (37-сурет).
37-сурет.
Клетканың 6өлінуі, митоз. Бояуы: темірлі-гематоксилин х 400.
І-(1)- интерфаза; ІІ-ІІІ-ІҮ(2) -профаза; Ү-ҮІ(3) – метафаза (монастер); ҮІІ- анафаза
(диастер) 4 – бөліну жіпшесі; ҮІІІ-телофаза.
|