3-ші тапсырма: Тышқан қуығы клеткаларындағы амитоз.
Бояуы темірлі-эозин. Микроскоптың кіші көрінісіне қойып клеткаларды көресіз.
Клеткалардың бөлінуі ядролардың үзбе арқылы бөлінуінен басталып цитоплазма кейін
бөлінеді. Суретін салып белгілейтіндеріңіз: 1) амитоздағы ядроның бөлінуі; 2) цитоплазма
.
4-ші тапсырма: Скерда түқымының меристемалық клеткаларынан препарат
жасап, клетканың митоз жолымен бөлінуін анықтап, суретін салу.
Бақылау сұрақтары:
1. Клетканың қандай жолдармен бөлінеді?
2. Клеткалық циклдің кезендерін атаңыз?
3. Эндомитоздың ерекшелігін атаңыз?
4. Митоздың биологиялық маңызы неде?
5. Митоздың барлық фазаларын талдап беріңіздер
6. «Амитоз» деген не? Амитоз жолымен қандай организмдер бөлінеді?
7. Интерфаза және митоз кезінде хромасомалар қандай күйде болады?
8. Хромосомалардың диплоидтық жиынтығы деген не?
№ 15 зертханалық сабақ
Тақырыбы: ЖЫНЫС КЛЕТКАЛАРЫНЫҢ БӨЛІНУІ
Мақсаты: Мейоздың ерекшелігі, оның биологиялық маңызы. Коньюгация, кроссинговер
процестерін ажырата білу
38-сурет. Кроссинговер процесі (П.Кемп.,К.Армс).
1-ші тапсырма: Микросуреттерді қарап мейоз 1 суретін салу (39-сурет).
Мұндығы белгілейтіндеріңіз:
а) Мейоз І – профаза І – лептонема,зигонема, пахинема, диплонема, диакинез;
метафаза І; анафаза І; телофаза І.
Б) Мейоз ІІ – профаза ІІ, метафаза ІІ, анафаза ІІ, телофаза ІІ.
39-сурет. Мейоздың негізгі сатылары(П.Кемп.,К.Армс).
Бақылау сұрақтары:
1. Мейоз жолмен қандай клеткалар бөлінеді?
2. Кон
Ъ
югация, кроссинговер процестері қай фазада жүреді?
3. Мейоздың биологиялық маңызы неде?
4. Мейоздың барлық фазаларын түсіндіріңіз?
|