Сабақтың атауы Еңбек қауіпсіздігін ережесін сақтау. Еңбек мәдениет ережесі Мақсаты



бет48/62
Дата05.04.2022
өлшемі2,07 Mb.
#29922
түріСабақ
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62
Психологиялық ахуал

Психологиялық дайындық

Біз балдырған баламыз,

Құстай қанат қағамыз.

Дүниені аралап,

Оқып білім аламыз.


Оқушылар шеңберде жиналып,мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.

Қызығушылықты ояту

Мағынаны тану

а) Мұғалімнің түсіндірмесі.

 Қазір бұрынғыдай емес ыдыстың түрі көп. Және олар пластиктен, керамикадан, шыныдан басқа да түрлі заттардан жасалуда. Алайда ыдыс таңдауда абай болған жөн. Өйткені олардың кейбірі адам ағзасына аса зиян екендігі анықталып отыр. Мәселен ішкі бөлігі фарфор, сыртқы көрінісі пластмассаға ұқсайтын ыдыстарды біздің елде кез келген үйдің асханасынан кездестіруге болады. Ал еуропалықтар мұндай ыдыстардан әлдеқашан бас тартқан. Өйткені меламин ыдыстардың құрамындағы қоспалар денсаулыққа өте зиян. Мұндай ыдыстардан формальдегид те көп бөлінеді екен. Ол аллергиялық аурулар тудыратын ауыр металл. Сондай-ақ бүгінде жұқа, жеңіл, әрі төзімді жылтыр ақ түсті металдан жасалған ыдыстар да үлкен сұраныста. Алайда мамандар мұндай ыдыстардың никель мен хром бөлетінін анықтап отыр. Осылайша ата-бабаларымыз «аяғына қарап асын іш» деп ыдыстың тазалығына мән берсе, бүгінде ыдыстың тазалығына қоса сапасына да қатаң назар аудару қажеттілігі сезілуде. Өйткені республикалық СЭС мамандары көтерме сауда орындарындағы арзанқол керамика және фарфор ыдыс-аяқтарынан қорғасын, мырыш, кадмий сынды адам денсаулығына қауіп төндіретін химиялық заттардың мөлшері қалыптан 20-30 есе артық екенін анықтап отыр. 

 Осындайда адам денсаулығына зиянды зат бөлмек түгілі ішіндегісінің дәмін арттырып, қалыпты температурада сақталуына да жағдай жасайтын ұлттық ыдыс-аяқтың түр-түрін ойлап тапқан ата-бабамыздың даналығы мен көрегенділігіне еріксіз сүйсінесің.

Қазақ халқында ыдыстардың металдан, қыштан, шыны, пластмассадан жасалған түрлері бар. Металл ыдыстар шойыннан, алюминийден, жезден, т.б. жасалынады. Алюминий ыдыстар ыстыққа өте төзімді әрі онда пісірілген тамақтың дәмі, түсі, иісі бұзылмайды. Темір ыдыстар, жезден жасалған ыдыстар, шойын ыдыстар, фарфор ыдыстар, шыны ыдыстар, пластмасса ыдыстар болады. Папье-маше – қағаз массасынан желім, гипс араластырылып жасалған қатты нығыз бұйым. Ол француз тілінен аударғанда «жыртып немесе қиып алынған қағаз» деген мағынаны білдіреді. Папье-машеден бұйым жасау аса қиын емес, алайда ол ұқыптылық пен шыдамдылықты талап етеді. Папье-машеден әр түрлі қобдиша, маска, ойыншықтар жасауға болады. Ал біз ыдыс жасаймыз.  2 тақырып: мұғалімнің түсіндірмесі:

Сусыннан босаған пластмасса бөтелке мен ермексазды пайдаланып, қарапайым тәсілмен кәмпит салатын ыдыс жасап көрейік. Ол үшін бөтелкенің бас жағы мен түп жағын қайшымен қиып немесе кеңсе пышағымен абайлап кесеміз. Содан кейін бөтелкенің түбін кеңсе пышағымен оямыз. Ойық арқылы бөтелкенің мойнын кіргізіп, оның жан-жағын ермексазбен жапсырып, бекітеміз. Дайын ыдысты әр түрлі тәсілмен безендіруге болады.

 Сергіту сәті





Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   44   45   46   47   48   49   50   51   ...   62




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет