Сабақтың мақсаты: Сабақтың типі: Түсіндіру, жаңа сабақ ІҮ Сабақтың әдісі: Әңгімелесу



бет6/22
Дата23.11.2022
өлшемі206,35 Kb.
#52149
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22
І. Ұйымдастыру кезеңі
Сәлемдесу, оқушыларды түгендеу, оқу құралдарын тексеру, оқушылар зейінің сабаққа аудару.
ІІ.Үй тапсырмасын сұрау:
1. Қазақстанның табиғаты туралы не айта аласың?
2. Карта деген сөз не мағына береді?
3. Қазақстанның қандай қазба байлықтары бар?
4. Қызылорда қай өңірге жатады? Маңғыстау ше? Қарағанды ше?

ІІІ. Жаңа сабақ: Топонимика дегеніміз не?
Топонимика «топос» — орын, жер, «онома» — атау деген екі сөзінен тұрады, яғни жер-су атаулары деген сөз.
Топоним дер, яғни жер-су аттары, негізінен үш бағытта зерттеледі:

  1. семантикасы (мағынасы);

  2. жасалу жолдары;

  3. этимологиясы.- жер атауының яғни сөздің шығу тегін

Топонимика географиятарих, тіл білімі, этнология ғылымдарының деректеріне сүйеніп, өзара байланыста дамиды.
Шығыс Қазақстан облысының топонимикалық кеңістігін жеке алып қарағанда, оның тілдік қабаты (стратиграфиясы) үш қабаттан тұратыны анық байқалады. Біріншісі ерте заманнан түркі қабаты құрайды. Тілтаным ғылымында шартты түрде алтай тіл бірлестігі дәуірі, сақ, ғұн, түркі кезеңдері деп бөліп жатады, алайда нақты бір жер-су атының қашан пайда болғанын тап басып анықтау қиын. Сонда да көне атауларға Алтын йыш-Алтынтағ-Алтынтау (қазіргі Алтай), Мұзтаг-Мұзтау, Ертіс, Бұқтырма, Күршім, Аршаты, Алтықыз, Қаба, Бейнетеңіз (қазіргі Зайсан), Барқытбел (қазіргі Тарбағатай), Қалба сияқты топонимдерді жатқызуға болады. Түркі қабаты қазіргі аумағымызда ресми тіркеліп жүрген 20000 атаудың 74,8%-ын құрайды.Екінші қабат ХІІІ ғасырдан бастап еніп, 1755 жылдарға дейін, яғни Жоңғария құла­ғанға дейін жалғасқан моңғол тілді топонимдерден тұрады. Ол атаулардың көбін қазақтар қайтадан өз тілдеріне аударып алса, көбі фонетикалық өзгеріске түсіп, тілімізге бейімделіп кетті. Мысалы, Алтай, Зайсан, Тарбағатай, Қалжыр, Күрті, Тұрғысын, Тайын­ты, Арқауыл, Бүркітауыл, Долон, Ұлан, т.б. Облысымызда шамамен 10%-дай моңғол атаулары сақталып қалған.
Үшінші қабатты Жоңғария құлағаннан кейін көп ұзамай келе бастаған славян тілдеріндегі топонимдер құрайды. Ол атаулар 1760, 1870 жылдардан бастап үздіксіз еніп жатты. Аймақ атауларының 15%-ы орыс, украин, белорус тілдерінен жасалған: Быструшка, Тихая, Сухойлог,Каменка,Шеманаевка,Нико­лаевка,т.б.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   22




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет