Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек. Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол – үшеуінің жөнін білмек. «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек»