Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, Сонда толық боласың елден ерек. Жеке-жеке біреуі жарытпайды, Жол да жоқ жарыместі «жақсы» демек. Ақыл да, ашу да жоқ, күлкі де жоқ, Тулап, қайнап бір жүрек қылады әлек. Біреуінің күні жоқ біреуінсіз, Ғылым сол – үшеуінің жөнін білмек. «Әуелде бір суық мұз–ақыл зерек»
І топ тапсырмасы
Өлеңнің ерекшеленіп берілген сөздеріне мәнмәтіндік талдау жасаңыздар
Ерекшелен-ген сөздер
Мағы-насы
Қолданылу аясы
Критерий
Дескрипторлар
Ерекшеленіп берілген сөздерге мәнмәтіндік талдау жасайды
Ерекше сөздердің мағынасын ашады;
кестеге түсіреді;
ойын жүйелі, жинақы жеткізеді
ІІ топ тапсырмасы
Жүрек, ақыл, қайрат сөздерінің лексика-семантикалық мағынасын анықтайды
Жүрек, ақыл, қайрат сөздерінің мағынасы
Қолданылу аясы
Критерий
Дескрипторлар
Жүрек,ақыл, қайрат сөздерінің лексика-семантикалық анықтайды.
Сөздердің мағынасын анықтайды;
Қолданылуын түсіндіреді;
ойын жүйелі, жинақы жеткізеді
3-топ тапсырмасы
Сөздердің синонимін табыңыздар
Сөздер
Мағынасы
Әуелде
Тоқтаулы (Тоқтаулы-лық)
Толық
Ұста
Жарымес
Әлек
Критерий
Дескрипторлар
Сөздердің синонимін табады
1.Берілген сөздердің мағынасын «Синонимдер сөздігінен» табады;
2.Кестеге түсіреді:
3.Сөздік қорларына қосып алады;