Саралау: Бұл жерде саралаудың «Диалог және қолдау көрсету» тәсілі көрінеді. Дұрыс мағынада жауап беруге бағыттау мақсатында кейбір оқушыларға ашық сұрақтар, ал кейбір көмек қажет ететін оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойылады.
Мұғалім оқушылардың зертханалық жұмысын орындау барысын бақылайды, тексереді. Нұсқаулық көрсетеді. Қолдау қажет ететіндерге қолдау көрсетеді. Оқушының сыни ойлана білуіне мүмкіндік жасайды. Түрткі сұрақтар қояды.
Сабақтың соңы
Ой толғаныс.
Рефлексия
7 мин.
«Еркін микрофон» әдісі.Мұғалім сабақты қорытындылау мақсатында оқушылардың сабаққа деген көзқарасын, рефлексиясын тыңдайды.
Мақсаты: Оқушы алған білімін саралай білуге дағдыланады.
Тиімділігі: Тақырып бойынша оқушылардың пікірін анықтайды. Жинақталған деректердің құнды болуын қадағалайды.