Сабақтың тақырыбы Қауіпсіздік ережесі. Адамның табиғи қозғалысы жүгіру Сабақтың оқу мақсаты



бет264/317
Дата31.12.2021
өлшемі4,23 Mb.
#22461
түріСабақ
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   317
Пәндік лексика және терминология

  • қабылдау, беру

  • лақтыру, пас, соққы

  • шабуыл, қорғаныс, нақтылық

  • тәсіл, стратегия, мәселе, шешім

  • қауіпсіздік, ереже, ойын

  • шабуылдаушы, қорғаушы, байланыстырушы

  • ойын қисыны

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Шабуылдаушы әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?

  • Қорғаныс әрекеттерде қандай тәсілдерді қолдандыңыз?

  • Ойын ережесін сақтадыңыз ба?

  • Жақсы ойнау үшін ойын қисынында нені жақсарту қажет?

  • Ойын барысында қауіпсіздік техникасын сақтау қажет пе?

  • Баскетбол ойынын ойнау үшін қауіпсіздік техникасының қандай ережелерін білесіз?

Құндылықтарды дарыту

Оқушылар арасында ынтымақтастық құндылығын дамыту арқылы сабақ кезіндегі оқушылардың бір-біріне деген сенімділігін арттыру.

Пәнаралық байланыстар

Физика сабағымен байланыстыру, жылдамдық, күш, төзімділік.

Бастапқы білім

11 сыныпта өткен баскетбол сабағынан алған білімдері бар.

Ғаламдық ойлау дағдыларын қалыптастыру



Сабақ барысы



Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар

Сабақтың басы





1. Оқушыларды сапқа тұрғызу, сәлемдесу.

Сәлеметсіздер ме! Здравствуйте! Good afternoon! Қолайлы ортаға талаптау, оқушылар ортаға шығып шеңбер құрып, бір-бірімен амандасады және бүгінгі күнге тілек айтады. .

2. Пазл құрастыру арқылы топқа бөлінеді және тақырыпқа шығады.

3. Оқушыларды сапқа тұрғызып бір орында; «Оңға!», «Солға!», «Кері бұрыл!».

4. Жүру: Қолды жоғары көтеріп, аяқтың ұшымен жүру. Қолды жанға созып өкшемен жүру. Жартылай отырып, толық отырып жүру.

5. Жүгіру: Сағат тіліне қарсы үш айналым жеңіл жүгіріс.

6. Еркін жүріп бастапқы қалыпқа келу.

7. Екі қатарға тұрып қозғалыстағы арнайы жаттығуларын жасау:

- тізені көтеріп жүгіру

- аяқты артқа сермеп жүгіру

- қиғаштап жүгіру

- дене артымен жүгіру

- жылдам жүгіру

8. Жүріске ауысып, тыныс алу жаттығуларын орындау.

9. Жалпы даму жаттығулары:

- Оқушыларды екі қатарға тұрғызылып жалпы дамыту жаттығуларын орында тұрып орындайды, мұғалім белгі берген кезде алаңның ортасына дейін жүгіріп орнына жүгіріп қайтулары керек.


Жабдық: секунд өлшегіш, фишкалар

Қауіпсіздік техникасы.

http://referat911. ru/Fizkultura-i-sport/basketbol-ojynny-aupszdk-erezheler/561673-3334138-place1. html



Сабақтың ортасы




1 тапсырма


Оқушыларға тактикалық іс-әрекеттерді орындауға тапсырма беріледі. Мұнда оқушылар алаңда доп жүргізбейді, тек бір-біріне пас беру арқылы допты себетке салу керек.


Дескриптор:

1. топпен бірлесе жасаған жұмысты жауапкершілікпен орындауы;

2. допқа қарай ашылу;

3. бір-біріне доп беру;

4. себетке доп салу.

2 тапсырма


Баскетбол ойынындағы топтық жұмыс. Екі және үш ойыншылардың бірлескентактикалық әрекеттерін құрып, оны ойын түрінде көрсетеді. Бірінші топ шабуылдағы тактикалық әрекетті, ал екінші топ қорғаныстағы тактиканы құрып, көрсетеді. Бірінші топтың ойыншылары тапсырманы көрсету кезінде, екінші топтың ойыншылары бірінші топтың жұмысына баға береді. Мысалы: «Допты беріп, алға шық», «Үштік», «Үшбұрыш» және т. б. Осында оқушылар топ ішінде бір-бірімен ақылдасады, стратегияны ойластырады және оны тәжірибеде жасап көреді.


3 тапсырма



Оқушыларға екі жақты үйрету ойыны беріледі. Ойында допты беру, допты қағып алу, допты лақтыру және екі адым жасау арқылы допты себетке салу әдістерін оқушылар орындау керек.

Дескриптор:

- қауіпсіздік ережелерінің сақталуы;

- ойын ережелерінің сақталуы;

-ойын барысында бірлесе жасаған жұмысты жауапкершілікпен орындайды;

- себетке доп салу;

- қажетті стратегияны қолданады.




Әр бір әрекет үшін кең, таза кеңістік. Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш, таратпа материалдар.
Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш.

Карточка №1

Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш.
Карточка №2

Фишкалар, ысқырық, доптар, секунд өлшегіш.


Сабақтың соңы



Жаңа материалдарды бекіту.

Қателерін жою мақсатында кері байланыс алу.

Сабақтың қорытындысын шығару.

Оқушылардың оқу мақсатына жетудегі жетістіктерін талдау және бағалау.



Сұрақ-жауап арқылы өткізіледі.

Саралау

-барлық оқушылар қыздырыну жаттығуларын орындай алады;- - оқушылардың күш-жылдамдық қасиеттерін дамыта алады;

-көпшілік оқушыларда көшбасшылық қасиеттері жоғары деңгейде дамыған;

-оқушылардың басым көпшілігі денсаулық және қауіпсіздік ережелерін сақтауын біледі;

- жұптық іс-әрекет түрлерін қолдану арқылы оқушылардың күш-жылдамдықтары жоғары деңгейде дамыған;




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   260   261   262   263   264   265   266   267   ...   317




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет