Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет14/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66
Бақылау сұрақтары:
1.Гипокинезия дегеніміз не?
2. Төзімділікті дамыту.
3.Жас шамасына қарай төзімділіктің өсу деңгейі қандай шамада болады?


Пайдаланған әдебиеттер:
Негізгі:
1.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
2.Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
3.Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Қосымша:
1.Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
2.Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
3.Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010

8 Лекция


Сабақтың тақырыбы: Спорттық іскерліктің артуы бойынша қимыл дағдыларды жетілдірудің физиологиялық негіздері
Сабақтың жоспары: 1.Спортшының жұмысқа қабілеттілігінің артуы.
2. Спортшының жұмысқа қабілеттілігінің арттыру.

Көптеген зерттеулерде спорттық іріктеудіңілімі мен әдістемесі бойынша спорттық қабілеттер мен спорттық дарындылықты бағалаудың арнайы технологиясы қолданылады. Бұндай технологияның негізгі мазмұны жоғары дәрежелі спортшылардың үлгі сипаттарын зерттеу мен анықтауда, спорттық нәтежеге ықпал ететін өлшемдердің ақпараттық маңызын зерттеуде, олардың тұрақтылығы мен генетикалық негізделуінде, сондай –ақ ұйымдастыру сұрақтарының негізделуінде. Жаттықтыру мен жарыс ықпалдары қозғалыс, дене және психикалық қабілет қасиеттерін дамытады. Қасиеттердің мәнін түсінуге деген амал ең алдымен заманауй спорт талаптарына негізделген, себебі В.Келлер мен В.Плотонов жарыс жағдайында адамның қимыл дене және психикалық әлеуеті талаптарын зерттеуге болатынын дәлелдеді. Демек қасиеттердің мазмұнын анықтайтын белгілер туралы ақпарат қажет, яғни спорттық дарындылықтың негізі болып табылады. Бұндай ақпарат спортпен айналысудың бастапқы сатысынан бастап жоғары жетістіктерге жету сатысына дейінгі жас ерекшеліктер ауқымын қамтиды. Мысалы ретінде спорттық жылдамдық – күш түріндегі спорттық дарындылықтың жас ерекшелігі құрылымын зерттеу бойынша мәліметтер келтіреміз. (жеңіл атлетикалық секірулер). Зерттеу нәтежелері жас спортшы қыздарда алғашқы дайындық кезеңінде спорттық нәтижеге дене қабілеттерінің даму деңгейі көбірек ықпал ететінін көрсетті. Мұндағы жаттықтыру ықпалының әсері өте жоғары, ал жоғары жетістіктер сатысында спорт нәтижесі көп жағдайда жүйке жүйесінің жағдайына байланысты болады. Егер спорт нәтижелеріне биологиялық белгілер әсерін кешенді қарастырсақ (соматометриялық және психофизиологиялық, онда оның бастапқы және жоғары жетістіктер сатысындағы маңызды ролін айта кеткен жөн 40,0 және 49,3%).


Демек спорттық дарындылықты кешенді зерттеу дайындықтың түрлі сатыларындағы спорттық іріктеудің өлшемдерінің мазмұнын әзірлеуге арналған ақпараттарды алуға мүмкіндік беріп, сондай – ақ спорттық іріктеудің негізгі міндеттерінің бірі – бұл біріншіден, алғашқы дайындық сатысындағы жалпы спорттық дарындылық деңгейін, екіншіден, тереңдетілген спорттық мамандану сатысындағы арнайы дарындылық деңгейін анықтау мен бағалауға мүмкіндік береді.
Жалпы спорттық дайындылық құрылымын зерттеу бойынша нақты міндеттер, атап айтсақ:

  1. Жалпы спорттық дарындылық барлық спорт түрлері өкілдерінің қызметін талдау мен жарыс және жаттықтырудың заманауи талаптары негізінде зерттелуі мүмкін.

  2. Үлкен жаттықтыру жүктемелері мен одан кейінгі күшті шапшаң қалпына келтіру жоғары дәрежелі спортшыға тән. Бұл зор денсаулықты, жоғары жұмыс қабілеті деңгейін талап етеді, дене қабілетінің даму деңгейімен анықталады. Дененің құрылым ерекшелігін, соматотипін және дене бітімін зерттеудің маңыздылығын айту керек.

  3. Көптеген спорт түрлеріндегі спорт нәтежиесі қимыл қабілетін дамытудың жоғары деңгейін қамтамасыз ететін тиісті қимыл үйлесімін бұлшық ет сезімталдығын кеңістікті бағдарлауын және басқа қасиеттерінің дамуын талап ететін жаттығуларды орындау сапасымен анықталады.

  4. Жарыс әрекеті жүйке жүйесі мен көңіл – күй тұрақтылығына, спорттық стресс жағдайында өз сезімін басқару іскерлігіне қойылатын жоғары талаптарды ұсынады.

  5. Спорттық дайындылық спортта жоғары жетістіктерге жетуге арналған қимыл, дене және психикалық қабілеттерді барынша дамытуға көмектесетін қасиеттерін үйлестіру ретінде қарастырылады.

  6. Спорттық дарындылықты зерттеу тұрақты жоғары спорт нәтижелерін қамтамасыз ететін өзара байланысқан құрамдас бөліктердің көпшілігімен белгілі бір құрылымы бар өзгермелі жүйе ретінде қарастыруды ұсынады.

  7. Балалар мен жасөспірімдердің спорт дайындығының алғашқы сатысындағы жалпы спорттық дарындылықты қимыл және дене қабілеттерін сынау көмегімен, сондай – ақ соматикалық даму мен көңіл –күй тұрақтылығын бағалау үшін педагогикалық бақылау, сауалнама, сұрақ – жауап әдістерін анықтауға болады.

Қабілетті дамытудың жоғарғы деңгейі жоғары дәрежелі спортшының ерекшелігі болып табылады. Бұл деңгейге әдетте тікелей арнайы жаттықтыру ықпалдарының қатысуымен біршама табиғи сипаттар негізінде жетеді. Спорттық маманданудың әр бір түрінің өз ерекшеліктері мен спорттық қабілеттерінің өзіндік ерекше құрылымы бар. Ауырлық көтеруге арналған спортшы деп жалпыға ортақ түсінікте үлкен күш қабілеті бар, ал спринтте жоғары жетістікке жету үшін атаймыз. Спорт ойындарында бір емес, бірнеше сапалар кешенінің жоғары даму деңгейі талап етіледі. Бір қарағанда бұл көзқарас қарапайым әрі түсінікті көрінеді, яғни өзінің үйлесімділік және жылдамдық күш қабілеттеріңді дамыт, сонда өте биікке секіретін боласың немесе қарсылас қақпасына дәл соққы бергің келсе, онда өзіңнің төзімділігің мен күшіңді ұштастыра дамыт. Ал шын мәнінде бұл жай нәрсе емес. Спорт түрлерінің өкілдерінде спорттық қабілеттердің күрделі құрылымдарымен қатар, оның ішіндегі күрделі құрылымшалары да бар, оның құрамдас бөліктері өзара байланысып, бірнеше түрлерінен маманданатын спортшылардың жылдамдық – күш қабілеттерінің дамуын зерттеу барысында бұл көрсеткіштің көбі марафоншыларда, ал азы – найза лақтырушыларда кездесетіні анықталды.
Қашықтық азайған сайын жүргізушілерде бұл көрсеткіштер арта түседі, ең жоғарғы көрсеткіштер спринтерлерде.
Секірушілерде жылдамдық – күш көрсеткіштері бойынша жоғары сатыда тұрады, бірақ мұнда белгіленген шекара байқалады: биіктікке секрушілер, ұзындыққа секірушілер, сырықпен секірушілер және соңғы орында үштік секіруден маманданатын секірушілер.
Лақтырушылар былай бөлінеді: ядро серпушілерде бұл көрсеткіштер төмен, сосын бұл көрсеткіштер тастабақ лақтырушылар мен балға лақтырушылар да артады, ал жылдамдық – күш қабілеттерінен ең жоғары көрсеткіштер найза лақтырушыларда кездеседі.
Жеңіл атлетика түрлері өкілдерінің күш қабілеттерін зерттегенде әрбір спорт түрі дене дайындығын сипаттайтын барлық көрсеткіштер бойынша нақты талаптар қоятыны белгілі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет