Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет25/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66
Пайдаланған әдебиеттер:
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010

13Лекция


Сабақтың тақырыбы: Қоршаған ортаның ерекше жағдайларындағы спорттық жұмысқа қабілеттіліктің физиологиялық негіздері
Сабақтың жоспары:

1.Спорттық жұмысқа қабілеттілікті төмендететін факторлардың физиологиялық сипаттамасы.


2. Ағзаның қызып кетуі.
3. Дегидратация
Спорттық жарыс немесе дайындық сабақтары алдында денені жарысқа немесе дайындық сабақтарын бастамас бұрын денені қыздыру, икемге келтіру керек. Қыздыру, икемге келтіру кезінде адамның денесі қызып, дененің барлық мүшелері босаңсып атқаратын функциясының (міндетінің) барлығын жеңіл орындауға мүмкіндік тудырады.
Денені қыздырып икемге келтіру екі бөлімнен тұрады. Жалпы арнаулы. Бұл қыздырыну, икемге келу жұмыстарының мақсаты жүйке жүйесінің жұмысын орындалатын жұмысқа дайындап, дененің барлық спортқа қатысатын мүшелерін ояту болып табылады. Бұл мақсат жалпы дайындық жаттығулары шеңберінде басталып, адам ағзасының жаңа, тіпті жоғары деңгейге жетуге мүмкіншілігін тудырады.
Қыздырыну, икемге келу жұмыстарының негізгі мақсаты спортшының орындайтын жұмыстарын жақсы меңгеру үшін ағзаның бүкіл жүйесін арнаулы жаттығу жұмысына немесе жарысқа қатысуға дайындайды. Қыздырынудың бұл бөліміне жаттығу жұмысы координациялық құрылымы жағынан негізгі қозғалысқа ұқсайды. Мысалы, футболшы доппен жаттығу орындайды, боксшы- жұдырық соққысы мен және қорғаныс қимылдары, ал жүгіруші – тездетіп қадам жасау тағы басқалар. Арнаулы жаттығулар орталық жүйке жүйесінің жұмысын жақсартып, уақытты байланыстырады да қозғалыс аспаптарының және вегетативтік функцияның жұмыстарын да байланыстырады.
Қыздырыну бұлшық еттердің дайындалуына жақсы әсер етеді: бұлшық еттердің жиырылуын көбейтеді, олардың босаңсуына жол бермейді, қысқару – созылу құрылымына әсер етеді, химиялық реакциялардың жылдамдығын күшейтеді. Бұлшық еттердің жұмыс қабілетінің күшейуіне, сонымен қатар қан тамырларының капиллярларының ашылуына көмектеседі, негізінен спортшыны қан мен жабдықталуына көмектеседі.
Қыздырыну арқылы демалыс жүйесі жақсы жұмыс істейді. Демалыс жиілеуі және терең демалыс ағзаның оттегімен қамтылуына жақсы әсер етеді. Қыздырыну жақсы өткізілгеннен кейін аэробты энергия пайда болады.Қыздырыну жүрек – қан тамырларының функциясын жақсартады. Бұл жүректің соғуын жиілетеді,минуттына пайдаланатын қанның мөлшерін көбейтеді. Осыған байланысты дененің аса қажетті бөліктерінде қан айналым тамырлары кеңейіп, ал дененің қанды аз пайдаланатын бөліктерінде қан айналым тамырлары тарылады.
Қыздырынудың ең қажеттілігі жылу бөліну үшін қажет. Қыздырыну барысында жылу пайда болып қана қоймайды және жылу беру жүйесі де атқарылады. Осылардың арқасында ағзаның аса ыстықтауынан сақтайды.
Қыздырыну жүйке жүйесі орталығының толық оянуына мүмкіндік береді. Қыздырыну ағзаның сенсорлық жүйесіне тиімді әсер етеді: қозғалыс сенсорлық жүйеге жақын әсер етеді, осыған байланысты орындалатын жұмысты жасау үшін, қанша күш жұмсалуы керектігі ескеріледі, бұлшық еттің жиырылуын дифференциялдау мүмкіндігі, түрлі өзгерістер кезінде толық аңғарылады. Бұл айтылғандар жекпе – жекте және спорттық ойындар кезеңінде өте қажет.
Қыздырыну жаралануды болдырмаудың алдын алуға септігін тигізеді. Ағзаның қажетті функциясын күшейту үшін жасалынған қыздырыну оның қатты шаршауына жол бермеу керек, оны тер шыққанша жасау керек. Қыздырынуға 10-30 мин уақыт жеткілікті.
Қыздырынудың тиімділігі жұмыстың басталуы және аяқталуының аралығында, негізінен жұмыстың басталуына байланысты. Қыздырыну жұмыстарының ізі ұзақ сақталмайды. Белгілі уақыт өткеннен кейін дене бұрынғы қалпына келеді. Осыдан кейін көп уақыт демалыс өткізсеңіз қыздырынудың маңызы кетеді. Қыздырыну мен негізгі жұмысты бастаудың арақашықтығы 3-10 мин болуы керек. Егер арақашықтығы ұзақ болған кезде, қыздырынуды қайта жасау керек.
Қыздырынуды жылы спорттық киіммен (жаттығу костюмі) белгілі жылуды ұстап тұратын басқада киіммен жүргізуге болады.
Психологияда спортшыға айтылуы қажет сөздер: Мен СЕНІМДІМІН, Мен БАҚЫЛАЙМЫН, Мен БАТЫЛМЫН және тағы басқа да өзін өзі жігерлендіретін сөздер бар. Ал қажетсіз сөздер ҚОРЫҚ-паймын, ТОЛҚЫ-маймын деген сөздерді айтқан кезде, спортшы оны ҚОРҚУ, ТОЛҚУ деп қабылдау мұмкін.
Қазіргі таңда спорттың сан алуан түрі бар. Олардың барлығы спорттық жарыстарға және жүйелік жаттығуларға қатысуды талап етеді.

Бұл күнде спорт психологиясын зерттеуге деген зор қызығушылықтар туындауда. Әлемнің көптеген елдерінде спорт психологиясының ғылыми жетілуі жүруде.


Спорт психологиясының негізгі міндеттері – спортшылардың спорттық жоғары нәтижелерге жетуіне жағдай жасау ғана емес. Сонымен қатар, спортшы тұлғасын жан-жақты дамыту, оның жалпы және психологиялық мәдениетін көтеру болып табылады. Спорттық жарыстардың алдында спортшылардың психикасын сол үрдіске бейімдеп жаттықтыру және бәсекелестік мәселесінен жеңімпаз ететіндей нұсқалармен қаруландыру. Жарыс барысында өзін-өзі басқара алатын дәрежеге жеткізу.
Жарысты сәтті өткізу үшін физикалық және тактикалық дайындықтың жоғары деңгейде болуы жеткілікті емес. Қозғалыс, сенсомоторлы дағдылармен қоса интеллектуалды дағдылар және топтық әрекет дағдыларының маңыздылығы артуда.
Сондықтан жарыс алдындағы дайындықта әр түрлі психикалық процесстер мен қалыптар үлкен мәнге ие болды. Сондай-ақ психологиялық факторлар мен жарысқа қатысу үшін спортшыларды психологиялық дайындаудың рөлі өсуде. Мұндай дайындықтың әдіс тәсілдері өңдеу – спорт психологиясының негізгі қызметінің бірі. Бұл қызметті жүзеге асыру үшін мыналарды іске асыру қажет:


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет