Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет33/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66
Пайдаланған әдебиеттер:
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010

16 Лекция


Сабақтың тақырыбы: Жас спортшыларды жаттықтырудың және оларды іріктеудің физиологиялық негіздері
Сабақтың жоспары:
1.Спорттық іріктеудің жалпы ережелері.
2.Спортшының морфологиялық ерекшеліктеріне және физиологиялық сапасына тұқымқуалаушылықтың әсері.

Бұлшық ет ұлпасының сандық дамуымен қатар оның серпімділігін де ескеру керек. Тонус: әлсіз – шымшығанда бұлшық еттер жұмсақ, бос, күшті бұлшық ет серпімді, шымшығанда қатты тиеді.Орташа аралық жағдай. Май жинау (сүйек бедерінің айқын көрінуі, немесе біртегістігі бойынша анықталады). Кіші – бедері мен мүшеленуі анық көрінеді, үлкен – сүйек бедері біртегіс шеткі сызықтары жеңіл дөңгелене біткен, орташа – сүйек бедері айқын есем. Шектік түрлерге назар аудару қажет – өте арық, жіңішке потологиялық сырқатқа ұқсайды. Сүйекті тар, жіңішке, орташа, кең (салмақты). Арқасының пішіні, қалыпты иілген тік. Алдына қарай еңкіш тартқан омыртқа сипаты болады. Кифоз және лордоз. Кеуде пішіні, жазық, цилиндр тәріздес, шығынқы және осылардың қосындысы (цилиндрлі- жазық т.б.) кеуде пішіні алдынан және қырынан анықталады. Пішіні қисық немесе ассиметриялы түрлері де кездеседі.(құс кеуделі т.б.)


Аяқ пішіні, қалыпты, Х-тәріздес, О- тәріздес.
Табан пішіні, қалыпты, жалпақ, эксковирлік.
Соматикалық түрлерді бағалауды жоғарыда келтірілген, спорттағы нәтижелерге соматикалық дамудың ықпалын зерттеу арқылы жүргізуге болады. Бұндай бағдарлық сызбалар, яғни соматип таза күйінде кездеспейтінін ескерте кету қажет. Ойша бағалауды пайдалана отырып, соматикалық түрлерді анықтау дағдысы іс – тәжірибесінде қолданылады. Әрине, соматикалық түрлерді ойша бағалау түрлерімен қатар өлшеу түрлері де кездеседі. Оларды арнайы антропометриялық құралдар – толықтық циркульдары, бой өлшеуіш, штангалық антропометр, дененің көлемдік өлшемдерін білуге арналған сантиметрлік лента қолданады.
Соматип анықталған соң спорттық қабілеттерді де бағалау қажет. Бұл үшін бірнеше жіктеулер жүргізіп, қорытынды жасау қажет. Бұл үшін бірнеше жіктеулер жүргізіп, қорытынды жасауға қажет. Мысалы, эктоморф жақсы жылдамдық қабілетімен және қимыл үйлесімділігімен ерекшеленеді. Қысқа мерзімді жүктемелерді жақсы көтереді және артық сирек, демек, оған жылдамдық және үйлесімділік қабілеттерін көрсетуге байланысты спорт түрлері сай келеді. Эндоморфтың бұлшық ет күші үлкен, бірақ оны өзінің шектен тыс толықтығына қарай оны іске асыруы сирек, оған осы мүмкіндіктерін табысты пайдаланатынын күрес, т.б. спорт түрлері, ауырлық көтеру сай келуі мүмкін. Мезоморф төзімді, дене бітімі шымыр реакциясы шапшаң, епті, дене күші мығым, оның спорттық мамандық таңдау ауқымы кең.
Әрине, соматикалық түрді бағалау бұл спорттық мамандық таңдаудағы мәселені алдын ала шешу жолы ғана. Даму ерекшеліктерін зерттеп, соматикалық түрді бағалаған соң жоғары дәрежелі спортшылардың үлгі сипатына көңіл аудару қажет. Нақты бағалау үшін негізгі интропометриялық мәліметтерді өлшейді. Дененің ұзындығы мен малмағын, аяқ – қол ұзындығын, дене диаметрін, көлемін. Бұл өлшеудің барлығы арнайы әдебиеттерде жазылған ортақ әдістерге сәйкес жүргізіледі. Алынған мәліметтер дененің үйлесімді бітімін бағалап, спорттық мамандықты дұрыс таңдағанына көз жеткізу үшін қажет.
Үйлесімділік түрлерін анықтау мынадай үш белгінің сәйкестігіне негізделген: аяқтың ұзындығы, кеуде бөлігінің ұзындығы, иықтың ені. Алғашқыда нұсқалар кеуде бөлігі ұзындығының бастапқы белгілерінің абсолюттік шамасы бойынша бағаланады. Кіші, орта, үлкен, сосын аяқ ұзындығының иық еніне қатысына қарай баға беріледі (дене үйлесіміне сәйкес). Дене үйлесімінің тоғыз түрі бар. Олар мынадай үйлесімдерді қарастырады.
І

  1. Аяғы қысқа, иық ені тар – арростоидты

  2. Иық ені орташа және кең – гипостифоидты

  3. Кең иықты – стифроидты.

ІІ
4)Алға орташа, иық ені тар – гипогормоноидты
5) Иық ені орташа кең – гормоноидты
6) Кең иықты – программоноидты
ІІІ
7) Аяғы ұзын, иық ені тар – тейнадты
8) Иық ені орташа кең – паратейноидты
9) Кең иықты – гигантоидты
Тиісті кестелерде сандық шектер берілген. Олар тұлғаның қандай да дене бітіміне жататынын анықтайды.Түрлі елдерде бір ғана принцпке құрылған түрлі жіктеулер қолданады. Сонымен, жеке сомкатикалық дамудың басқа да ипорттық қабілеттерді бағалау әдістерімен ұштастыра жүргізілген талдау спорт түрін таңдауға мүмкіндік береді.
Спорттық қабілеттерді анықтауда спорттық іріктеу нәтежесінде адамның құжаттағы емес биологиялық жасын ескеру қажет. Жасын анықтаушының негізгі әдісі – ойша бағалау , ал қыздарда – қосымша сұрақтар қою болып табылады. Биологиялық жасының негізгі көрсеткіштерінің бірі - жыныстық жетілу деңгейі, ол екінші жыныс белгілерінің дамуы арқылы анықталады.
Алынған мәліметтерге сәйкес жас спортшының биологиялық жасы анықталады. Түрлі аймақтар үшін құжаттағы жасының биологиялық жасына сай келмеуі +- 3 жылды құрайды.
Анторпометриялық әдістерді пайдаланып, балалар мен жасөспірімдердің спорттық қабілетін бағалау үшін ілімдік және іс – тәжірибелік дайындық қажет. Адамның жеке қабілеттерін анықтауда аталған амалдың үлкен маңызын ескерген түрлі елдердің ғалымдары балалар мен жасөспірімдердің спорттық қабілетін бағалау мен өлшеудің соматометриялық әдістемелерін жетілдіруді жалғастыруда.
Бақылау сұрақтары:
1. Үйлесімділік түрлерін анықтау белгілері.
2. Дене үйлесімінің түрілері.
3. Анторпометриялық әдістерді қандай жағдайларда қолданады?




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет