Сабақтың тақырыбы: Бұлшық ет қызметіне бейімделу. Ағзаның функциональды қорлары Сабақтың жоспары



бет34/66
Дата15.11.2022
өлшемі0,71 Mb.
#50288
түріСабақ
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66
Пайдаланған әдебиеттер:
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Лесбеков Р.Б. Алматы, 2007
Спорт физиологиясы. Оқу құралы. Смайл М. Талдықорған, 2008
Спорттық физиология. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы ТайжановС.Қ.2006
Спорттық физиологияның әдістері. Қазақ спорт және туризм академиясы. Әдістемелік құрал. Қарақов А.2007
Бұлшықет жиырылу механизмі. Қазақ спорт және туризм академиясы. Оқу құралы 2008
Спортивная физиология: Учебник для институтов физической культуры. Я.М.Коша, М.ФиС 2010
17 Лекция
Сабақтың тақырыбы: Спорттық ерекшеліктерді болжау.
Сабақтың жоспары:
1.Нағыз спортшының этолонын моделдеу.
2.Биологиялық жетілу қарқынын есепке алу.


Айқасқан тиімділіктер: бұл кезде резервті мүмкіншіліктердің деңгейі өседі. Денсаулықтың деңгейін өмір сүруді қамтамасыз ететін негізгі жүйелердің функциональды мүмкіншіліктері бойынша, не болмаса жүрек-тамыр және тыныс жүйелері арқылы өлшеуге болады деп тұжырымдайды. Оттегінің барынша қажеттілігінің деңгейі қаншалықты жоғары болса, оның көрсеткіші соншалықты маңызды болып, ағза қолайсыз факторларға қарсы тез бейімделеді. Ол денсаулықтың өлшемі болып табылады. Таңертеңгі гимнастиканы физиологиялық негіздеу. Ол бұлшық еттерден афферентті импульстер түсіп орталық жүйке жүйесін жандырады да, оның жұмыс қабілеттілігін шұғыл арттырады. Күнделікті шұғылдану тірек-қимыл аппаратына, жүрек-тамыр, тыныс жүйелеріне және ас қорыту мүшелеріне тиімділік жасайды. Таңертеңгі гимнастика ағзаны шынықтыруға тиімді ықпал етеді. Өндірістік гимнастика жұмыс басталар алдында кіріспе түрде өткізіледі. Ол орталық жүйке жүйесін қоздырып, қан айналым, тыныс алу қызметтерін көтеріп, ағзаны жұмысқа дайындайды. Статикалық бұлшық ет күші барынша зорланумен сипатталып, изометриялық жарылуда бұлшық етті дамытуы мүмкін. Бұлшық еттің орасан зор күші лабораторияолық жағдайда жүйкеге немесе бұлшық етке барлық бұлшық ет талшықтарын қоздыратын токпен әсер еткендей, ерекше күшпен анықталады. Физикалық машықтанған бұлшық еттердің массасы артады да, оның жұмыстық гипертрофиясы дамиды. Бұлшық ет гипертрофиясы саркоплазматикалық және миофибриллярлық болып екі тике бөлінеді. Бірінші типте саркоплазма көлемі біркелкі арта түседі де, мотохондрия сандары өсіп, қылтамыр саны көбейеді. Бұл типтегі гипертрофия төзімділік артады да, күш шамалы өзгереді. Адамның шапшаңдығы қозғалысты уақыттың қысқа мерзім ішінде орындау қабілетінен көрінеді. Ол қимылдық аппарат қызметінің ерекшеліктері мен қозғалысты нейрогуморалды реттеудің физиологиялық механизмдеріне, биомеханикалық факторларға байланысты ыдырау жылдамдығы мен АТФ, КФ ресинтезін және басқа қаржы – қайрат көздеріне, сондай-ақ адамдардың морфофункциональді ерекшеліктерін қамтамасыз ететін жылдамдық қарапайым және комплексті болып бөлінеді.Спорттық іс-әрекет оның тиімді тіршілігін қамтамассыз ететін базалық бөлімі және арнайы қызметтері болып бөлінеді. Базалық бөліміне жарыстар кіреді, арнайы қызметтерге кіретіндер: машықтану, спортшыларды іріктеп алу, төрешілік т.б. Жарыс өз алдына мақсаттар қояды, осы қызметтерді бір-ортақ мақсаттың шешімін табуға біріктіреді. Спорттың функционалдық құрылымы осының негізінде құрылған, және олар келесі бөлімдерге бөлінеді: спорттық жарыстар, жарыстардың тіршілігін қамтамассыз ету (ережелер, шарттар, жарыстардың күнтізбесі, төрешілер, ұйымдасырушылар), машықтану, спортшыларды іріктеп алу және резервтарды даярлау, ғылыми және әдістемелік қамтамассыз ету, арнайы кадрларды даярлау, материалдық-техникалық қамтамассыз ету, жарыстардың жүру барысы мен оны қамтамассыз ету қызметін ұйымдастыру және басқару. Спорт дегеніміз – таңдап алынған спорттың бір түрінде жоғарғы жетістіктерге қол жеткізуге бағытталған педагогикалық процесс. Спорт – жарыстарға негізделіп, олардан жеңімпаздар мен спорттық жетістіктер өндіруге бағытталған, тарихи заңдылықтармен қалыптасқан адам іс-әрекетінің бірі. Спорт қaзipгi заман структурасына кіреді. Оның маңыздылығы жан-жақты және барлық салаларды қамтиды. Спортқа деген көзқарас оқушылардың оқыту – әдістемелік қамтуына түрлі өзгерістер енгізе отыра дене шынықтыру білімінің өзекті мәселесін толық шешеді. Оқу-жаттықтыру консенциясы дәстүрлі сабақ берумен спорттық жаттығулардың принциптерін, түрлерін, әдістерін ішін ара ұштастыруда болып табылады. Зерттеу нәтижесінде спортшылардың бір жаттықтырушыдан екіншіге ауысуы 71,2%, әрі қарай жетілуіне жол бермейтін жаттықтырушының білімі мен тәжірибесінің төмендігінде. «Спортшыларды даярлау» түсінігі тек жоғарғы жетістіктер спорты мен спорттық резервтарды даярлауға ғана тән. Бұл спортшылардың жарыстық сайыстар барысында бар мүмкіндіктерін барынша пайдалануды қамтамассыз етуге бағытталған іс-шаралар кешені. «Спорттық ғұмырдың» барлық кезеңдеріне (әдетте, 10-20 жыл) жарыстарға қатысу мен оларға дайындықтың көптеген кезектілігі тән. Спортшыларды дайындау спортпен арнайы дайындалудан бастап жоғарғы жетістіктер спортына ауысқанға дейінгі (5-10 жыл спорттың әр түрінде) кезеңдерді қамтиды. Спортшы спорттың түріне қарай жоғарғы жетістіктер спортында 4 жылдан 10 жылға дейін айналысады. Спорттық дайындықтың көпжылдық кезеңі бір жағынан айналысушының жас ерекшелігіне, екінші жағынан – спорт түрінің ерекшеліктеріне байланысты, бірнеше кезеңдерге бөлінеді. Мысал ретінде спорттық ойындардағы көпжылдық дайындықтың кезеңдерін келтіруге болады. Бірінші кезең мыналарды қарастырады: спортқа деген қызығушылықты тәрбиелеу, балаларды спорттық ойындарға тарту, техника мен тактикаға бастапқы үйрету, ойын ережелеріне үйрету, ойын ерекшеліктерін есепке ала отырып жалпы дене қасиеттерін тәрбиелеу, жекелей және ұжыммен жарысқа түсе алу қасиетін қалыптастыру (мини-баскетбол, мини-волейбол т.б.). 11 жасқа дейін. Екінші кезең базалық технико-тактикалық және дене дайындығына арналған. Осы кезде ойындық функцияларға мамандауға негізделмеген, техника мен тақтиканың негіздері, спорттық ойындарда қолданылатын жарыстық қасиеттер қалыптасады. 12-14 жасқа дейін. Үшінші кезең арнайы дайындыққа бағытталған: технико-тактикалық, дене дайындығы, ойындық дайындық, жарыстық дайындық, ойындық функциялар бойынша мамандану элементтері кіргізіледі. 15-17 жасқа дейін. Төртінші кезең технико-тактикалық шеберлікті жетілдіруге, ойындық функциялар бойынша мамандануға, жоғарғы разрядты командалардың талаптарына бейімделуге арналған. 18-21 жасқа дейін. Бесінші кезең – жоғарғы жетістіктер спортты деңгейінде, биік спорттық нәтижелер көрсету кезеңі. 21-30 жас.Көрсетілген жас шектеулері белгілі бір деңгейде алынған, негізгі көрсеткіш – спорттық шеберліктің деңгейі. Сондықтан неғұрлым дайындықтары жоғары спортшылар, бекітілген талаптарды орындаған жағыдайда, ерте жас шақтарында келесі кезеңдерге өткізіле береді. Алтыншы кезең – спорттық ұзақ жасау, бұл кезеңде спортшы спортпен айналысуды жалғастырады және бұқаралық спортсаласында жарыстарға қатыса береді. Бұл жерде жас шағына шектеу қойылмайды.
Бақылау сұрақтары:

  1. Таңертеңгі гимнастиканы физиологиялық негізі

  2. Спорттың маңыздылығы қандай?

  3. Спорттық ойындардағы көпжылдық дайындықтың кезеңдері?



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   30   31   32   33   34   35   36   37   ...   66




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет