Сабақтың тақырыбы Болашақтың энергиясы. Оңашаланған айқындауыш Оқу бағдарламасына сәйкес оқыту мақсаттары



бет3/3
Дата02.04.2023
өлшемі45,05 Kb.
#78378
түріСабақ
1   2   3
Үйге: 160-бет
5-тапсырма



Сабақтағы өз іс-әркетіне байланысты рефлексия жасайды.
Сабақ сен күткендей өтті ме?
Не алдың?
Әлі де ...







Аннотация (аңдатпа) – кітаптың, топтама жинақтың, қолжазбаның мазмұнын оқырманға қысқаша баяндау. Аңдатпа - кітаптың, мақаланың мазмұнын, саяси-идеялық бағытын, құндылығын түсіндіретін қысқаша сипаттама.


Дүние жүзінде энергетикалық қуат көздерінің балама түрлерін пайдалануға деген бетбұрыстың басталғанына біраз болды. Ғалымдардың болжамынша, ХХІ ғасырдың ортасына қарай жаһандық энергетикалық баланстағы баламалы қуат көздерінің үлесі 30 % -ға дейін жетпек. Электр энергиясын тұтыну көлемі барған сайын артып барады. Ақиқатын айтсақ, жұмыр жер дәл қазір жаһандық энергетикалық апат алдында тұр. Ал, Еуроодақ балама энергетика үлесін 2020 жылдары - 20 % -ға, 2040 жылдары 40% -ға жеткізуді көздеп отыр. Қазақстанның да энергетикалық қуат шикізаттарына балама табу мәселесін күн тәртібіне батыл қойып отырғаны содан.


Қазақстан геотермальдық энергия көздеріне бай. Сарқылмайтын энергия көздерін жан басына шаққанда әлем мемлекеттерінің алдыңғы сапында. Қазақстанның климаттық жағдайы күн, жел, су ағынының энергиясын пайдалануға өте қолайлы болып табылады. Қалпына келтірілетін дәстүрлі емес энергия көздерінің ерекшелігі сол –қор көздері ешуақытта сарқылмайды, экологиялық жағынан да таза. Мәселен, соңғы отыз жыл ішінде жанғыш заттардың атмосфераны ластауы салдарынан жер шарында 15 мыңға жуық табиғат апаты тіркеліпті. Ал, баламалы энергия көздерін пайдалану табиғат байланыстарын бұзбайды.
1.Сөйлемдегі бір сөзді не сөздерді басқа сөзбен түсіндіріп тұратын сөздер қалай аталады?
А.Анықтауыш В.Бірыңғай мүше С.Жалпылауыш мүше Д. Айқындауыш мүше
2. Айқындауыштың неше мағыналық түрі бар? А.1 В.2 С.3 Д. 4
3. Ол сырын досына, Айнұрға,айтты. Сөйлемдегі айқындауыш мүше қай сөйлем мүшесі? А.Бастауыш В.Анықтауыш С.Толықтауыш Д. Пысықтауыш
4.Оңашаланған айқындауышқа қандай тыныс белгісі қойылады? А.Үтір В.Сұрақ белгісі С.Дефис Д.Нүктелі үтір
5. Ақынның пәтер-мұражайы ашылды. Айқындауыш қай сөлем мүшесі? А.Бастауыш В.Баяндауыш С.Анықтауыш Д.Толықтауыш
6.Сақина мұнда сандықшада жатыр екен. Қай сөз айқындауыш? А.Сақина В.Мұнда С. Сандықшада Д. Жатыр екен
7. Қай сөз айқындауыш болады? А.Ата-ана В.Бала-шаға С. Тілші-ғалым Д. Салт-сана
8.Қай сөйлемде айқындауышқа қатысты үтір дұрыс қойылған? А. Кітабымды, «Гауһар тасты» досыма сыйладым. В. Кітабымды «Гауһар тасты», досыма сыйладым. С. Кітабымды «Гауһар тасты» досыма, сыйладым. Д. Кітабымды, «Гауһар тасты», досыма сыйладым.
9.Жақия ақсақалмен дойбы ойнаймын. Айқындауыш қай сөйлем мүшесі? А.Бастауыш В.Анықтауыш С.Толықтауыш Д.Пысықтауыш
10. Қай сөйлемде айқындауыш бар? А.Әли де, Саят та келді. В.Жұмаш, бері келші. С. Меніңше, сенің айтқаның дұрыс. Д.Біз, балалар, Қымбатқа еліктейміз.

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет