Сабақтың тақырыбы Дүниежүзі аймақтарының табиғи ресурстық әлеуеті



бет9/16
Дата13.02.2023
өлшемі0,49 Mb.
#67578
түріСабақ
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16
Тілдік дағдылар: тыңдалым, оқылым, айтылым, жазылым.
Терминология: пәнге қатысты арнайы лексика және терминдер.
Сөз тіркестері: Диалогқа түсіретін сөз тіркестері.
Осы жерде «тілдік дағдылар» ұғымына тоқталып кетейік. Әдістемелік нұсқаулық хатта тілдік дағдылар «сөйлеу әрекетінің түрлері» деп аталып, былайша түсіндіріледі:
«Тыңдалым арқылы коммуникация (тыңдалым). Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға қатысты айтылған ауызша пікірлердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты бөліп алу; сөйлеушінің пікірін түсіну; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; түрлі стратегияларды қолдану арқылы білім алушылардың деңгейіне сәйкес келетін әртүрлі мәтіндердің мазмұнын қабылдау және түсіну: тыңдалған мәтіннің негізгі мазмұнын түсіну, таныс сөздерге, фразаларға және сөйлемдерге сүйенумен қажетті/нақты ақпаратты, мәтіннің бөліктерін таңдау және түсіну.
Жазылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптарға байланысты жазбаша жұмыстарды жоспарлау, жазу, редакциялау және түзету; нақты және ойдан шығарылған оқиғалар туралы жаза білу, оқылғаны туралы сыни пікірлер беру білігі; орфографиялық және грамматикалық қателер жібермей барынша сауатты жазу; белгілі стильді ұстану; түрлі байланыстырушы сөздерді қолдану арқылы параграфтағы сөйлемдерді байланыстыру.
Оқылым арқылы коммуникация. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы әдеби және ғылыми мәтіндердің негізгі мазмұнын түсіну және олардан негізгі ақпаратты белгілеу, ақпаратты іздеудің түрлі стратегияларын қолдану; мәнмәтін бойынша сөздердің мағынасын анықтау; автордың қарым-қатынасын және пікірін түсіну; сөздердің мәнін тексеру және оқығанды терең түсіну үшін қағаз және электронды тасымалдағыштардағы түрлі дереккөздерді қолдану.
Айтылым. Оқу бағдарламасы аясындағы түрлі тақырыптардағы сұхбаттасу барысында ресми және ауызша сөйлесу стильдерін қолдану; қажетті ақпаратты алу үшін неғұрлым күрделі сұрақтар қоя білу білігі; өз пікірін айту; күтпеген түсінікке жауап беру; тапсырманы орындау барысында құрдастарымен қарым-қатынас жасау; арнайы лексиканы сауатты пайдалану; хикаялар мен оқиғаларды мазмұндау» (2017-2018 оқу жылында Қазақстан Республикасының жалпы орта білім беретін ұйымдарында оқу процесін ұйымдастырудың ерекшеліктері туралы: Әдістемелік нұсқау хат. – Астана: Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясы, 2017, 27-28 б.).
1-сынып математикасының «Геометриялық фигуралар және олардың жіктелуі» 3.1 бөлімшесі бойынша тілдік мақсаттары оқу жоспарлары былай келтіреді: «Оқушылар сипаттарына сәйкес заттарды көптің қатарына қосуды талқылап, түсіндіре алады».
Бұл мынандай арнайы лексика және терминдерді қолдануды талап етеді: «сол жақта, оң жақта, үстінде, астында, артында, алдында, арасында, үстінде; нүкте, түзу, сәуле, кесінді; себебі, критерийлер, ерекшеліктері, сипаттары; кеңістік фигуралары, үш өлшемді форма, шар, цилиндр, конус, пирамида, призма, куб; жазық геометриялық фигуралар, екі өлшемді форма, үшбұрыш, шеңбер, квадрат, тікбұрыш; нүкте, түзу, қисық және сынық сызықтар, тұйықталған және тұйықталмаған сызықтар, ауқым және шекара; біріктіру, алып тастау».
Талқылауды табысты түрде жүзеге асыру үшін оқушыларға мынадай сұрақтар қою керек: «Неліктен оларды бірге топтастыру керек? Бұл фигуралардың ортақ сипаттары қандай? Бұл фигураларды қайда қолданған едіңдер? Неліктен екендігін айта аласыңдар ма? ... квадрат, ал ... емес пе? Біз .. тікбұрышты дәптерлерді қолданамыз ба?»
Жазуда мынандай тапсырмаларды беруге болады: «Сынып бөлмесіндегі қандай жазық фигураларды тауып, атайсыңдар. Бір сипат бойынша өздерің таңдаған ойыншықтарды атаңдар. Салған суреттеріңде фигуралардың атауларын белгілеңдер» (28 б.).
Сонымен әр сабақта тілдік мақсаттарды айқындап, оларды жүзеге асыру арқылы оқушылардың ойлауы мен санасын дамытып, қарым-қатынас жасау дағдыларын жақсартып, оларда елестету, өзіндік ой қалыптастыру, мазмұндық мәселелерді талқылау, талдау, суреттеу, түсіндіру және болжау біліктіліктерін арттыратындығы сөзсіз.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   ...   16




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет