Сабақтың тақырыбы: Еңбек ер атандырады. Бөлім



бет2/7
Дата03.12.2023
өлшемі1,28 Mb.
#133295
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7
Мәтіналды жұмыс. жаңа сөздермен таныстыру, аудармасын айту, оқу, оқушыларға оқыту, сөз тіркесін құрастыру, сөйлем құрастыру.
Қызметші – рабочий Жекпе-жек – поединок Қарсыластар – соперники
Жарыстар – соревнования Атақ – звание Жеңіліс – поражение Табыс табу – зарабатывать Кейіпкерлер – герои Кедей – бедный көшіп-қону – переезжать жастйынан – с ренних лет жасыру – прятать тиын-тебенге – за копейки құптамаған – не поддержал сазайын тартқызған - наказывал


Мәтінмен жұмыс.
Әр жұпқа өзінің жеке мәтіні беріледі. Бірақ кімге қандай мәтін түскеінін білу үшін алдарыдағы мақалдарды дұрыс құрасырып, артық сөздерді алып тастау керек. Сонда мәтін тақырыбы шығады.
Мақалдар беріледі 1. Еңбекпен келген нан тәтті (Артық сөздер: жаман, ащы, жалқау)
2. Тасты тас қозғалтады (Артық сөздер: итереді, су, қолға) Дұрыс мақал артынан мәтін тақырыбы шығады
Мәтін таратылады


1-мәтін Генадий Головкин
Генадий қарапайым отбасынан шыққан қарапайым бала. Әкесі – шахтер, анасы - химиялық зертхана қызметшісі болған. Бокспен 8 жасынан айналыса бастаған. Өзінің алғашқы жекпе-жекке Головкин 11 жасында түсті. Онда ол өзінен 2 – 4 жас үлкен қарсыластарын жеңіп шықты. Бұдан кейін ол облыстық, мемлекеттік және халықаралық бокстан жарыстарға үміткер болып қатыса бастады. 2003 жылы 21 жасында алғаш рет әлем чемпионы атағына ие болады.Осы уақытқа дейін Генадий Головкин өзінің қатысқан 350 жекпе-жегінде тек 5 рет қана жеңіліске ұшыраған болатын. Ол он екі айда 25 миллион доллар (қазіргі бағаммен шамамен — 9 миллиард 100 миллион теңге: айына шамамен — 758,3 миллион теңге) табыс табады екен.
2-мәтін Уолт Дисней
Әлемнің барлық балалары сүйіп көретін Микки Маус пен Дональд Дак, одан басқа 200-ден аса кейіпкерлердің әкесі, мультипликатор Уолт Дисней (1901-1966жж) кедей отбасында дүниеге келген. Күнкөріс қамымен көшіп-қонып жүрген отбасына көмектесу үшін Уолт жастайынан жұмыс істейді. Күнделікті газет таратып, әкесіне көмектеседі, түнде әке-шешесінен жасырып, түрлі сурет пен комикстер салып, тиын-тебенге көршілеріне сатқан. Бұл оның ең сүйікті ісі еді. Алайда баласының қызығушылығын құптамаған әкесі оның қайдағы бір суреттерді салумен уақытын босқа өткізгені үшін сазайын тартқызған кездері аз болмаған. Оның алғашқы анимациялық фильмі 1924 жылы «Алиса в стране чудес» ертегесінің үзіндісіне түсірілген.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет