Сабақтың тақырыбы "Шұғаның белгісі" хикаятының тақырыбы мен идеясы Оқу мақсаттары



бет16/39
Дата06.12.2022
өлшемі343,57 Kb.
#55416
түріСабақ
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39
ІV. БДІ тексеру.
Қорытындылау.



  • Пікір алмасу дегеніміз не?

  • Пікір алмасу қалай жүзеге асады?

  • Пікір алмасудың мәдени талабы қандай?

  • Пікір алмасу үстінде жиі көрініс беретін қолайсыз нәрсе Айналым парақшасын толтыру.

V . Бекіту
Постер қорғау
Қосымша сұрақтарға жауап беру

Мерзмі:9.11


№9 Эсседегі негізгі ой және позиция
Сабақ мақсаты:
А) білімділік Эсседегі негізгі идея және позиция туралы білім қалыптастыру;
Ә) тәрбиелік: отаншылдыққа, экономикалық-экологиялық мәдениеттілікке тәрбиелеу;
Б) дамытушылық: дүниетаным, ой-өрісін, өздік жұмыс жасау дағдыларын арттыру;
Сабақ түрі: лекция
Құрал-жабдықтар:, кітаптар, суреттер

Жаңа сабақ




Эссе – бұл еркін композицияға құрылған, көлемі шағын прозалық шығарма. Нақты бір мәселеге байланысты адамның жеке әсерін және түсінігін білдіретін, сонымен қатар, пәнді анықтайтын трактовканы беруге тырыспайтын туынды. Л.П. Крысинның "Толковый словарь иноязычных слов" деген еңбегінде эссе "жүйеленген ғылыми түрде емес, еркін үлгіде қандай да бір мәселені сөз ететін очерк» деп берілген. Ол – ауызекі сөйлеу тіліне бағытталған, ерікті түрде , көбінде пародаксалды мазмұндалатын автордың дара ұстанымын танытатын проза түріндегі философиялық, әдеби-сын, тарихи-библиографиялық, публицистикалық жанр.
" Әдебиеттің қысқаша энцикпедиясында" («Краткая литературная энциклопедия»): "Эссе – бұл жеке тақырыпты түсіндіретін және соған байланысты әсері мен түсінігін беруге тырысатын шағын көлемді және еркін композициялы прозалық шығарма»,-деп берілген.
Эссе соңғы жылдары танымал бола бастады. Бұл жанрды қалыптастырушы ретінде М.Монтень ("Опыты", 1580 г.) саналады. Бүгінгі таңда эссе жиі қолданылатын тапсырма түрі ретінде ұсынылады. Ол құжат пакеттерінің негізгі компоненттерінің бірі (оқу орнына түскенде немесе жұмысқа орналасқанда) болып табылады. Эссе байқауы көпшіліктің ішінен ең үздігін таңдап алуға көмектеседі [1,41].
Эссе жазу жас мамандар үшін де маңызды. Себебі, кандидат өзін қалай көрсеткені, өз жетістіктері мен жеңіліс тапқан сәттерін қалай суреттегені жұмыс берушіге немесе байқауға қатысушыны бағалауға, оның компания үшін қандай пайда әкелетінін анықтауға мүмкіндік тудырады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   12   13   14   15   16   17   18   19   ...   39




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет