Садырова М. С


Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудегі стратификациялық



Pdf көрінісі
бет39/72
Дата16.07.2023
өлшемі1,08 Mb.
#104416
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72
Қоғамның әлеуметтік құрылымын зерттеудегі стратификациялық 
көзқарастар 
Қазіргі социологияда көбірек көңіл әлеуметтік стратификация деген
ұғымға бөлінеді. Оның себептері бар. Біріншіден, бұл XX ғасырда 
қалыптасқан жаңа теория, екіншіден, қазіргі дүниеде басымырақ орын
алып отырған процесс, ол топтарға бөліну, яғни жіктеу процесі.
Әлеуметтік стратификация деген теорияның негізгі ұғымы «страта». 
Кейбір зерттеушілер әлеуметтік құрылымды әлеуметтік стратификациямен 
теңдестіріп те қарайды. Өте жақын болғанменде негізінде бұлар
өзгешеліктері бар ұғымдар. Әлеуметтік стратификация дегенде біз
қоғамдағы болып жатқан жіктеу, яғни ажырату процесін қарастырамыз.
Әлеуметтік стратификация дегеніміз қоғамды топтарға, таптарға, стратарға
бөлу, ажырату, олардың ара қатынастарын іздестіру. Әлеуметтік
стратификация деген ұғым қоғамдағы айырмашылықтарға, ажыратуларға,
қайшылықтарға басты назар аударса, ал әлеуметтік құрылым қоғамның
тұтастығына, оның интегративтік процестеріне көбірек көңіл бөледі.
Әлеуметтік құрылымға байланысты толып жатқан теориялық,
ғылыми мәселелер бар. Осы мәселелерді біз ірі социологтардың
еңбектерінен табамыз. Социология ғылымының өзі жеке ғылым ретінде XIX 
ғасырда пайда болды. Оның негізін салушылар К. Маркс, О. Конт, М. 
Вебер, Э. Дюркгейм, П. Сорокин сияқты ірі социологтар. Сондықтанда біз
осы айтылған ғылымдардың көзқарастарына аздап тоқталғанды жөн
көрдік.
Маркстың әлеуметтік құрылым туралы туралы көзқарасы 
К.Маркс әлеуметтік құрылым туралы көптеген зерттеулер жүргізген
ірі ғалым. XIX ғасырда әлеуметтік стратификациялау теориясының ірге 
тасын қалаушылардың бірі десек те болады. К. Маркстың түсіндіруінде адам 
тарихында бес типті қоғам орын алады. Олар: алғашқы адамдар қоғамы,
құл иеленушілік қоғам, феодализм, капитализм және ең соңғы қоғам – 
коммунизм. Осы қоғамдарды К. Маркс қоғамдық – экономикалық 
формациялар деп атаған. Әрбір қоғамның, не болмаса формацияның өзіне
тән, сәйкес әлеуметтік құрылымы болады. Қоғамның әлеуметтік құрылымы 
К.Маркстың түсінідіруінде ол әлеуметтік топтардың жиынтығы және 
олардың ара қатынастары, байланыстары. Осы қатынастар, байланыстар 
маркстік көзқарас бойынша шешуші, айрықша роль атқарады. Әлеуметтік 
құрылымның ішінде ең маңыздысы таптар. Таптық қоғам қанаушылық


орын алатын қоғамнан басталады. Таптық қоғамдар деп марксизмде құл 
иеленушілік, феодалдық және капиталистік қоғамдарды атайды. Ал
алғашқы адамдар қоғамында тап сияқты топтар болмаған, демек ол қоғамда 
қанаушылық та орын алмаған. Тап деп аталатын әлеуметтік топ
коммунистік қоғамда жойылады. Коммунизм – бұл тапсыз қоғам. К. 
Маркстың нақты және терең зерттеген қоғамы капиталистік қоғам, оның
әлеуметтік - таптық құрылымы. Маркстік теория бойынша әрбір
қанаушылық қоғамда екі тап елеулі орын алады. Осы таптарды К. Маркс 
негізгі таптар деп қараған. Мысалы, құл иеленуші қоғамда құлдар мен құл 
иелері, феодалдық қоғамда – феодалдар мен шаруалар, капитализмде - 
буржуазия мен пролетариат. Осы таптардың арасында тап күресі үздіксіз
жүріп отырады. Соның салдарында бір тап жеңіліп екінші тап жеңіске 
жетеді, ал кейде күреске қатынасқан таптардың бәрі де жеңіледі, жеңіске 
басқа бір жаңа тап ие болады. Бұл тап күресінің заңдылығы, бұл
заңдылық барлық елдерде орын алады делінген. Каптализм қоғамында
пролетариат буржуазияға қарсы тап күресін жүргізу нәтижесінде,
пролетарлық революция арқылы жеңіске жетеді. Сол кезден бастап
капитализм құлай бастайды, социализм орнатылады. Бұл кезеңді К. 
Маркс пролетариат диктатурасы деп атаған. Бірақ та, пролетариат
диктатурасы әліде таптық қоғам, ол тек коммунитсік қоғамның
бастамасы. Сондықтан да бұл қоғамда белгілі бір мерзімге дейін тап
күресі орын алады. Ал одан әрі социализм дамыған кезеңінде тап
күресі жойылады, әрі қарай дамуда коммунизм дәуірінде таптар
жойылып, тапсыз қоғам орнайды. Тап күресі қоғамның қозғаушы
күші. Осындай күрес тек қана таптар жойылған кездерде
тоқтатылады. Сонымен тап күресі заңдылық, таптар бар жерде күрес
орын алады. Тап күресі экономикалық, саяси және т.б. формаларда жүріп
отырады. Негізгі күрес байлар мен кедейлер арасында орын алады.
Осындай күрес Грецияда және құл иеленушілік Римде орын алса, жаңа
заманда, XIX ғасырда, барлық капиталистік деген елдерде орын алады. 
Капитализм дамыған сайын тап күресі үдей түседі. Күресуші таптардың 
арасында, яғни пролетариат пен буржуазияның арасында, ешқашанда 
ымырашылдық, келісім болуы мүмкін емес. Тап күресінің ең жоғарғы 
шыңы – революция. Революция арқылы буржуазияның экономикалық,
саяси және идеологиялық үстемдігі жойылып, пролетариат үстемдігі 
орнатылады. Буржуазия тап ретінде азғындай береді, капитализмнің
дағдарыстарында өзінің прогресшіл қасиеттерінің бәрінен айрылады,
реакцияшыл тапқа айналады.
Капитализм, өзінің империализм деген сатысында, өте реакцияшыл
қоғамға айналады. К. Маркстың әлеуметтік стратификация туралы
концепцисының негізгі принциптері осындай деуге болады. Осы
концепцияны Ресей большевиктері басшылыққа ала отырып 1917 жылы
саяси төңкеріс, не социалистік революция деп аталатын істі
ұйымдастырады. Ресейде социализм тарихы басталады. Ол тарих 74 
жылға созылды.


К. Маркстың әлеуметтік, таптық құрылым туралы концепциясының
көптеген позитивтік және негативтік жақтары да бар. К. Маркстың
әлеуметтік құрылым, әлеуметтік стратификация туралы теориясы
тарихта орын алып келе жатқан теориялардың, концепциялардың бірі
деп қарастыруымыз қажет. Ол теорияның өзіндік дұрыс жақтары аз емес.
Мысалы, адам тарихында орын алып келе жатқан бай тап пен кедейлер
табының арасындағы тап күресін ешкімде бекерге шығара алмайды.
Тарихта орын алған, алып келе жатқан теориялардың,
концепциялардың, көзқарастардың бірінің де жетіспейтін жақтары бар.
Ақиқаттың ең соңғысы болған ғылыми көзқарас болған емес, болуы 
мүмкін емес. Осы тұрғыдан алғанда маркстік көзқарастың да кемшілігі
аз емес.
Біріншіден, тап күресі міндетті түрде пролетариат диктатурасына әкеліп
соқтырады деген К. Маркстың тұжырымы практика жүзінде
дәлелденеді.
Екіншіден, тап күресі қоғамның қозғаушы күші деген тезистерде
барлық жағдайда дұрыс емес екендігі тарихтан белгілі болды. Тап
күресін абсолюттік деп есептеп, ол таптық қоғамдарда осы күрес
шиеленесе береді деген тұжырым да дәлеледеніп отыр. Қазіргі дүние
жүзіндегі дамыған елдер таптық қоғамдар. Бірақта, сол елдерде барған
сайын тап күресінің өрши түсуі іс жүзінде орын алып отырған жоқ.
Керісінше, XX ғасыр аяғында бұл елдерде тап күресі деп аталатын
құбылыстар өте сирек кездесетін болды. Әрине, әрбір елде, қазіргі кезеңде, 
әлеуметтік қақтығыстар, қарама-қайшылықтар, т.б. құбылыстар жиі кездесіп 
отырады. 
Осының 
бірі, 
мысалы, 
терроризм. 
Бірақта, 
осындай
қақтығыстарды, шиеленістерді тап күресі деп айтуға біздің дәлеліміз 
жоқ.
Үшіншіден, маркстік теорияда күштеу мәселесі маңызды орын
алады. Осыны революция деп атайды. Маркстік теорияның өзі де 
революционерлердің мусологиясы. Ал шын мәнісінде қоғам дамуында,
адам тарихында көштеу ісі, яғни көшпен шешу ісі әрине белгілі орын
алып келуде. Бірақ та, осы көштеу теориясын өте жоғары көтеру, біздің
ойымызша аса дұрыс шешім деуге болмайды. Өзекті мәселелерді
реформалар арқылы шешкен қоғам өшін әрине тиімді болар еді. Барлық 
әлеуметтік құбылыстардың дамуындағы экономиканың негіз қалаушы рөлі 
туралы өзінің негізгі тезисін ұстана отырып,
 
Карл Маркс таптардың барлық 
негізгі сипаттамаларына сүйеніп, өзінің әлеуметтік қабаттану үлгісінің 
негізіне өндірістік қатынастарды алған. К.Маркс экономикалық ұйымның кез 
келген түрінде өндіріс құрал-жабдықтарына ие үстем тап және үстем тапқа 
қызмет ететін тап бар деп сендіреді. Ол сол сияқты люмпендердің - қоғамнан 
толық шығып қалған адамдардың болатынын да ескерген.
К. Маркс XIX ғасырдың ұлы ғалымы. Бірақ та, XX ғасырда көптеген 
дөниеде ірі өзгерістер болды. Сондықтанда К.Маркстың теориясының біраз 
принциптері, заман өзгерісіне байланысты ескіріңкіреп кетті.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   35   36   37   38   39   40   41   42   ...   72




©emirsaba.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет